Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

3.3. Инвестиция функциясы

Егер жиынтық сұраныстың бірінші құраушы ретінде тұтыну шығындары салыстырмалы тұрақты болса, онда екінші құраушы – инвестиция керісінше, өзгермелі.

Инвестиция – бұл пайда табу мақсатында мемлекеттік немесе жеке капиталдың ел экономикасына немесе шетел экономикасының әр түрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.

Инвестициялардың негізгі түрлері:

  1. Өндірістік инвестициялар (ғимараттар, құралдар).

  2. Тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар (шикізаттар, материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнімдер).

  3. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Инвестицияны жалпы және таза деп бөледі.

Жалпы (брутто) инвестиция – ескі құралдарды алмастыруға және өндірісті кеңейтуге арналған капитал.

Таза (нетто) инвестиция – бұл жалпы инвестициядан негізгі капиталдың амартизациясын шегергенде қалатын капитал.

Инвестицияға сұраныс қисығы пайыз мөлшерлемесінің әртүрлі деңгейінде салуға мүмкін болатын инвестиция көлемін көрсетеді. 15-ші суреттен көріп отырғандай пайыз мөлшерлемесі мен инвестиция көлемі арасында кері байланыс бар.

Пайыз мөлшерлемесі

I d

Инвестицияға шығындар

15-сурет Инвестицияға сұраныс қисығы

Пайыз мөлшерлемесінен басқа инвестицияға төмендегідей факторлар әсер етеді:

1.Техникалық құрылғылар мен оларды пайдалануға шығындар.

2. Салық салу деңгейі. (16-сурет).

Пайыз мөлшерлемесі

Id I’d

Инвестицияға шығындар

16-сурет Инвестицияға сұраныс қисығының жылжуы

3. Технологиядағы өзгерістер.

4. Тауар қорларының болуы.

5. Кәсіпкерлердің болашақты күтуі.

Сондай-ақ мұнда басқа да сыртқы факторлардың өзгеруін ескеру қажет. Оларға ішкі саяси жағдай, халықаралық қатынастар, демографиялық және табиғи климат жағдайлары, қор биржасындағы жағдай, т.б. жатады

Инвестицияның экономикалық өсуге, өндірістің циклдық дамуына әсері және керісінше, ұлттық табыс өсімінің инвестицияға әсері инвестицияны бірнеше түрге бөлуге ықпал етеді. Таза инвестицияны екі түрге бөледі:

1. Автономды (тәуелсіз) – ұлттық табыстың өзгерісіне байланысты емес, тұрақты инвестиция.

2. Индуцирлі (тәуелді) – ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты инвестиция: Iи = f (∆Ү) (17-сурет).

I

Y

17-сурет Автономды және индуцирлі инвестициялар

Инвестицияның жиынтық сұранысқа (ұлттық табысқа) әсерін мультипликатор және акселератор әсерлері негізінде зерттеуге болады .

Мультипликатор – көбейткіш (multiplico), нақтырақ айтқанда, мультипликатор – бұл қолда бар күрделі қаржының (инвестицияның) өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.

Мультипликатор әсерін былайша көрсетуге болады:

I ↑, => N↑, => Y↑, => C↑,

яғни, инвестиция өскен сайын жұмысбастылық өседі, одан кейін табыс және тұтыну көбейеді.

Сонымен инвестициялық мультипликатор бұл – табыс өзгерісінің инвестициялық шығындар өзгерісіне тәуелділігін көрсететін сандық коэффициент.: ∆Y = М х ∆ I,

мұндағы ∆Y – табыс өсімі; ∆ I – инвестиция өсімі; М – мультипликатор.

М = ∆Y/∆ I.

Мультипликатор тұтынуға шекті бейімділікке (МРС) тікелей тәуелділікте және қор жинағына шекті бейімділікке (МРS) кері тәуелділікте болатынына байланысты өрнек мынадай түрге келеді:

1 1 M = ——--- = ----------

1 – MPC MPS

Инвестиция өзгерісі мен табыс өзгерісі арасындағы тәуелділікті мынадай мысалдан көруге болады.

Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюіне байланысты ұлттық табыстың өсуін (еселенуін) қарастырса, акселератор дайын өнімге сұраныс өсімінің инвестициялық шығындар өсіміне қатынасын білдіреді, яғни ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді. Өз кезегінде бұл құбылыс барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Сөйтіп экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады.

Акселерация прнципінің мағынасы: тұтыну шығындарының өсуі несмесе қысқаруы капиталдың қорлануына әсер етеді