
- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Жеке адам, топ және ұжым
Ұжым – күрделі оркестр,
онда әркімнің өз аспабы болады,
сол аспабымен ойнайды.
В.А.Сухомлинский
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі.Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі- ұжым (коллектив) деп аталады.
А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.
А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
Ұжым алдындағы айқын мақсат;
Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс -әрекет жасауы;
Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
өз арасында міндеттер белгілеуі;
белгіленген міндеттерді орындау;
қатаң тәртіптің болуы;
өз мүшелері үшін ұжымның жуапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.
Тапсырмалар:
1. Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?
2. Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?
3. «Ұжым » деген ұғымды қалай түсінесіз?
4. Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз....
5. Шын немесе жалған екенін көрсетіңіз
|
Иә |
Жоқ |
Жеке адамның қалыптасуы қоғам дамуына байланысты емес. |
|
|
Топтың екі түрі бар. |
|
|
Топтағылар бірігіп іс - әрекет жасайды. |
|
|
Ұжым мүшелері қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасайды. |
|
|
Сіз ұжымда оқисыз. |
|
|
Сіз топта оқисыз. |
|
|
Сіздің деканыңыз ұжымда жұмыс істейді |
|
|