Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы

Классикалық макроэкономиканың теория ең алдымен Сэй заңының «тауар ұсынысы өзінің жеке сұранысын қалыптастырады» деген тұжырымдамасына негізделді, яғни ол заң бойынша өндірілген өнім автоматты түрде табысты қамтамасыз етеді.

Классиктердің макроэкономикалық талдаулары жалақы, баға, пайыз мөлшерлемесі сияқты өзгермелілерге сүйенді. Мұндай икемді өзгермелілер тауарлар рыногінде, еңбек рыногінде, ақша рыногінде тепе-теңдікті автоматты түрде қамтамасыз етіп отырады.

Сонымен классиктердің теориясы бойынша экономика мемлекеттің араласуынсыз өздігінен реттеліп, рыноктік тепе-теңдік қалыпты орнап отырады.

Алайда классикалық теориясының 30-шы жылдардағы капиталистік елдерде ұзақ уақыт болған «Ұлы депрессия» құбылысына түсініктеме беруге қабілеті болмады.

Сөйтіп 1936 жылы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс өзінің жаңа макроэкономикалық идеяларын ұсынды. Ол Сэй заңына келіспеушілік білдіріп былай деді: кейбір кезеңде жеке тұлғалар табысының барлығын өндірілген өнімге толық жұмсамауы мүмкін, нәтижесінде қоймаларда сатылмай қалған тауар қорлары жиналады. Соған байланысты өндірушілер өндірісті қысқартуға мәжбүр болады, нәтижесінде экономика құлдырай бастайды.

Өзінің пайымдауларында Кейнс Сэй заңындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы себеп-салдар байланысының бағытын өзгертті, нақтырақ айтқанда: «жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысты тудырады». Оның мағынасы: «сұраныс бар тауар өндіру керек». Сондықтан да Кейнс теориясы «тиімді сұраныс теориясы» деп аталады..

3.2. Тұтыну және қор жинағы

Макродеңгейдегі тұтынушы таңдауы экономикалық субъектінің өз табысын бөлудегі шешіміне байланысты: қандай бөлігін бүгін жұмсау қажет, ал қаншасын болашаққа сақтап қою керек.

Тұтынудың әртүрлі теориялары қалыптасқан. Дж.Кейнс тұжырымдамасы бойынша тұтынудың көлемі мен құрылымын қолда қалатын табыс анықтайды. Мұндағы қолда қалатын табыс Yd = (Y – T), яғни табыс минус салықтар.

Тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = С (Y – T), мұнда: C – тұтыну шығындары; Y – жеке табыс; T – салықтар.

Кейнстің классикалық мектеп өкілдерінен айырмашылығы, оның ойынша адамдардың өз табыстарын тұтыну мен қор жинағына бөлуі пайыз мөлшерлемесіне емес олардың талғамына байланысты. Осы тұжырымдама негізінде Кейнс адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін негізгі психологиялық заңды ашты. Ол заң бойынша: «адамдар табыстары өскен сайын тұтынуды көбейтуге бейім, бірақ оның көлемі өскен табыстың көлеміндей болмайды». (Кейнс Дж.М. Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы. М.: Прогресс, 1978г. 157 бет). Яғни табыс өскен сайын тұтынуға бейімділік төмендейді, ал қор жинағына бейімділік артады. Тұтыну мен қор жинағы функциялары 13-суретте берілген.

Психологиялық фактор тұтынуға шекті бейімділік пен тұтынуға орташа бейімділік негізінде қарастырылады.

Тұтынуға шекті бейімділік (MPC) – қолдағы табыстың қосымша бірлігінің тұтынуға жұмсалатын бөлігі (пайызбен),

MPC = ∆C/∆Yd,

мұнда: MPC – тұтынуға шекті бейімділік;

∆C – тұтыну көлемінің өзгерісі;

∆Yd – қолда қалатын табыс өзгерісі.

Тұтынуға орташа бейімділік (APC) – жалпы табыстың тұтынуға жұмсалатын бөлігі (пайызбен),

APC = C/Yd,

мұнда: APC – тұтынуға орташа бейімділік;

C – тұтыну шығындарының көлемі;

Yd – қолда қалатын табыс көлемі.

Қор жинағына шекті бейімділік (MPS) – қолдағы табыстың қосымша бірлігінің қор жинағына жұмсалатын бөлігі (пайызбен),

MPS = ∆S/∆Yd,

мұнда: MP S – қор жинағына шекті бейімділік;

∆S – қор жинағының өзгерісі;

∆Yd – қолда қалатын табыс өзгерісі.

Қор жинағына орташа бейімділік (APS) – жалпы табыстың қор жинағына жұмсалатын бөлігі (пайызбен)

AP S = S/ Yd,

мұнда: APS – қор жинағына орташа бейімділік;

S – қор жинағының көлемі;

Yd – қолда қалатын табыс.

Тұтынуға шекті бейімділік пен қор жинағына шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға және қаншасы қор жинағына жұмсалатынын көрсетеді. Сондықтан олардың қосындысы 1-ге тең болады: MPC + MP S = 1.

Тұтыну мен қор жинағы функциялары оң көлбеулі орналасады. Егер қолда бар табыс пен тұтыну шығындары тең болса, онда тұтыну қисығы 45 градуста болады. Нақты өмірде табыстың бір бөлігі қор жинағына жұмсалуы мүмкін. Сондықтан тұтыну қисығы одан төмен орналасады.

Тұтыну мен қор жинағы бір табыстың екі бөлігін құрайтындықтан қор жинағының қисығын тұтыну қисығының «айнадағы көрінісі» ретінде қарастыруға болады. Табыс Үо-ден төмен болғанда (Е нүктесінің сол жағы) тұтыну қолда бар табыстан артады. Төменгі графикте бұл жағдай «теріс қор жинағына» сәйкес келеді. Е нүктесінде тұтыну мен табыс теңеседі, қор жинағы нөлге тең.

Табыс Үо-ден жоғары болғанда (Е нүктесінің оң жағы) тұтыну қолда бар табыстан төмен болады. Бұл жағдайда табыстың бір бөлігін сақтап қоюға мүмкіндік туады.

С

Е С

С 0

0 Үо Ү

S

Е

0 + Үо Ү

-

14-сурет Тұтыну мен қор жинағы функциялары

Тұтыну және қор жинағына әсер ететін негізгі фактор табыс көлемі.

Табыс деңгейі өзгергенде тұтыну мен қор жинағының өзгерісі С және S қисықтарының бойында орналасады.

Тұтыну және қор жинағы қисықтарының оңға (төмен) немесе солға (жоғары) жылжуына әсер ететін факторлар:

1. Үй шаруашылығында жиналған байлық.

2. Баға деңгейі.

3. Болашақты күту.

4. Тұтынушы қарыздарының көлемі.

5. Салық салу деңгейі.

Сонымен тұтыну функциясының Кейнстік өрнегі: С = а + в (Y-T)

мұнда: а – автономды тұтыну (қолда бар табысқа байланысты емес);

в – тұтынуға шекті бейімділік.

Қор жинағының қарапайым функциясы:

S = - a + ( 1 – b ) (Y – T),

мұнда: S – жеке меншік сектордағы қор жинағы;

(1 – в) – қор жинағына шекті бейімділік.

Кейнстің теориясы 1942 жылы 1929-1941 жылдардағы статистикалық деректерде тексерілді. Осы мәліметтер негізінде алынған тұтыну функциясы былайша көрініс тапты:

С = 47,6 + 0,73 (Y – T).

Ғалымдардың зерттеулері бойынша бұл өрнек тек қысқа мерзім кезеңіне сәйкес келді.

1946 жылы американ экономисі Сайман Кузнец 1869-1940 жылдардағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: ұзақ мерзім кезеңінде табыс өскенде тұтынуға орташа бейімділік тұрақты болады. Бұл жаңалық ұзақ жылдар бойы зерттеушілер үшін жұмбақ болып келді.

Қорытындыласақ, қысқа мерзім кезеңінде қолда бар табыс өскен сайын тұтынуға орташа бейімділік (APС) кемиді, ал қор жинағына орташа бейімділік (APS) өседі, яғни қолда бар табыс өскенде тұтынуға жұмсалатын шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзім кезеңінде тұтынуға орташа бейімділік тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтілетін тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.