Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП новый- 050712.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Адам және қоғам

Адамда мінез-құлықтар жүре-бара қалыптасады. Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне тікелей байланысты. Оның көзқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз.

Бірінші кезеңге адамға бала кезінде өте зор әсер ететін ортаны — отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Мектептің кезінде билікті бөлісу үлгісін оқушылар міндетті, қажетті деп қабылдайды, солай болуы да тиіс. Ал бұл қатынас мемлекет құрылымы туралы болашақтағы көзқарасты да қалыптастырады.

Бұл кезеңде адамға әсер ететін факторлар — құрбы-құрдастары, коғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат кұралдары.

Екінші кезеңде әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашқы және шындық, ретінде қабылданады.

Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы әріптестер, жақын туысқандар, т.б. Шығармашылық интеллигенция ортасы да маңызды рөл атқарады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенге, отбасына ізетті адамдармен қатынаста болудың да үлкен маңызы бар.

Қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім мен денсаулық арқылы рухани құндылықты жаңғыртуға болады. Қоғамды жасаушы адам екенін ұмытпауымыз керек.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, аударыңыздар.

2.Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар: қоршаған орта, біздің мемлекетіміз, әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, маңызды фактор, рухани құндылық.

3.Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар: қоғамдағы, адамдармен, оқудағы, әлеуметтік, пайдасын, жаңғыртуға, жасаушы, ұмытпауымыз.

4.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.

5. Мына нақыл сөздерді оқып, аударыңыздар: Келешек қоғам тәрбиесі —ұрпақ тәрбиесі.

Қазақтың ұлы ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы “Өзіңді-өзің танысаң, істің басы”.

Салауатты өмір салты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек.

Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді.

Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХ-ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс.

Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге лайық азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденуіне ешкімнің күмәні жоқ.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

  2. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.

  • «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;

  • «Дені саудың, жаны сау»;

  • «Басты байлық – денсаулық»;

  • «Ауру айтып келмейді».

  1. Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? «Салауатты өмір салты» дегенде ойыңызға қандай сөздер түседі? Жазыңыздар.

  2. Мына сызбаны толықтырыңыз. Әр бөліміне жеке тоқталыңыз.

  1. Мына көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:

... өмір, ... жол, ... ұрпақ, ... тәрбие, .... қасиет, .... әсер, ..... ұйым, .... азамат

  1. Сын есімнің шырайларына мысал келтіріңіз.

  2. Мәтін бойынша хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

  3. Саналы азамат сөзін жіктеңіз.

Сан есімдерді теріп жазып, реттік, болжалдық түрге айналдырыңыз

ҚҰЮ ӨНДІРІСІ

Мен «Құю өндірісінің технологиясы және машиналары» инженері мамандығын алу үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқимын.

Қазіргі күрделі машиналар мен құралдарды әр түрлі мамандық иелері жасайды. Кез-келген машиналарда (трактор, автомобиль, токарлық станок, тепловоз немесе тоқитын станок болсын) құю арқылы алынған бөлшектері бар.

Дайын бұйымдарды алу үшін құюшылар металды сұйық күйге дейін балқытады. Содан кейін алдын ала дайындалған қалыпқа құяды. Осы сұйық металл қалыпта салқындатылады және қатаяды. Құйма осы күйде келбет қабылдайды. Құю әдісімен не нәрсе болса да – сағаттың майда бөлшектерінен бастап, теңіз қайығының ірі біліктеріне дейін, құралдардың майда бөлшегінен гидравликалық престің жоғарғы қуатты керемет станинасына дейін жасауға болады.

Үйде, өндірісте, көшеде, құрылыста, алаңдарда құюшылардың жасаған көптеген бұйымдарын көресіз. Құю цехынсыз бірде-бір машина жасау заводы жоқ. Құю – машина жасаудың дайындайтын базасы. Машина – техниканың алға басу негізі. Құю өндірісі – жан-жақты өнеркәсіп. Сондықтан, инженер-құюшылар жан-жақты ғылым мен кең білімділікке ие болу керек. Сапалы металл мен қорытпаны дайындау үшін – құюшы металлург та болуы қажет. Бірнеше машиналар мен автоматтарды басқару үшін, ол білгір механик, электротехник, автоматшы болуы керек.

Жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін, ол жақсы экономист болуы керек. Халықты, ұжымды үлгерімді басқару үшін, ұйымдастыру қабілеті жоғары болуы керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Сіз университеттен кейін қайда жұмыс істегіңіз келеді?

ә) Өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы не білесіз?

б) Бұл мамандыққа неге түстіңіз?

3.Өзіңіздің отбасыңыздағы адамдардың мамандықтары туралы әңгімелеңіз.

4. Үлгімен өз мамандығыңызға байланысты терминдер жазыңыз.

Үлгі:

Мұғалім: Дәрігер:

Сабақ емхана ------------------

Оқу дәріхана -------------------

Оқулық дәрі-дәрмек -----------------

Ұстаз денсаулық -------------------

Педагогика диагноз -------------------

Психология аурухана -------------------

Пәндер ... т.б. шприц ... т.б. ------------------

5. Сұхбаттағы сұраққа жауап беріңіз.

- Сіздің мамандығыңыз кім?

- --------------------------------

- Қай салада жұмыс істейсіз?

- ----------------------------------

- Сіз кім болып жұмыс істейсіз?

- -----------------------------------

- Сіз мамандығыңыз бойынша жұмыс істейсіз бе?

- -----------------------------------

- Өз мамандығыңыз ұнай ма?

- -----------------------------------

- Өз мамандығыңыз бойынша қандай үлес қостыңыз?

6. Қай мамандық туралы айтылған?

Ол дүкенде жұмыс істейді. Азық-түлік дү-кенде нан, май, қант, сүт сатады. Жұмысы өте ауыр.

Ол спорт мекеме-сінде қызмет істейді. Ол жас жеткіншектерді жарысқа дайындайды.

Ол үйлердің жоба-сын сызады. Үй құрылы-сын жоспарлайды.

Ол құю цехында жұмыс істейді. Әртүрлі бөлшектер құяды.

7. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мен мамандығымды ----------------------------------- .

Менің мамандығым ------------------------------------ .

Менің достарымның мамандығы --------------------

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.

2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.

3.Нұрпейісова С.К., Күлейменова Л.М. Техникалық мәтіндер жинағы (машина жасау факультетінің студенттеріне арналған көмекші құрал) Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 14, 16, 17, 19, 21]

  1. «Адам және қоғам» тақырыбына әңгіме.

  2. «Салауатты өмір салты» тақырыбына реферат.

3. «Құю өндірісі» тақырыбына сұқбат.

3-тапсырма Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұжым. Металлургия мамандығы. Үстеу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Үстеуді түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.