Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Орта жүз шежіресі

Жанарыстың екі қатыны болыпты, бірде-бірінің пұшпағы қанамай:

Бізге көру күн қайда, жас иісті баланы - ай, - деп, зарығып, қамығып жүрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты. Ой, Құдай берді ғой! Бала беретін әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, қолдамасаң саған серт! Сарт болсаң, садағам кет!-деп, алтауына алты қой сойыпты, кір-қоңдарыңды жудыр, аттарыңды тынықтыр! Осы қойлардың етін жеп тауыспай жібермеймін, - депті. Сонда қожалар мұның шын құлап, ықылас қылған пейіліне риза болып: Осы алтауымыз да атымызды бердік, Алты ұлға ата боласың – деп, баталарын беріпті. Аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа. Сонан соң қатындар буаз бола бастап, бәйбішеден –

24

төртеу, тоқалдан – екеу туыпты. Алтауына алты қожаның атын қойыпты. Бәйбішеден туған төрт бала: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа. Қарақожадан Арғын, Аққожадан Найман, Ақтамбердіқожадан Қыпшақ. Дарақожадан Қоңырат. Тоқалдан туған Смағұлқожа, Қасымқожа. Біреуінен- Керей, Біреуінен - Уақ.

Естіген құлақтың жазығы жоқ, Арғын апасы қыз күнінде оң жақта отырып, бір төремен айқасып қалып, еркек бала тауып: «Бұл қалай?- деушіге дәнеме дей алмай, шашын тарай берген екен. Сонан баланың аты «Тарақты» қойылып: «Төре жоқта Тарақты төре болуға жарайды» - деген де сөз бар. «Қыздан туғанның қисығы жоқ», - деп, Арғын балаларына тарақты – ноқта ағасы болған», - деседі. Орта жүз Тарақтымен қосылып, «Жеті арыс ел» аталған.

Арғынның бәйбішесінің аты – Аргүл. Мұнан – Құтан, Бұтан деген екі ұл туған. Бұтан қыршын жасында өліп қалып, нәсіл-тұқым қалмаған, Құтаннан – Мейрам сопы жалғыз Арғынның тоқалының аты – Момын. Бұл Момыннан- Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопыдан – «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды Тобықты. Қарасопыдан – «Қарақай» ұранды Қарауыл, «Барлыбай» ұранды – Бәсентиін. Сарысопыдан – «Ұшыбай» ұранды Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Арықсопы, Нәзірсопыдан ұрпақ жоқ. Арғын бабамыз жүз алты жасында бір тоқал алған, аты-Айнакөз. Онан туған баланың атын Тәнбісопы қойған. Тәнбісопыдан - Үсенбай, Елемес. Елеместен - Ерман. Ерманнан - Шағыр, Бөлтірік. Шағырдан - Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сомжүрек. Аманжолдан - Көшей. Көшейден - Шақшақ батыр. Шақшақтан – Қошқар. Қошқардан - Жәнібек. «Өр Жәнібек» аталған.

Мейрамсопының қайыны – алшын Құдысбай екен. Қалыңдығының аты Нұрфая екен. Өзін қыс ішінде ұзатыпты. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалған екен: - Бикешке шешесінің жоқтығын білдірмеймін!- деп, Нұрфаяның жеңгесі еріпті. Көш ілгері кетіп, күйеу жігіт артта қалып, көштің ізімен келе жатса, көштегі үш әйел түзге отырыпты. Ат үстінен келіп, жолшыбай түзге отырған кім болды, - деп қараса, біреуінің сідігі тоңды бір қарыс айырып жіберген екен. Түнде қойнында жатқан қалыңдығы Нұрфаядан сұраса: Ол Қарқабат қой. Отыра қалып күрілдеткенде, қасындағы өзіміз де шошып қаламыз, ат та тас-талқан болып үркеді-депті. Елге келіп орныққан соң, екі елдің арасы жау болып, қайын сіңлісін ертіп келген қатын еліне қайта алмай қалыпты. Сонан соң Нұрфая: Ағамның төсі тиген жеңгем еді, басқаға қимаймын! Өзің ал! - деп, - Мейрамның өзіне алғызыпты. Мына күңді де ал, заты күң демесең текті жерден шыққан, жатыры асыл, өсіп-өнейін деп тұр, саған батыр ұл туып береді. Бір жұрттан келген үш ұрғашы - өлсек, тірілсек бір жерде болайық!- деп, оны да алғызыпты. Нұрфаяның өзінен – Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен – Бегендік, Шегендік туады. Қарқабаттан – Болатқожа туады. Бесеуі де - өсіп-өніп, «бес Мейрам» аталған осылар. Қарқабат Мейрам бабамыздың етіне суық су, табанына сыз тигізбеген екен. Мейрамның дәрет су құйған құманын, суы жылы болып тұрсын деп, қойнына алып жатады екен. Мейрамсопы жылдың қай мезгілінде келсе де, босағада, жанғанда түтіндемейтін ақ жапа мен қанарда қу көде тұрады екен. Мейрам Қарқабаттың кезегіне аңсап келеді екен. Мейрам келісімен, тай қазанға

25

су құйып, ақ жапаны жағып суды ысытып, Мейрамның аяғының астына қу көдені қалың қып төсеп, шомылдырып алады екен де, оттай жанған құшағына алады екен. Мейрам әр кеткен сайын: Әй, Қарқабат, сенен кейін ерін осынша сыйлап, мәпелеп, күтіп сүйетін әйел болар ма екен, болмас па екен?! Ой, көсегең көгерсін!- деп, алғысты көп айтады екен. Бұрынғының «Алғыс түбі-ақ май», «Қарғыс түбі - қара қан», - дейтіні сондайды көргендіктен айтқан.