Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Жобалай

Балқаш өңірінде Тобықты руынан 19-20 ғасырда Жобалай деген кісі болған. Өзі зор денелі, әрі бай адам болыпты. Бірде, қан сонарда жанында жігіттері бар аңға шығыпты. Содан бірінші алған түлкіні Жөкеңе байлайды. Екінші алынған түлкіні де Жөкеңе байлайды, үлкені сол болса керек. Сонымен түс ауғанша алынған он түлкіні де Жобалай ешкімге сен байлан деп айтпаған соң барлығын да Жөкеңе байлапты. Енді күн кешкіріп қалды ғой, ауылға қайтайық деп келе жатып тағы бір түлкі алады. Жігіттер желкесін қасып тұрып қалған ғой, Жөкең қайсымызға байлан деп айтады деп. Сонда Жобалай: Әй, неғып тұрсыңдар, таңертеңгі үлкен Жобалай кешке жақын кішіреймейді, әкел, байла,-депті.

1920 жылдары Жобалайды байсың деп соттапты. Сол кезде ол кісі 90 жаста екен. Сот 10 жылға кесіпті. Сонда Жөкең: Ей, сен не деген ақылды сотсың, менің 100-ге келетінімді қайдан білдің,-депті. Қыс іші болса керек, шанамен Жөкеңді Қарқаралы қаласына алып жүреді ғой. Жолай қалың қардан шана аударылып, Жөкең қардың үстінде жатыр дейді. Милициялар, ей тұр десе, Жөкең: Жобалай керек болса салып ал,-депті.

Күні бүгінге дейін Балқаш, Ақтоғай өңірінде «Таңертеңгі үлкен Жобалай кешке жақын кішіреймейді», «Жобалай керек болса салып ал» деген сөздер мәтел болып кеткен. Мұның бәрі артымда сөз қалсын дегендік қой.

Боқтампаздың боқтықты қоюы

Ұлытау ауданында, 1970 жылдары бір боқтампаз кісі болыпты. Екі сөзінің бірі боқтық екен. Боқтықты қойыңыз дегенге қоймай қойыпты. Содан немере-шөбере болып келетін, жастары алпыстың ортасында, 5-6 інілері келіп ағасына сәлем береді ғой. Ассалаумағалейкүм десе, әлейкүмассалам әкеңнің аузын... депті. Аға денсаулығыңыз қалай десе, жақсы әкеңнің аузын... дейді де, неге келдіңдер әкеңнің аузын... дейді ғой. Сонда інілері, аға жасыңыз 73-ке келді, пайғамбар жасынан бір мүшелдей астыңыз, енді боқтықты қойыңыз дейді ғой. Сонда, жоқ, қоя алмаймын әкеңнің аузын... депті. Онда қоя алмасаңыз боқтықты бізге беріңіз десе, жоқ, бере алмаймын әкеңнің аузын..., мұның жолы ауыр әкеңнің аузын..., сендер алып жүре алмайсыңдар әкеңнің аузын... депті. Сонда бір інісі тұрып, неге алып жүре алмаймыз әкеңнің аузын... депті. Осыдан кейін боқтампаз шал боқтықты қойып кетіпті.

119

Төле би

-Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шым жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен, үйренгеннен ештеңең кетпейді.

-Бидайдың сабанында дән жоқ, жаманның сөзінде мән жоқ.

Ата алмайтын адамға, қойша жайылған аң жоқ.

-Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін.

-Жиенге қараған-желге қарайды, жездеге қараған-жерге қарайды.

Күйеуге қараған-күлге қарайды, бұл үшеуі жақсы болса,

Халқың күнге қарайды.

-Әділ болса-әкім шырақ, ақылды болса-қатын шырақ,

Аяңшыл болса-атың шырақ.

-Әділдігі болмаса-әкім ит, ақылсыз болса-қатын ит,

Аяңсыз болса-атың ит.

-Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ,

Аллада бауыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.

-Өгізді өрге салма-қанатың талар, наданға көзіңді салма-сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа-түбіңе жетер.

-Жал-құйрығы қаба деп, жабыдан айғыр салма-жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма-өрісің тарылар.

-Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр; кәсіп болмай, нәсіп болмас.

-Ер кетер, жер кетер, ешкімге опа қылмас дүние-боқ.

-Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды.

-Тамам жарлы жиылып, қонған жері көң болмас, сөйлеген сөзі жөн болмас.

Ұры-қары жиылып, ұйтқылы ел болмас, есекті қанша баптасаң,

Бәйгеден келер кер болмас, сайды қанша мақтасаң, ел жайылатын жер

болмас, құмды қанша мақтасаң, лақаттап қояр көр болмас, жаманды қанша

мақтасаң, жайды білер ер болмас.

-Батыр деген-барақ ит, екі долы қатынның бірі табады.

Би дегенің-бір бұлақ, қатынның ілеуде бірі табады.

-Жаңбыр болмаса жер жетім, басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.