- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Кіші жүз. Адай
Қазақтың қария сөздерінің бірінде Кіші жүз Алшыннан – Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа туған. Қыдырқожаның Жәнби деген әйелінен – Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық туады да, Тотан деген тоқалынан – Ысық, Мысық, Сасық туған. Осы екі әйелдің үстіне Қыдырқожа өзінің ауылындағы қайтыс болған Аманқожа дегеннің жесіріне үйленіп, ол әйелінен Таз туады. Қыдырқожа малды болған адам, соған орай былайғы жұрт Байеке, бай деп атап, ұрпағының Байұлы атанып жүргені содан. Қыдырқожа өзінің Қанбибі деген қызын Атақожа деген бастасының Елтай деген баласына ұзатады. Елтай, Ештай – ағайынды екі жігіт, елге қорған болғандай қайратты ерлер болса екен. Жаугершілікте екеуі де мерт болыпты. Ауыл-ел Елтайдың өлімін қалай естіртеміз деп тосылғанда, Орта жүздің Еспенбет деген бір беделді адамы дүниеге нәресте келсін, сонан соң естіртелік депті. Мұны Қыдырқожа мақұл көріпті. Айы-күні жеткен соң, Қанбибі босанып, ер бала табады. Оған Еспенбет би Адай деп ат қояды. Қанбибі белін бекітіп, шираған соң, күйеуі Елтайдың жаудан қаза болғанын естіркенде Қанбибінің жүрегі жарылып өліп кетіпті. Содан, қызылшақа кезінде тұлдыр жетім қалған Адайды Таздың шешесі бауырына салып емізеді. Бір ананы тел емегендіктен, Байұлының басқаларына қарағанда Адай мен Таздың бір-біріне жақын болатыны содан.
Алшын
Кіші жүз ру-тайпаларын жинақтап Алшын деп атау шежіре сөзінде жиі ұшырасады. Ел ішіне кең тараған шежірелік баян бойынша Кіші жүз Жанарыстан (Бекарыс деп те атайды) - Ораш, одан - Мөңке, одан - шаншар, одан - Тұлпар, одан - Тоқпан, одан - Алау, одан - Алшын туады. Алшыннан - Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа туыпты-мыс. Нәдірқожадан - Қаракесек туады. Сол Қаракесектен өрбіген ұрпақ ішінде тайпа дәрежесіне көтерілгендері: шекті (жаманақ), төртқара (қарамашақ), қарасақал (айнық, тегінболат), қаракесек (ұланақ), кете (бозаншар, тойқожа, түменқожа), шөмекей. Бұл алтауын жинақтап «Әлімұлы» дейді.
Қыдырқожаға мал көп біткен адам екен, сонысына орай былайғы жұрт оны «бай» деп атап, одан өрбіген ұрпағын «Байұлы» деп кеткен. Сол Қыдырқожадан - Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық туған. Сұлтансиықтан - Байбақты, Алаша, Шалқар, Тана, Қызылқұрт туады. Қыдырсиықтан - Ысық, Жаппас, Беріш, Таз, Шеркеш, Есентемір туады. Осыларға қыздан туған адай қосылып, «12 ата байұлы» болады. Сәдірқожадан - Арғымақ, одан - Телеу, Рамадан, Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы туған. Бұл жетеуін жинақтап «Жетіру» деп атайды. Міне, «Алты ата - Әлім», «Он екі ата - байұлы», «Жеті ата - жетіру» дейтіні осылар.
57
Атағозы батыр
Шежіре бойынша Кіші жүз Адайдан – Құдайке, Құдайкеден - Қосай, Тәзіке, Қосайдан - Байбол, Әйтей, Бегей, Тіней, Бәли, Сүйіндік. Байболдан - Есембет, Есенғұл, Мәмбетқұл(Шалбар), Жұлдыз. Есенғұлдан - Есек, Өрөзек, Құрбай, Қоңыр. Нұрбайдан - Айдарлы, Айтқұл, Бәйнеке. Айтқұлдан - әйгілі Атағозы батыр туады. Шежірешілер Атағозының 1704 жылы туып, 1794 жылы дүние салғанын айтады. Заманында қайтсем топтан торай шалдырмаймын деп, елімді жауға алдырмаймын деп, түн ұйқымды төрт бөліп, тоғыз оянып, тоқсан толғанып шығамын деген қырық жігіті елге жайлы қоныс іздеп, Маңғыстаудың ойына алғаш тұяқ іліктіріпті дейді. Адайларды Үстіртке қоныстандыруда Атағозы батырдың қажыр-қайраты мен ерлік істері туралы ел есінде сақталған аңыз-әңгіменің ұшы-қиыры жоқ. Атағозы батыр көршілес Хорезм хандығының Құттықсейіт деген шонжарымен біліш (дос) болған. Бір жолы Құттықсейіт Атағозыны қонаққа шақырып сыйлайды, бірақ арам ойын ішіне сақтап, батырды өлтіруге ниеттенеді. Атағозыны ауылына қайтар жолында өлтіріңдер,- деп, оншақты адамына тапсырма береді. Содан, Атағозы батыр еліне қайтып келе жатқанда алдынан қаптап шыға келген адамдарды көріп, қылышына қол салса, қылышы суырылмайды. Түркімен біліші түнде қынабына желім құйып тастаған екен. Батыр Ер Қосай бабам қайдасың деп ақырып жіберіп, жұлқи тартқанда қылыш та қынабынан босанады. Сол жерде қылышын жалаңдатып, қамалап келіп қалған қарақшыларға қарсы шабады. Әдісі мен айласы, айбаты мен қайраты мысын басқан жаулары бұған ештеңе істей алмайды. Қарсы келгендердің бірін жаралап, бірін мерт еткен соң, Атағозы батыр Құттықсейіттің ауылына қайтып оралып келеді де, ат ойнатып тұрып былай дейді: «Әй, Құттықсейіт, анау қырдың астында сенің қарақшыларыңның өлгені өліп, өлімші болып қалды. Барып жинап ал. Сенің жауыздығыңа басқаларды күйдірмеймін. Бірақ, екеуіміз тағы да кездесеміз. Алладан тілегім сол! – деп, жүріп кетеді. Айтқанындай, Атағозы батыр мен Құттықсейіт хан бастаған қазақ-түркімен жасақтарының келесі бір қақтығысында Құттықсейіт мерт болған. Байбақты Сырым батыр мен алаша Байсал би құда болыпты. Байсал баласына Сырымның қызын айттырып, қалыңмалын төлеп, Байсалдың баласы Сырым ауылына ұрын барып жүреді де, жеме-жемге келгенде қызды алмайтын болып шығады. Байсал: «Балам қызыңды алмаймын дейді, қалыңға берген малымды қайтар,- дейді. Сырым малды қайтармайды. Содан, екеуі айтысып, Нұралы ханға жүгінбекке жолға шығады. Жолда келе жатып Сырым құдасына: «Екеуіміздің хан алдына барып, дауласып жатқанымыз жарамас, хан сарайы келімді-кетімді жер ғой, елге дабыра қылып өсек-аяң тудырып қайтеміз. Одан да әділдігін ел мойындаған адай Атағозы батырға барып жүгінейік, ара ағайын әділдігіне өзіңнің де көзің жетер», - дейді. Байсал бұл сөзге келіседі, сөйтіп, екеуі Атағозының ауылына келіп түседі. Атағозы бұларды күтіп алады. Екі жақты да тыңдап болған Атағозы: «Шырағым, Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, онда саған мал тимейді, қаласаң келініңді аласың, қаламасаң жөніңді табасың»,- депті. Екі би де Атағозының кесіміне риза болып ауылдарына аттанып кетіпті. Бұл хабар Нұралы
58
ханға жетіп: «Алаша мен Байбарақтың арасындағы дауға Атағозы қалай кіріседі? Атағозы алдыма келсін, жауабын берсін!» - деп бұйрық етеді. Ханның шақыруымен Атағозы ордаға келеді. Хан: «Әй, Атағозы, ойда орысты, қырда қазақты қоймай олжалап жүрсең де, өзің бойыңа шыр бітпеген қатпа екенсің ғой»,- деп кекетіпті. Сонда, Атағозы: - Қаралы үйде қарасын жеген қатын семіреді, әділетсіз елде қарашасын сорған хан семіреді дегенді білмеуші ме едіңіз? Мен қайткенде топтан торай шалдырмаймын, халқымды сырт дұшпанға алдырмаймын деп, түнімен тоғыз оянып, тоқсан толғанып шығамын, мен арық болмағанда кім арық болады, - деп жауап береді. Хан Атағозыға айбынды батыр, азулы биге лайық қонақасы бергізіп, астына ат мінгізіп, иығына шапан жауып, құрметтеп аттандырыпты дейді.
