
- •Программалаудың парадигмалары: құрылымдық, модулдік және объектілі-бағытталған программалау.
- •2.Компьютердің логикалық схемасы. Программалау, компиляциялау және программаның орындалу орталары.
- •Программалау тілдерінің негізгі нысандары: типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар. Олардың мақсатыжәне ара қатынасы.
- •5 Кіріс-шығыс операторлары.Кіріс-шығыс функциялары мен кітапханасы.
- •6.Функциялар және процедуралар, параметрлерді беру тәсілдері. Функция және процедура мысалдары.
- •10.2 Процедуралар
- •7.Циклды бағдарламалау орталары. Циклдан шығу әдістері. Цикл операторларына мысал. Рекурсивті функциялар.
- •8.Функциялар. Функцияның фактілі және формальды параметрлері. Айнымалы санды параметрлі функциялар. Рекурсивті функциялар.
- •9.Программаларды өңдеудің негізгі принциптері. Құрылымдық программалау, принциптері
- •10.Функциялар және көрсеткіштер. Көрсеткішпен жіберуде көрсеткіштерді функцияның нақты аргументі ретінде пайдалану.
- •12.Қолданбалы функцияларды құру.№есептеу үшін функцияларды тестілеу және анықтау. Көрсеткіш сілтемесімен берілетін фактілі аргументтер, функцияларды құру.
- •13.Алгоритм түсінігі. Алгоритмдерді талдау принциптері. O-нотация.
- •15,Сызықтық және циклдік тізімдер, стектер, дектер, кезек(файл) және екілік ағаштарды өңдеу, инициализациялау, хабарлау.
- •Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: қосу бойынша, таңдау бойынша сұрыптау.
- •18. Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: көпіршік бойынша сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •19.Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: шейкер сұрыптау, Шелл әдісі бойынша сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •20.Сұрыптаудың негізгі алгоритмдері: қосылу бойынша сұрыптау, тез сұрыптау. Сұрыптау алгоритмін талдау.
- •Жүктелуші модуль
- •Абсолютті модуль
- •24.Бағдарламаны тестілеу және қайта ретке келтіру.
- •Объектіге-бағытталған тілдер бағдарламасының негізгі конструкциялары. Операция және функцияларды қайта жүктеу түсінігі.
- •Объект және кластарды сипаттау. Конструктор және деструктор. Класс элементтеріне қол жетімділікті басқару сұрақтары.
- •Бірлік және көптік мұралау концепциялары. Туынды кластарды ашу және жабу.
- •Бірлік мұралау
- •Көптік мұралау
- •Полиморфизм принциптері. Абстрактілі кластар. Контейнерлі кластар.
- •29. Полиморфизм принциптері. Полиморфизм әр түрлілгі және оларды іске асыру.
- •Класс және функция шаблондары. Шешуші жағдайларда өңдеу және генерациялау.
- •Объектіге – бағытталған бағдарламалауды талдау және жобалау концерциялары. Бағдарламалық өнімдердің өмірлік циклдері.
- •Объектіге – бағытталған бағдарламалаудың құралдары және оларды объектіге – бағытталған талдауда қолдану.
5 Кіріс-шығыс операторлары.Кіріс-шығыс функциялары мен кітапханасы.
Меншіктеу операторы символдар арқылы жазылады.кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады.өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Си тілінде меншіктеу операторының бірнеше түрі бар. Жалпы меншіктеу операторының жазылу формасы мынадай болады.
<айнымалы>= <айнымалы> <операция> <өрнек>;
Қысқаша былай жазуға болады:
<айнымалы> <операция> = <өрнек>;
Мысал:
A=a+b;a+=b; a=a*b;a*=b;
Логикалық операторлар. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық операторлар бар:
1) және(&&)операциясы; f1&&f2
2) немесе || (or) операциясы; f1||f2
3) терістеу !(not) операциясы. !f1
Терістеу операциясының приоритеті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады.&& операциясының приоритеті ||(or) операциясымен салыстырғанда төмен, меншіктеу операциясынан жоғары болады.
Шартты оператор
Шартты оператордың жазылу түрі мынадай:
If(шарт)
оператор;
Else
оператор;
мұнда жақшадағы шарт түріндегі өрнек ақиқат болса, 1- оператор орындалады, әйтпесе 2- оператор атқарылады.операторлар қарапайым немесе құрама болып жазыла береді.оператордың қысқаша жазылу түрі:
if(шарт)
1-оператор;
Кейде қабаттасқан шартты операторлар кездеседі, мысалы:
If(шарт)
1-оператор;
else if(2-шарт)
2-оператор;
else
3-оператор;
Мұнда егер 1-шарт ақиқат болса, 1-оператор орындалады, егер 1-шарт жалған болып, 2-шарт ақиқат болса, 2-оператор орындалады, ал 1–шарт және 2-шарт жалған болса, 3-оператор атқарылады.
Мысалы, берілген x,y- екі санның үлкенін анықтау үшін жазылған шартты операторды былай жазуға болады:
If(x>y) max=x;
else max=y;
Ал x,y,z сияқты үш санның үлкенін табу үшін, қабаттасқан шартты операторлар жазылады.
If(x>y)
{if(x>z) max=x;
else max=z;}
else if(y>z) max=y;
else max=z;
Құрама операторлар бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады. Ол шартты және циклдік операторларда жиі қолданылады.
Мысалы:
#include<stdio.h>
#include<conio.h>
main()
{
int a=5, b=6,c=7,d;
clrscr();
d=(a++-(--b))+(c-a--);//d=2 a=5
printf(“d=%i a=%d”,d,a);
getch();
}
Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда,айнымалыларды сипаттау жолдары болады. Мысалы:
{n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}
{
int n=0;
n++; бұл блок
summa+=n;
}
Цикл операторлары
Цикл-бір амалды бірнеше рет орындау цикл деп аталады.
Циклдің үш түрі бар:
1) әзір циклі
2) дейін циклі
3) параметрлі цикл
FOR цикл операторы
For операторы айнымалы ретінде берілген цикл параметрінің алғашқы, соңғы мәні мен өзгерту қадамы белгілі болғанда, соған cәйкес бір немесе бірнеше операторларды қайталап орындау кезінде қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы немесе арифметикалық цикл деп аталады.
FOR цикл операторының жалпы жазылу түрі:
For(x=x0;x<=xk;x=x+dx)
{
<1-оператор>;
<2-оператор>;
….
<n-оператор>;
}
Мұнда x=x0- цикл айнымалысының бастапқы мәні, x<=xk- циклдің орындалу шарты, x=x+dx- цикл айнымалысының қадамы. x=x0 цикл операторы орындаларда бір рет есептеледі, x<=xk ақиқат болса немесе 0-ге тең болмаса, цикл тұлғасы ретіндегі операторлар атқарылады. Содан соң x=x+dx есептеледі және x<=xk мәні қайта анықталады. x<=xk мәні жалған болса немесе жалпы жағдайда ол 0-ге тең болса, FOR операторының жұмысы аяқталады. Сонымен цикл тұлғасының келесі орындалуы немесе орындалмауы оның атқарылуы алдында анықталады.
While операторы
Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары алдын ала немесе соңынан тексерілетін екі цикл түрі бар. Шарты алдын ала тексерілетін цикл операторының жазылуы:
While(шарт-өрнек)
Оператор;
Мұнда шарт ретінде шартты өрнек немесе кез келген типтегі өрнек пайдаланылуы мүмкін. Оператор қарапайым немесе құрама болуы мүмкін. Ол құрама оператор болса, онда операторлар жиыны жүйелі жақшаға алынып жазылады. While операторы орындалғанда, алдымен жақша ішіндегі өрнек есептеліп тексеріледі. Егер өрнек мәні ақиқат болса немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болмаса, онда оператор атқарылады.содан соң жақшадағы өрнек тағыда есептеледі.егер өрнек мәні жалған болса,онда While цикл операторы өз жұмысын аяқтайды.
Do…while цикл операторы
Шарты соңынан тексерілетін Do…while жалпы жазылу түрі:
Do
{
1-оператор;
2-оператор;
… … …
n-оператор;
}
while(өрнек);
цикл тұлғасы ретінде қарапайым немесе құрама оператор қолданылуы мүмкін. Жақшадағы өрнек цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған өрнек ақиқат болса, цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса, цикл аяқталады.
Cи тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу <stdio.h> енгізу- шығару функциялары кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақырыптық файлы ретінде былай жазылады:
#include<stdio.h>
Printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:
Printf(<Формат тіркесі >,<аргументтер тізімі>); Мысалы:
Printf(“a=%f\n”, а);
Scanf() функциясы мәліметтерді енгізу үшін қолданылады.
Scanf(<формат тіркесі> , <аргументтер тізімі>);
Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады. Мысалы:
Scanf(“%d%f”,&x,&y);