Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Макро посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

2.3. Ақша рыногындағы тепе-теңдік

Жалпы алғанда ақша нарығындағы тепе-теңдік табыс пен шығындар тепе-теңдігі арқылы орнайды:

D УS)

Ұлттық табыс халықтың табысынан құралады. Ол тұтыну мен сақтауға жұмсалады: УD  С + S.

Ал ұлттық шығындар, бұл халықтың тұтыну тауарларына шығындары мен фирмалардың инвестицияға шығындарынан құралады:

УS  С + І.

Демек, рынокта тепе-теңдік болу үшін S  І.

Пайыз мөлшерлемесі, инвестиция және қор жинағының арасындағы байланыстың графиктік көрінісі 12-суретте берілген Е нүктесінде r0 деңгейінде инвестиция мен қор жинағы теңеседі (I = S), r0 – тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі.

r

I S

r2

r0 Е

r1

S = I S,I

12-сурет

Классикалық үлгі ақшаның сандық теориясын қолданады. Ақшаның сандық теориясында ақша көлемі мен баға деңгейін анықтаудың екі тәсілі қалыптасқан. Бірінші тәсілі Гервинг Фишердің теңдеуіне, екіншісі Кембридждік мектеп теңдеуіне негізделеді.

Классиктер Фишердің теңдеуін ақшаға сұранысты анықтағанда қолданады: MV = PY,

мұнда: М – айналыстағы ақша көлемі; V – айналыс жылдамдығы; P – баға деңгейі; Y – өндіріс көлемі.

Бұл пайымдаулар классикалық үлгідегі AS қисығының тік орналасуын дәлелдейді. Жұмыспен толық қамтылған жағдайда бағаның өзгеруі өнім көлеміне әсер етпейді. Бағаның жоғары және төмен өзгеруі сұраныстың артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді, бірақ өнім көлеміне әсер етпейді.

Кембридждік мектеп ақша көлемі, баға және нақты өнім көлемі арасындағы байланысты басқаша бейнелейді:

М=kPY мұндағы k – бұл индивидтің өз қолында (ликвидтік түрде) қалдырғысы келетін табыс бөлігі. Ол ақша айналымының жылдамдығына кері қатынаста k = 1 / V.

Кембридж мектеп өкілдері ақшаға сұранысты ликвидтік тұрғыдан қарастырды. Ол ағымдық мәмілеге қажетті ақша көлемімен анықталады.

Классикалық теорияда ақшаға сұраныстың графиктік көрінісі баға деңгейі мен ақша массасы арасындағы тура тәуелділікті білдіреді (13-сурет).

Р

MS

MD

Р0 Е

0 M

13-сурет

Сұраныс қисығының (MD) көлбеу бұрышы экономикада өндірілетін өнім көлеміне байланысты. Ақша ұсынысы (MS) тұрақты шама ретінде қарастырылады, яғни оны мемлекет белгілейді.

ІІІ - дәріс Игіліктер нарығы

3.1. Кейнстің классикалық теорияны сынауы. Тиімді сұраныс теориясы.

3.2. Тұтыну және қор жинағы.

3.3. Инвестиция функциясы.

3.4 Кейнстік үлгідегі тиімді сұраныс және тепе-теңдік өндіріс көлемін анықтау.