
- •Программалаудың парадигмалары: құрылымдық, модулдік және объектілі-бағытталған программалау.
- •2.Компьютердің логикалық схемасы. Программалау, компиляциялау және программаның орындалу орталары.
- •Программалау тілдерінің негізгі нысандары: типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар. Олардың мақсатыжәне ара қатынасы.
- •5 Кіріс-шығыс операторлары.Кіріс-шығыс функциялары мен кітапханасы.
- •6.Функциялар және процедуралар, параметрлерді беру тәсілдері. Функция және процедура мысалдары.
- •10.2 Процедуралар
- •7.Циклды бағдарламалау орталары. Циклдан шығу әдістері. Цикл операторларына мысал. Рекурсивті функциялар.
- •8.Функциялар. Функцияның фактілі және формальды параметрлері. Айнымалы санды параметрлі функциялар. Рекурсивті функциялар.
- •9.Программаларды өңдеудің негізгі принциптері. Құрылымдық программалау, принциптері
- •10.Функциялар және көрсеткіштер. Көрсеткішпен жіберуде көрсеткіштерді функцияның нақты аргументі ретінде пайдалану.
- •12.Қолданбалы функцияларды құру.№есептеу үшін функцияларды тестілеу және анықтау. Көрсеткіш сілтемесімен берілетін фактілі аргументтер, функцияларды құру.
- •13.Алгоритм түсінігі. Алгоритмдерді талдау принциптері. O-нотация.
- •15,Сызықтық және циклдік тізімдер, стектер, дектер, кезек(файл) және екілік ағаштарды өңдеу, инициализациялау, хабарлау.
- •Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: қосу бойынша, таңдау бойынша сұрыптау.
- •18. Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: көпіршік бойынша сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •19.Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: шейкер сұрыптау, Шелл әдісі бойынша сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •20.Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: қосылу бойынша сұрыптау, тез сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •Жүктелуші модуль
- •Абсолютті модуль
- •24.Бағдарламаны тестілеу және қайта ретке келтіру.
- •Объектіге-бағытталған тілдер бағдарламасының негізгі конструкциялары. Операция және функцияларды қайта жүктеу түсінігі.
- •Объект және кластарды сипаттау. Конструктор және деструктор. Класс элементтеріне қол жетімділікті басқару сұрақтары.
- •Бірлік және көптік мұралау концепциялары. Туынды кластарды ашу және жабу.
- •Бірлік мұралау
- •Көптік мұралау
- •Полиморфизм принциптері. Абстрактілі кластар. Контейнерлі кластар.
- •29. Полиморфизм принциптері. Полиморфизм әр түрлілгі және оларды іске асыру.
- •Класс және функция шаблондары. Шешуші жағдайларда өңдеу және генерациялау.
- •Объектіге – бағытталған бағдарламалауды талдау және жобалау концерциялары. Бағдарламалық өнімдердің өмірлік циклдері.
- •Объектіге – бағытталған бағдарламалаудың құралдары және оларды объектіге – бағытталған талдауда қолдану.
7.Циклды бағдарламалау орталары. Циклдан шығу әдістері. Цикл операторларына мысал. Рекурсивті функциялар.
Циклды бағдарламалау орталары. Циклдан шығу әдістері. Цикл операторларына мысал. Рекурсивті функциялар.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Есеп. 1-ден 8-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару (a-дан b-ға дейін).
Ерекшелігі: бірдей амалдар 8 рет орындалады.
Do…while цикл операторы
Шартты соңынан тексереді.орындау схемасы (С тілінде) 1-суретте.Цикл тұлғасы ретінде қарапайым немесе құрама оператор қолданылуы мүмкін. Do…while тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады.Цикл тұлғасына кейінгі өрнек ақиқат болса,цикл тұлғасы қайта орындалады.Кері жағдайда цикл аяқталады.мысал келтірейік.
1-сурет
Мысал 1: (engizilgen sannyn ulkenin tabu)
#include<stdio.h>
#include<conio.h>
main()
{ int a,max;
printf("\n sandar max tabu \n");
printf("Ayaktau uwin 0 engiziniz \n");
max=-32000;
do {
printf("Sandy engiziniz");
scanf("%i",&a);
if (a>max) max=a;}
while (a!=0);
printf("Sandardyn max: %i",m);
getch();}
While операторы
Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары алдын ала тексерілетін оператор болып табылады.
While (шарт-өрнек)
Оператор;
Мысал келтірсек:(1-100-ge deingi butin sandar kosyndysy)
#include<stdio.h>
#include<conio.h>
main()
{ int s,k;
s=0;k=1;
while (k<=100)
{ s+=k;
k++;}
printf("s= %d",s);
printf("\n ");
getch();}
Рекурсивті объектілер
Рекурсивті объект деп - бір объект немесе дәл осындай бірнеше объект арқылы анықталатын объектіні айтады. Рекурсия ұғымы. Рекурсия деп көмекші алгоритм ретінде алгоритмнің өзін -өзі шақыруын айтамыз. Әдетте рекурсия едәуір қиын тақырыптарға жатады. Тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру үшін «рекурсияны білу –дамыған ақыл-ойдың белгісі» деп айтуға болады.
8.Функциялар. Функцияның фактілі және формальды параметрлері. Айнымалы санды параметрлі функциялар. Рекурсивті функциялар.
Параметрлер механизмі шақырылған жəне шақырған функциялардың арасындағы ақпарат алмасудың негізгі əдісі болып табылады. Функцияға параметрді берудің екі тəсілі бар: адрес бойынша жəне мəні бойынша [2]. Мəн бойынша беруде келесі əрекеттер орындалады:
- нақты параметрлер орнында тұрған өрнектің мəні есептеледі;
- функцияның формальді параметрлеріне стекте жады белгіленеді;
- əрбір нақты параметрге формальды параметр мəні меншіктеледі,
сонымен қатар типтер сəйкестігі тексеріледі жəне қажеттілігіне қарай олардың түрлендіруі орындалады.
Мысал:
double square(double a, double b, double c)
{
//функция қабырғаларының ұзындығы а,b,c арқылы берілген үшбұрыш
ауданын қайтарады, double s, p=(a+b+c)/2;
return s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)); // Герон формуласы
}
1) double s1=square(2.5,2,1);
2) double a=2.5,b=2,c=1;
double s2=square(a,b,c);
3) double x1=1,y1=1,x2=3,y2=2,x3=3,y3=1;
double s3=square(sqrt(pow(x1-x2,2)+pow(y1-y2,2)), // 1жəне2 арасындағы
арақашықтық
sqrt(pow(x1-x3,2)+pow(y1-y3,2)), // 1 жəне 3 арасындағы арақашықтық
sqrt(pow(x3-x2,2)+pow(y3-y2,2))); // 2 жəне3 арасындағы арақашықтық
Стек
A
.5
B
C
S
P
P жəне S – жергілікті айнымалылар. Сонымен стекке нақты параметрлер көшірмесі кіргізіледі жəне функция операторлары осы көшірмелермен жұмыс жасайды. Функцияның нақты параметрлердің өзімен жұмыс жасайтын мүмкіндігі жоқ, демек, оларды өзгертуге болмайды. Адрес бойынша беруде стекке параметрлердің адрестік көшірмесі енгізіледі, яғни функцияның нақты параметрлер орналасқан жады ұяшығына рұқсаты болады жəне ол оны өзгерте алады.
Мысал.
void Change(int a,int b)//мəн бойынша беру
{int r=a;a=b;b=r;}
int x=1,y=5;
Change(x,y);
1 5
5 1
1
cout<<”x=”<<x<<”y=”<<y;
шығады: x=1y=5
void Change(int *a,int *b)//адрес бойынша беру
{int r=*a;*a=*b;*b=r;}
int x=1,y=5;
Change(&x,&y);
&x 5
&y 1
1
cout<<”x=”<<x<<”y=”<<y;
шығады: x=5y=1
Адрес бойынша беру үшін сондай-ақ сілтемелер де қолданылуы мүмкін. Сілтеме бойынша беруде функцияға параметрді шақыру кезіндегі көрсетілген параметрдің адресі беріледі ,ал функцияның ішінде параметрге хабарласудың барлығы айқын емес түрде ат өзгертіледі .
void Change(int &a,int &b)
{int r=a;a=b;b=r;}
int x=1,y=5;
Change(x,y);
&x 5
&y 1
1
cout<<”x=”<<x<<”y=”<<y;
шығады: x=5y=1
Көрсеткіштердің орнына сілтемелерді қолдану бағдарлама оқылуын жақсартады, сондықтан ат өзгерту операциясын қолданудың қажеті жоқ. Мəн бойынша берудің орнына сілтемелерді қолдану да тиімті болып табылады, себебі параметрлерді көшіру міндетті емес. Егер функция ішінде параметрд өзгертуге тиым салу міндеттелсе, онда const модификаторы қолданылады Const-ты барлық параметрлердің алдына қою ұсынылады (өзгертулерфункцияда қарастырылмаған).