
- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Экономикалық тәуелсіздік
Егемендік, тәуелсіздіктің екі жағы бар. Бір жағы саяси тәуелсіздік. Саяси тәуелсіздік алу - өз алдына ұлттық мемлекет болу, же номикалық тәуелсіздік саяси тәуелсіздіктің негізі болып табылады. Экономикалық тәуелсіздігі жоқ елдің тәуелсіз болуы екіталай. Елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін не қажет? Ол үшін ең алдымен, ел экономикасын көтеру, экономика тиімділігін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру қажет.
АҚШ пен Батыс Еуропаны айтпағанда, мына өзіміздің алып көршіміз Қытайды алайық. Қытайдың ақыл-оймен асықпай жасаған реформасы қазір миллиардтан астам халықтың тұрмысын көтеруде.
Бар ісін техника атқаратын АҚШ, Англия, Жапония сияқты елдердің ауыл шаруашылығына мемлекет дотация береді. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіп өндірісіне ұқсамайтын ерекше шаруашылық, себебі ол табиғатқа тәуелді. Табиғатпен байланысты экономика тілінде ұдайы өндіріс дейміз. Мал өсуі үшін уақыт керек, егін өсіп шығуы үшін уақыт керек. Ең қиыны ауыл шаруашылығын дамытпай бірде-бір ел, ел болмайды. Ауыл шаруашылығы деген – азық-түлік. Ал, азық-түліктің 50-60 пайызын өзі өндірмей, шетелден әкелетін ел экономика тәуелділікке түседі.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқыңыз.
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеңіз.
Саяси тәуелсіздік деген не?
Экономикалық тәуелсіздік деген не?
Ауыл шаруашылығы қандай шаруашылық?
Жалқы зат есімдерді табыңыздар.
Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыздар.
–лық, -лік, -дық, -дік, тық,-тік жұрнағымен жасалған сөздерді табыңыз.
Металлургия
Металлургия мағынасы «кеннен металл қорыту өнері». Металл туралы ғылым – металтану, металл құрамын, олардың қасиетін жақсарту жолдарын зерттейді. Конструкцияларға ерекше жеңіл, берік машиналар жасауға мүмкіндік беретін жаңа қорытпалар шығарады. Бұл ғылымның негізін орыс ғалымдары П.П. Аносов және Д.К. Чернов қалады.
Металлургияны қара және түсті металлургия деп екі салаға бөледі.
Қара металлургия темірден марганец, хром, никель қосу арқылы шойын, болат өндіруді қамтиды.
Қара металл кендерінен көбінесе темір қоры алынады. Темір шойын мен болаттың құрамына кіреді.
Темір табиғатта таза күйінде емес, тек оттекпен байланысты түрде ғана кездеседі. Оны біз темір рудасы – деп атаймыз.
Түсті металлургия металдардың көпшілігін қорғасын, алтын, күміс, алюминий, магний т.б. қамтиды. Қарағанды облысының жері ежелгі дәуірден бері түсті металлургияның орталығы болып табылады.
Тапсырмалар:
1. Айтылуына және жазылуына көңіл бөліңіз.
металтану қорыту
мағынасы кен
қорытпалар ежелгі
сала қамтиды
2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
3. Пікірлесудің жауаптары берілді, көп нүктенің орнына сұрақ қойыңыз.
1) -----------------------?
1) Металл туралы ғылым – металтану , металл құрамын олардың қасиеттерін жақсарту жолдарын зерттейді.
2) -----------------------?
2) Ерекше жеңіл, берік машиналар жасауға мүмкіндік беретін жаңа қорытпалар шығарады.
3) -----------------------?
3) Бұл ғылымның негізін орыс ғалымдары П.П. Аносов және Д.К. Чернов қалады.
4) -----------------------?
4) Металлургияны қара және түсті металлургия деп екі салаға бөледі.
5) -----------------------?
5) Қара металлургия темірден марганец, хром, никель қосу арқылы шойын, болат өндіруді қамтиды.
6) -----------------------?
6) Темір шойын мен болаттың құрамына кіреді.
7) -----------------------?
7) Қарағанды облысының жері ежелгі дәуірден бері түсті металлургияның орталығы.
4. Мәтіннен металдардың атын теріп жазып, сөз тіркесін жасаңыз.
5. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді тауып, сөз құрамына талдаңыз.
Үлгі:
кендерінде – кен-түбір, -дер-көптік жалғау, -і-тәуелдік жалғау, -нде-жатыс септігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
3. Жүкебаева Т.Ж., Атамбаев Ж.Н., Сүйесінова Г.И. Металлография. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]
1. Аралық тест. «Экономикалық тәуелсіздік» тақырыбына әңгіме жазу.
2. «Металлургия» тақырыбына шығарма жазу.
8-тақырып Нарық. Салық. Металл. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.
НАРЫҚ
Нарық – экономика саласы. Бұл салада тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жаласады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.
ӨНДІРУШІ НАРЫҒЫ – тауарлар мен қызметтерді өндіріс процесінде пайдалану үшін сатып алатын ұйымдар.
НЕСИЕ КАПИТАЛЫНЫҢ НАРЫҒЫ – еркін ақша қаражатының өсуін қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жүйесі. Оларды қарыз капиталына айналдырып, ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында бөлісу.
НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – нарықтағы тауарлардың және қызмет көрсетудің еркін алмасуын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар (банкілер, биржалар, жәрмеңкелер, сақтандыру компаниялары, консультациялық, ақпарат, маркетингілік фирмалар, т.б.) жүйесі.
НАРЫҚТЫҚ ҚҰН – 1) тауардың, бағалы қағаздардың, валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін бағасының деңгейі; 2) негізгі қорлардың (кәсіпорынның, құрал-жабдықтың) құны.
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ – бірыңғай бөлшек сауда бағасы емес, бағаның кең ауқымындай мәміле жасасатын сатушылар мен сатып алушылар нарығы.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқыңыз.
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеңіз.
Нарық дегеніміз не?
Нарықтық инфрақұрылым дегеніміз не?
Нарықтық құн дегеніміз не?
Мәтіннен ілік және табыс септікте тұрған сөздерді теріп жазыңыз.
САЛЫҚ
САЛЫҚ – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. Қазіргі жағдайда салық жүйесі мыналарды қамтиды: қосылған құнға салынатын салық (НДС), пайдаға салынатын салық, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифы және баж салығы, азаматтардан алынатын табыс салығы, меншікті дүние-мүлікке салынатын салық, т.б.
Жергілікті салық пен алымдар тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Салықтар бюджетке түсетін қаражаттардың тұрақты көзері болып табылады.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметке салынатын жанама салық. Қосылған құнның құрамына тозу (амортизация), үстемелерімен қоса жалақы, басқа да кейбір шығындар (соның ішінде несие үшін процент), сонымен қатар пайда кіреді.
АҚША КАПИТАЛДАРЫНАН ТҮСЕТІН ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – дивиденттерге, акциялар мен облигациялардан алынатын проценттерге, банктерге салынатын ақша бойынша проценттерге, займдар бойынша ұтыстарға, тағы басқа кейбір табыстарға салынатын салық.
КАПИТАЛДЫҢ ӨСІМІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ - мүлікті пайдаланудың сан алуан түрлерінен (сатудан, айырбастан, сыйға тартудан, т. б.) алынған заңды ұйымдардың да, сондай-ақ жеке адамдардың да табысына салынатын салық.
САТУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ – тауарлар мен көрсетілген қызметтің сату құнының процентімен белгіленетін салық, өндіруші төлейді, акциздердің бір түрі.
Тапсырмалар:
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеңіз.
Салықтың неше түрін білесіз?
Салық төлемейтін адамдар бар ма?
Қазақстан Республикасындағы қандай салықтар түрін білесіз?
Жергілікті салықтарға нелер жатады?
Барыс, шығыс септіктеріндегі сөздерді табыңыздар.
Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:
Заңды тұлға, салық сясаты, бөлу міндеті, шектеу міндеті, төте салық, жанама салық, жергілікті салық, жеке тұлға.
МЕТАЛЛ
Біздің еліміз металға бай. Металдан неше түрлі заттар жасалады. Металдан жасалған қасықпен және шанышқымен тамақ ішеміз. Металдан жасалған пышақпен нан, ет кесеміз. Металдан жасалған қаламұшпен жазу жазамыз. Бұл заттарды сатып алғанда, металдан жасалған ақша төлейміз.
Міне, үстел үстінде тұрған шәйнек алюминийден істелген. Стақанның ішіндегі шай қасық та алюминийден істелген. Жазу үстелінде қолсағат жатыр. Оның қабы алтыннан жасалған. Есік пен терезенің тұтқалары да темірден жасалған. Терезенің жақтауында термометр ілініп тұр. Термометрдің ішінде сынап бар, сынап - ол да металл.
Металл еліміздің шаруашылығы үшін өте қажетті. Фабрикалар мен заводтар үшін металдан түрлі машиналар, станоктар жасайды. Колхоздар мен совхоздар үшін тракторлар, комбайндар жасайды.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
2. Мәтін бойынша бір-бірлеріңізге сұрақ қойыңыздар.
3. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойыңыз.
Метал... жасалған қасық... және шанышқы... тамақ ішеміз.
Стақан... ішіндегі шай қасық та алюминий... істелген. Жазу үстелі... қолсағат жатыр. Оның қабы алтын... жасалған. Есік пен терезе... тұтқалары да темір... жасалған.
4. Сұхбат. Досыңызбен сөйлесіңіз. Үлгі:
Сара: Табиғатта таралуы жөнінен темір нешінші орын алады?
Саят: Алюминийден кейінгі екінші орын алады.
Сара: Темір таза күйінде қандай металл?
Саят: Беріктігі кем, морт металл.
Сара: Темір қай жылы ашылған?
Саят: Темірдің қай жылы ашылғаны туралы дерек жоқ.
Сара: Темір латынша қалай аталады?
Саят: Латынша «феррум» деп аталады.
Сара: Темірдің түсі қандай?
Саят: Сұрғылт түсті металл. Таза темірдің түсі күміс тәрізді ақ болады.
5. Өзіңіз білетін металл туралы айтып беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]
1. «Нарық және салық» тақырыптарына шығарма жазу.
2. «Металл» тақырыбына слайд жасау.
9-тақырып Ақша қызметі. Теңге – ұлттық валюта. Болат өндірудің мартен әдісі. Сөйлем мүшелері.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Сөйлем мүшелерінің түрлерін қайталау.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.