Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
05.02.2020
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Қазақстанның білім беру жүйесі

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет .

Жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әр бір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Міндеттері:

Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамшыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада да жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

Білім беру процесін демократияландыру жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

Жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға объективті жағдайлар жасау;

Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу.

Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай –ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді енгізуді ынталандыру.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.

Тапсырмалар.

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

  3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4. Бакалавриат, магистратура, докторантура сөздерін септеңіз.

5. Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, жалғауларды ажыратыңыз.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның басты мақсаты: Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат.

Жүзеге асу мерзімі: 2011-2020 жылдар

Бірінші кезең: 2011-2013 жылдар

Екінші кезең: 2014-2016 жылдар

Үшінші кезең: 2017-2020 жылдар

Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл –Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.

Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық , 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 мыңнан астам адам оқиды.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы бағдарламалардың бірі ретінде айқындалған.

Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзіретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рол атқарады.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып аударыңыз.

  2. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді ауызша баяндап беріңіз.

  3. Өзіңіз оқитын оқу орны жайлы әңгімелеңіз.

ҚҰЮ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ

Машиналардың және жабдықтардың 50 %, металл станоктарының 80 %, тоқыма машинаның 72 %, тракторлардың 55 % бөлшектері мен детальдары құйылып жасалады.

Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі бұйымдар мен детальдарды жасауға болады. Ол бұйымдар мен детальдардың салмақтары бірнеше грамнан жүздеген тоннаға жетеді. Мөлшерлері бірнеше сантиметрден 20 метрге, қалыңдығы 0,5 миллиметрден 500 миллиметрге дейін жетеді.

Орыс ғалымдары П.П. Аносовтың, Д.К. Черновтың, А.С. Лавровтың, Н.Н.Рубцовтың терең еңбектері құю өндірісіне арналған. ТМД елдерінің ғалымдарының ғылыми еңбектерінің нәтижесінде құю процесінің теориялық мәселелері зерттелумен қатар құюдың жаңа арнайы тәсілдері, үздіксіз құю және өндіріс процестерін автоматтандыру мәселелелері жүзеге асырылуда. Тәуелсіз мемлекеттер достығында жылына 26 миллион тоннадан артық құймалар өндіріледі. Қазақстан Республикасында жылына 1,5 миллион тонна құймалар дайындалады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріңізге жазып, емілесін есте сақтаңыз, дұрыс айтып жаттығыңыз.

2. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

3. Мәтін бойынша сұақ-жауап құраңыз.

4. Мына сөздерді сөз құрамына талдаңыз.

Өндірісінің, қорытпаларды, өндірілген.

5. Мәтіндегі мына сөйлемдерді жалғастырыңыз.

1) Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі пішінді ....

2) Орыс ғалымдары П.П. Аносовтың, Д.К. Черновтың, А.С. Лавровтың, ...

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

3. Жүкебаева Т.Ж., Атамбаев Ж.Н., Сүйесінова Г.И. Металлография. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 18, 23, 24, 26 ]

  1. «Қазақстанның білім беру жүйесі» тақырыбына шығарма жазу.

2. «Құю өндірісінің мәні» тақырыбына әңгіме.

6-тақырып Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Қазақ металлургия заводы. Жай сөйлем.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Жай сөйлемді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту

ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орның айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды.

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құның анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.

Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

  • Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?

  • Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

  • Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма ?

  • Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

6. Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз және түрін анықтаңыз.

7. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

8. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден ырықсыз етіс жасаңыз: көрсет,

бар, анықта, тұр, сана, қос, пайдалан, шығар.