
- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071200 – Машина жасау мамандығының студенттері үшін
- •Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Атамекен
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Білім – байлығымыз
- •Білім атасы - ыбырай алтынсарин
- •Мемлекет және біз
- •Қазақстан республикасының елтаңбасы
- •Қазақстан республикасының туы
- •Қазақстан республикасының әнұраны
- •Менің отаным – қазақстан
- •Табиғат
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Тал бесігім – табиғат
- •Қазақстанның қорықтары
- •Жер тұрғындары
- •Қазақстанның халқы
- •Мәдени мұра – алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ххі ғасырдың жетістіктері. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы
- •Қазақстан және ғарыш
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Қазақстан республикасының конституциясы алтын заң – ата заң
- •Біздің университет
- •Ә.С. Сағынов - академик, ғалым
- •Машина жасау институты
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы
- •Жастар – еліміздің болашағы
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Металлургия мамандығы
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Құю өндірісінің тарихы
- •Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Қазақ металлургия заводы
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Металлургия
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Болат өндірудің мартен әдісі
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Металлургия астанасы – теміртау
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •«Арселор миттал» компаниясы
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Құрметті металлург
- •Өсімдік және медицина
- •Металлург және президент
- •1.Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Тал бесігім – табиғат
Табиғат - алтын күнім, күміс айым,
Шашылған жұлдыз - меруерт түні сайын.
Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,
Тіліңді түсінуге тырысайын.
Табиғат - көркем жырым, асқақ әнім,
Сен - ана, мен - қашанда жас баламын.
Үңілем таңнан тұрып терезеге,
Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.
Табиғат - мөлдір жаңбыр, ұлпа қарым,
Сергимін салып төске қыр самалын.
Түлетіп ұшырса да ана құшақ,
Сен жайған алақанда тұр табаным.
Табиғат - айна көлім, орман бағым
Түйе өркеш айнала тау қорғандарым.
Құптаймын шыңдарыңнан бұлт қана емес,
Қанатын қыранның да қомданғанын.
Оразақын Асқар
Диктант «БУРАБАЙ»
Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұл Сарыарқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді. Алғашқы демалыс орны 1810 жылы Бурабай көлі жағасында ашылған. Бурабайда биші қайыңдар өседі. Көкшетауда табиғат күштерінің әсерінен әр түрлі пішінге ие болған тастар бар. Оларға қызықты аңыз-әңгімелері көп әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтас және биіктігі шамамен 1000 м жуық, алыстан көрінетін Көкшетау тасы жатады.
Тапсырмалар:
Таңдау бойынша бір сөйлемге фонетикалық, морфологиялық талдау жасаңдар.
Бурабай, Көкшетау сөздерін септеңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нығметова Н.Т., Нұржанова Қ.Қ.Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы Қарағанды, ҚарМТУ, 2008.
2. Нұрғожина Г.М., Кинбаева А.Б., Әбілқасов Ғ.М. Қазақ тілі және елтану. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2007.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 17, 19, 22, 23, 26]
«Табиғат» тақырыбына слайд, презентация жасау.
«Табиғаты ғажап Қазақстан» реферат
8-тақырып Жер-Ананы аяла. Туған жер. Қазақстанның қорықтары. Сын есімнің шырайлары.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Сын есінің шырайларын айтып өту.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
ЖЕР-АНАНЫ АЯЛА!
Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем жұртшылығын қоршаған ортаны қорғауға арналған мерекеге шақырады. Қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол жылдан бастап әлем жұртшылығын ағаш отырғызу, көше тазалау, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстарына жұмылдырып отырады.
Экология - әлем халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттердің алдыңғы қатарында тұр. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңды ластауды ғана емес, Жер, Су, Ауаны сақтап, қорғауға өзіндік көзқарастарын қалыптастырудан басталады. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Мысалы: «Ер – елдің көркі, орман –тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі - тал» сияқты табиғат тақырыбына арналған мақал-мәтелдер толықтай осыған дәлел. Сонымен қатар халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері де бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Құс ұясын бұзба» және тағы басқа сөздер өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, табиғатты, Жер -Ананы аялауға, экологияны жақсартуға өз үлестерін қосуға үйретеді.
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Қоршаған ортаны қорғау күні қай жылдан басталды?
Табиғатты қорғауды қайдан бастау керек ?
Қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлес қостың?
Сен табиғатты сүйесің бе?
Өзіңіз ағаш отырғыздыңыз ба?
Қазақстанның табиғаты сұлу жерлері туралы айтып беріңіз.
«Адам және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, ауызша жауап беріңіздер.
4. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз: табиғатты қорғау, жер жарасы, жасыл дүниені қорғау, өсімдікті аялау, шыбық сындыру, тал егу, қайта өңдеу, көңіл бөлу, көше тазалау.
5. Берілген сөйлемдерді оқып, аударыңыз: табиғатты қорғау керек. Қоршаған ортаны қорғау - әр адамның міндеті. Көптеген ұйымдар табиғатқа ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан орманын қорғау керек. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Шыбық сындырма, тал ек. Табиғатты сүюге басқаны да үйрет. Орманды, суды, жерді аяла. Табиғат та тірі дүние.
6. Мәтінде берілген мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді оқып, дәптерге жазып, жаттап алыңыз.
7. Саябақ, тал, табиғат. орман, тоғай, су, жер, ауа сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.
ТУҒАН ЖЕР
Туған жеріміз – Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман – тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.
Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі – боз жусан менкөк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, балабақшада өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді табыңыз.
2. Жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп аударыңыз.
3. Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.
4. Мәтін бойынша бір-біріңізбен пікірлесіңіздер, ол үшін бір-біріңізге сұрақ қойып, жауап беріңіздер.
5. Әркім өз туған жері туралы әңгімелеңіздер.