Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Өсімдік және медицина

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр - Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті.

Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапияда, үй жағдайында кеңінен қолданылады. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады”.

Емдік шөптер - үйіміздің жанында, бау-бақшамызда және далада, жол бойларында кездесетін шөптерде. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр”. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Жер жүзі...дегі дәрілердің 40%-ы өсімдік... дайында...ады екен.

Өсімдіктер сарқыл...йтын қазына емес, сондықтан о...ды орынды пайдалан..., қорғай білудің өмір... маңыз... зор.

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

6. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Металлург және президент

Қазақстан Магниткасын салу бүкілодақтық Екпінді комсомол құрылысы деп жарияланды. Қазақстан Магниткасының құрылысы – еліміздің еңбекшілерінің ең басты патриоттық ісі болды.

Комсомол жолдамаларымен еліміздің 25 мың жігіттері мен қыздары осы құрылысқа жіберілді. Сол жылдары баспасөз бен радиодан Қазақстан Магниткасының құрылысы туралы көп айтылды. Осы кәсіпорынның келешегі жайлы және оған жастарды шақыру жайында көп жазылды.

Мектеп бітірген Нұрсұлтан Назарбаев достарымен, комсомол комитетінің жолдамасымен Теміртауға батыл жол тартты. Ол алғашқы еңбек жолын қатардағы жұмысшы болып бастады. Алпысыншы жылдары Украина республикасында тәжірбиелі металлургия мамандарынан оқып, білімін тереңдетті. Қарағанды металлургия комбинатында білімді, әдіскер маман ретінде қалыптасты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбегі Қарағанды металлургия комбинатын өркендетумен ғана шектелген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев облысымыздың әр салалы өнеркәсібін дамытуда да көп еңбек сіңірді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.

3. Төмендегі сөйлемдердегі етістіктерді сөз құрамына талдаңыз.

Алпысыншы жылдары Украина республикасында тәжірбиелі металлургия мамандарынан оқып, үйреніп, тәлім алды. Қарағанды металлургия комбинатында білімді, әдіскер маман ретінде қалыптасты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбегі Қарағанды металлургия комбинатын өркендетумен ғана шектелген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев облысымыздың әр салалы өнеркәсібін дамытуда да көп еңбек сіңірді.

5. Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б. Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құрал

3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

1. «Өсімдік және медицина» шығарма.

2. «Металлург және Президент» тақырыбына баяндама жазу.

15-тақырып Қайталау. Қорытынды. Емтиханға дайындық.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Фонетика, лексика, морфология және синтаксис тақырыптарын қайталап өту.

2. Емтиханның бірінші сұрағы бойынша тест тапсырмаларын қайталау.

3. Аудармаға арналған мәтіндермен жұмыс жүргізу.