
- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
Құрамалы қорғанды үйің болады
Айнымалы төкпелі биің болады
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады
Ішінен шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бежірей деген қызың болады
Алдыңнан кес-кестеп өтетін
Кекірей деген келінің болады
Ішкенің сары су болады
Берсең итің ішпейді
Бірақ адам оған құмар болады
Домалақ түймедей дәрің болады
Жастарға билігі жүрмес кәрің болады
Ертеңіне сенбейтін күнің болады
Бетіңнен алып түсетін інің болады
Алашұбар тілің болады
Дүдамалдау дінің болады
Әйелің базаршы болады
Еркегің қазаншы болады
Бұхараны құм алады
Төрткүлді күл алады
Халықтың қанын сорған надандар болады
Қабағын түйіп қайыр тілейтін адамдар болады
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады
Ит пен мысықтай ырылдасқан
122
Еркек пен қатының болады
Сарылып келіп тосасың
Құны жоқ қағазды судай шашасың
Соның бәрін көресің
Көріп барып өлесің
Бай құрып бақсы азады
Кеп көбейіп бейшара озады
Қу моладан үйің болады
Қу баладан биің болады
Кебір жерге теңеледі
Әйел ерге теңеледі
Сиыр өгізге теңеледі
Көл теңізге теңеледі
Адам ақысыз жұмыс істемейді
Дүниені түрлеп кестелейді
Ащыны ащы демейді
Сағынып тамақ жемейді
Шапқанын олжа дейді
Алһам білгенін молла дейді
Бір-біріне қарыз бермейді
Шақырмаса көрші-көршіге кірмейді
Үй ішінде неше жан болса
Бас-басына би болар
Тұтам ағаш ту бие болады
Бір жерде он шақты үй болса
Ата-анасы аталып
Бөлек-бөлек жүйе болар
Шайдан басқа асы жоқ
Жақыннан басқа қасы жоқ
Лағынет қамыты мойында
Жұмыстан қолының босы жоқ
Әрқашан олардың көңілінің хошы жоқ
Бар шаруа түп-түгел
Енді мұның иесі жоқ
Бас қосылған жерде
Әйел жағы ден болар
Жаман-жақсы айтса да
Өзінікі жөн болар
Орай салып бастарын
Жалпылдатып шаштарын
Тақымдары жалтылдап
Емшектері салпылдап
Ұят жағы кем болар
Орыс қазақ қосылып
123
Бір-біріне үйір болар
Сөйткен заман кез болса
Түзелуі қиын болар
Жақсының атағы кетіп азабы қалар
Ақылы жоқ санасыздың заманы болар
Сөздің маңызы кетіп самалы қалар
Адамның жақсысы кетіп жаманы қалар.
Балпық шешен
Ертеде Балпық деген өзі би, өзі шешен кісі болған екен. Жасы тоқсанның үстіне шыққанда алты жасар немересі:Ата, сен қашан өлесің,- депті. Сонда Балпық, мен сен өлген соң өлемін депті. Бұған үй ішіндегілер таң блып, әкеміз алжиын деген бе деп ойлап қалыпты да, шыдамаған келіні: «Ата сіз енді тоқсан жас жасайсыз ба?» деп сұрапты.
Сонда би сөздің мағынасын түсінбегендерін біліп: жоқ, мен енді тоқсан жыл жасамаймын, бірақ осы немерем, атам осындай еді, осылай деуші еді деп айтып жүргенде менің өлмегенім. Ал, одан кейінгі ұрпақ менің кім болғанымды қайдан білсін-деген екен.
Жидебай батыр мен Қараменде би
Жидебай батыр жасы тоқсаннан асқан шағында екі көзі көрмей отырып қалыпты. Соданжасынан қатар жүрген досы Қараменде биге бір жігітті жіберіпті, сағынышын білдіруге. Жігіт Қараменде бидің ауылына келіп, биге сәлем береді. Қонақасы жеп, демалған соң Жидебай досының жағдайын сұрайды. Батыр мынадай сәлем айтып еді деп жігіт сөз бастайды. Бес жоқ жоғалттым, мұсылман жаудың қолында қалдым, алпыс арындаған ат, жетпіс торғай, сексен балапан, тоқсан жұмыртқа- досым осының шешімін айтсын деп еді дейді. Сонда Қараменде би: жастайынан қосылып иісі сіңген қосағынан айырылып, келіннің қолына қарап қалған екен ғой. Бір елі аузына екі елі қақпақ қойсын, сонда балаларына жағымды болады. Бес жоқ жоғалтқаны, шырағынан айырылып, жасынан жолдас болған тәспық, кісе, орамал, шақша сияқты бес затын сипалап іздеумен күні өтеді екен. Жанына жан қалта, төсіне төс қалта тіктіріп алсын. Алпысымда арындаған аттай ешкімге дес бермеуші едім, жетпісімде торғайдай ғана әлім бар, сексенімде ұядағы балапандаймын, тоқсанымда жұмыртқадаймын, қашан жарыларымды бір алла біледі дегені ғой деген екен.