- •2013-2014 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
- •1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •«Тіл және әдебиет» білім саласы
- •1.2 «Математика» білім саласы
- •1.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •1.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •1.5 «Өнер» білім саласы
- •1.6 «Технология» білім саласы
- •1.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •2 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •2.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •2.5 «Өнер» білім саласы
- •2.6 «Технология» білім саласы
- •2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •3 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •3.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •3.5 «Технология» білім саласы
- •3.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •4 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
- •5 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
- •Мазмұны
1.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Дүниетану
Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің 1-сыныпқа ендірілуіне байланысты «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады. Ал 2-4-сынып оқушылары «Дүниетану» пәнін оқу жылы көлемінде аптасына 2 сағатпен оқуды жалғастырады. 2-сынып «Дүниетану» оқулығының жаңадан жазылып, пән мазмұнның өзгеріске ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды
Бастауыш сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының тақырыптары «Дүниетану» пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
№ |
Тақырыптар |
Сағат саны |
1- сынып |
||
1. |
Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары. |
1 |
2. |
Адам. |
1 |
3. |
Табиғат. Ауа райы. |
1 |
4. |
Қыс. |
1 |
5. |
Көктем. |
1 |
6. |
Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
2- сынып |
||
1. |
Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қатынасы. Адам және табиғат. |
1 |
2. |
Табиғат.Ауа. |
1 |
3. |
Табиғат. Су. |
1 |
4. |
Табиғат. Топырақ. |
1 |
5. |
Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік – тіріағза. |
1 |
6. |
Табиғатты қорғау ережесі. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
3- сынып |
||
1. |
Адам – табиғат перзенті. |
1 |
2. |
Табиғат және адам. |
1 |
3. |
Ауа. Су. Ауа райы |
1 |
4. |
Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай және табиғи газ. |
1 |
5. |
Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы. |
1 |
6. |
Бунақыденелілер. |
1 |
|
Барлығы: |
6 |
4-сынып |
||
1. |
Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. |
2 |
2. |
Пайдалы қазбалар, олардың топтары. |
1 |
3. |
Су. Су айналымы. |
2 |
4. |
Ауаны ластаушы заттар. |
1 |
5. |
Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. |
1 |
6. |
Қауіпсіздік ережелері. |
1 |
7. |
Жер –ғарыш денесі. |
2 |
|
Барлығы: |
10 |
Барлығы1-4 - сыныптарда |
28 сағат |
|
