
- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Мәдени мұра – алтын адам
Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты- алтынды «аң тәсілді» өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі- әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Оны алғашқы ашып, әлемге танытқан ғалым- археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д.Ү-ІҮ ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.
Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның «Алтын адам» аталуы да сондықтан. Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі- 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғалымда «Есік жазуы» деп атайды. «Алтын адам» киімі- сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. Бұл тек құнды архелогиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.
Тапсырмалар:
1) Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2)Сұрақтарға жауап беріңіздер.
3) «Алтын адам»- кейпі қай қаланың маңынан табылды?
4) Алтын адамды ол жерден қай жылы қазып алған?
5) Алтын адам жанынан тағы қандай заттар табылды?
6) Бұл қандай өнер туындысы?
7) Ескерткіштер нені дәлелдейді?
8) Өзіңізді тексеріп, дұрыс жауабын мәтін бойынша тауып айтыңыз.
Үлгі: Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа аз мұра қалдырды. – Жоқ, мақтанарлықтай өлмес, үлкен мұра қалдырды.
Алтын адам Жамбыл облысының Шу өзенінің маңынан табылды.
Есік қорғанынан түрік жауынгері барлық заттарымен табылды.
Алтын адам киімі қарапайым, күнделікті жауынгер киімінде.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің дамуын сипаттамайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 17, 19, 22, 23, 26]
Жер тұрғындары тақырыбына әңгіме жазу.
Қазақстан халқы тақырыбына шығарма.
Мәдени мұра – Алтын адам тақырыбына слайд жасау.
10-тақырып Ғалам және ғасыр. ХХІ ғасырдың жетістіктері. Қазақстан және ғарыш. Етістік (дара, күрделі, негізгі, көмекші, болымды, болымсыз, тұйық).
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Етістік, оның түрлерін түсіндіру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Болымды және болымсыз, тұйық етістіктеріне мысалдар келтіру.
Ғалам және ғасыр
XXI ғасыр да айқара есігін ашты. XXI ғасыр ғылым мен техниканың ақпараттық-технологиялардың дамыған, әрі өркендеген заманы. Бұл ғасырда әр түрлі механикалық, электроникалық, нанотехнологиялар пайда болды. Ғаламда көптеген ғылымы мен технологиясы дамыған мемлекеттер бар. Атап айтатын болсақ Жапония, Германия, Қытай, АҚШ, Франция, Ресей т.б. мемлекеттер. Адамзат мәдениетінде тарихи тұрғыдан алып қарағанда үзілмес байланыс, сабақтастық бар. Мәдениеттің бір бөлігі есептелетін ғылымның даму жолы мұның айқын айғағы болса керек. Ғылымның, білімнің зәулім сарайы салынып салтанат құру ісіне көп халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды ардагер азаматтары ат салысқан: бірі іргетасын қаласа, екіншісі қабырғасын тұрғызды, үшіншісі басқа бір кем-кетігін толтырды.
Қазіргі таңда бүкіл ғалам идеясы жаратылыстанушы ғалымдардың арасында қарсылық тудырмай, қабылдануда. Бірақ, бұл жағдай бірден пайда бола салған жоқ. Кез келген ұлы ғылыми идея секілді, ол да ғылымда басты орынға ие болуының алдында ұзақ та күрделі сынақтардан өтті.
Ғалам эволюциясы - физика ғылымының теориялық базисіне және көптеген астрофизикалық бақылауларға негізделіп дәлелденген ғылыми факт. Ғалам эволюциясы жайлы қазіргі заман ғылымының негізін 1916 жылы салыстырмалылық теориясын ойлап тапқан Альберт Эйнштейн салып кеткен. Ол жұлдыздармен толтырылған әлем үшін теңдеу құрып, кеңістіктің қисаюы ақырында өзіне өзі тірелетіндігін есептеп шығарды. Осындай “тұйық” ғаламның көлемі шектелген болып, оның шекаралары болған жоқ. Бірақ Эйнштейннің бұл теориясында бір кемшілік болды, яғни осы теория шынайы болған жағдайда жұлдыздар тартылыс күшінің әсерімен бір нүктеге жиналып қалуға тиіс болды. Сол себепті Эйнштейн ғаламды бір-біріне сығылуынан сақтайтын, әлдебір “антигравитациялық” өрісті ойлап табуға мәжбүр болып, теңдеуін осы өріспен толықтырды.
Қазіргі заманғы ғаламның өмір сүруінің үш түрлі вариантын көрсетуге болады:
1) Ғалам өткен уақытта да, болашақта да шексіз мәңгі тіршілік ете алады.
2) Ғаламның басы мен соңы бар.
3) Ғалам уақыт аралығында үнемі өзгеріп отырады.
Тапсырмалары:
Мәтінді аударыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді табыңыз.
бір сөйлемге морфологиялық және синтаксистік талдау жасаңыз.