Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Металлургия астанасы – теміртау

Теміртау қаласы Қазақстанға және оның аймағына Қазақстан Республикасы президентінің қаласы ретінде танымал.

Облыстың атақ-даңқын құрайтын ең маңызды қалалардың бірі Қазақстанның металлургиялық астанасы – Теміртау болып табылады.

Теміртау өзінің атын толығынан ақтайды. Мұнда әлемдегі ең ірі металлургиялық комбинаттардың бірі – Қазақстан Магниткасы орналасқан.

Толық металлургиялық циклды кәсіпорынды салу идеясы өткен ғасырдың 30-шы жылдары белгілі ғалымдар Қ.И. Сәтбаев, М.И. Русаков және А.Н. Сперанскийде туындаған. Ал оның жүзеге асырылуы Ұлы Отан соғысы жылдары қолға алынды. 1943 жылдың ақпанында толық металлургиялық циклды Қарағанды зауытының құрылысы басталды.

Ал 1960 жылы Магнитканың бірінші домна пеші қазақстандық тұңғыш шойынды өндірді.

Бүгінгі Теміртау – еліміздегі қара металлургияның, химиялық, энергетикалық өнеркәсіптің ең ірі орталығы.

Теміртауда 2006 жылы 7 жаңа өндіріс ашылды. Шағын және орта бизнес дамып келеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді абзацқа бөліп оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтіннің әр абзацын өз сөзіңізбен толықтырыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңізбен әңгімелеуге жаттығыңыз.

4. Терминдерді теріп жазыңыз.

5. Берілген тесті орындаңыз.

1) Металлургия астанасы

а) Қарағанды

ә) Астана

б) Теміртау

2) Металлургиялық кәсіпорынды салу кімнің идеялары?

а) А.А. Иванов, Ә.С. Сағынов, Ә.М. Әзиев

ә) Қ.И. Сәтбаев, М.И. Русаков, А.И. Сперенский

б) Ә.С. Сағынов, Ә.М. Әзиев, М.И. Русаков.

3) Қарағанды зауытының құрылысы қашан басталды?

а) 1941 жылы қаңтарда

ә) 1942 жылы наурызда

б) 1943 жылы ақпанда

4) Қазақстан Магниткасы қайда орналасқан?

а) Алматы

ә) Теміртау

б) Көкшетау

5) Тұңғыш қазақстандық шойын қай жылы өндірілді?

а) 1970

ә) 1960

б) 1980

6) Теміртауда жаңа өндіріс қашан ашылды?

а) 2006

ә) 2007

б) 2008

7) Неше жаңа өндіріс ашылды?

а) 3

ә) 5

б) 7

8) «Шойын» сөзінің аудармасы.

а) сталь

ә) чугун

б) железо

9) «Теміртау» қандай сөз.

а) қос сөз

ә) қысқарған сөз

б) біріккен сөз

10) Теміртау өзінің ... толығынан ақтайды.

а) есімін

ә) атын

б) тегін

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

  1. «Қазақстан экологиясы» тақырыбына шығарма жазу.

  2. «Қазақстанның табиғатын қорғау» тақырыбына реферат жазу.

3. «Металлургия астанасы - Теміртау» тақырыбына слайд, реферат жасау.

.

12-тақырып Жер құнары - өмір нәрі. Ақ бидай. «Арселор - Миттал» компаниясы. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Мезгіл, мекен, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.