
- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
Ерте заманда бір байдың ер жеткен екі ұлы болыпты. Бір жылы қыс өте қатты болып, табын жылқымен қоса екі ұл да боранда ығып кетіпті. Содан қанша жыл өтсе де ешқандай хабар болмапты. Екі ұл жоғалған жылы байдың бәйбішесі босанып, тағы бір ұл туыпты. Жылдар өтіп бала 12-13-ке келгенде бір жесір әйелдің баласымен төбелесіп қалып, мұрнын бұзып қойыпты. Жесір әйел қатты шамданып, баланы қарғап, менің жалғызыма әлің келгенше, мықты болсаң жоғалып кеткен екі ағаңды іздеп тауып алмайсың ба депті. Бұған дейін балаға екі
109
ағасының болғанын, олардың жоғалып кеткенін ешкім айтпаған екен. Сонымен, әке-шешесінен анығын сұраса, сенен де айырылып қаламыз ба деп қорыққандықтан айтпап едік депті. Бала ағаларын іздеуге бел буады да, әке-шешесін көндіріп жолға шығады. Апта жүреді, ай жүреді, сөйтіп қалың қамыс өскен Көкше теңіз (кәзіргі Балқаш көлі) жағасына жетіп, ыққан жылқының батпаққа жылымға түсіп қырылғанын, екі адамның сүйегін табады. Олардың киімінен ағалары екенін біледі. Содан екі ағасының сүйегін дұға оқып сол жерге жерлейді де, елге қарай ат басын бұрады. Содан, келе жатса көлденеңдеп кетіп бара жатқан екі атты кісіні көреді. Бұрылып барып сәлем береді де ары қарай жүріп кетеді. Біраз жүрген соң ой түседі, елге барған соң кім кездесті, не көрдің десе не деймін, қой, аты-жөндерін білейін деп қайта екі жолаушыны қуып жетеді де, Аталар, ғапу етіңіздер, менің жастығым шығар, елсіз далада кездесіп қалдық, мыңның түсін білгенше бірдің атын біл деген сөз бар еді, сіздер кімсіздер деп сұрапты. Екі ақсақал біріне-бірі қарап, мен Жебірейіл періште, мынау Әзірейіл періште депті. Ол кезде періштелер адам жанын көзіне көрсетіп алатын кез екен. Сонда бала, Аталар, менің жанымды қашан алатындарыңызды айтыңыздаршы депті. Періштелер қоржындағы кітапты алып, ашып жіберіп, сен үйленген күні неке төсегіне жатарда жаның алынады депті. Содан бала аман-есен еліне жетіп, ағаларының мерт болғанын, олардың сүйектерін дұға оқып жерлегенін айтады. Әке-шешесі екі баласының жетісін, қырқын, жылын бір күнде беріп, дұға бағыштапты. Бала бесікте жатқан кезде көрші байдың қызына әкесі бесік құда түсіпті. Қыз да бой жетіп, ақылына көркі сай өте сұлу болыпты. Бала да жігіт болып, сымбатты да салмақты, ақылды болыпты. Бірақ, атастырған қалыңдығына ұрын болып бармай қойыпты. Содан қыздың әкесі баланың әкесіне сәлем айтыпты: Балаң ер жетті, біздің қыз бой жетті, бірақ әлі еш хабар жоқ, егер балаңның денсаулығы болмаса, әйтпесе басқа себеп болса қызыма рұқсат беріңдер деп. Содан бала еріксіз қалыңдығына барады. Қалыңдығының ай десе аузы, күн десе көзі бар дегендей өте сұлу екенін көреді. Содан қыз сұрайды ғой, сен неге осы уақытқа шейін келмей кеттің деп. Жігіт болған жағдайды айтып, бір күн болса да тірі жүргім келіп еді дейді. Ештеме етпес, бір амалын табармыз, қам жеме деп басу айтады қыз. Сөйтіп, мынадай ақыл айтыпты. Меңсіз қара қойды сойдыр да, бір мүшесін қалдырмай пісіріп астауға салдырып отауға әкеліп қойдыр дейді де, не айтатынын үйретеді. Той болып, отауға кіріп енді жата бергендерінде екі періште кіріп келіп, е, пақырым, дайынсың ба дейді. Ләпбай, дайынмын, тек бір датым бар дейді. Датың болса айт дейді. Мына меңсіз қара қой сіздердің сыбағаларыңыз еді, дәм татыңыздар депті. Екі періште дәм тату мезіретін жасапты. Сонда жігіт, аталар, қызғалдақ жемеген қозы арманда, жар құшпаған ер арманда деген бар еді, осы дәм қақысы үшін маған бір күн жар құшуыма мұрсат беріңіздерші депті. Періштелер бір-біріне қарап, жарайды, ертең осы уақытта дайын бол деп кетіп қалыпты. Ертеңінде сол уақытта періштелер екінші рет келгенде, жігіт бір датым бар депті. Ал датыңды айт дейді періштелер. Сонда жігіт, мен сіздермен елсіз жаһан далада бір түс жолдас-дос болып едім. Бір күн танысқа қырық күн сәлем деген, кеше дәм қақысы үшін менің өмірімді бір күнге ұзарттыңыздар, ал жолдастық-достық қақысы қайда
110
депті. Сонда періштелер, болмас, жолдастық-достық қақысы үшін қосақтарыңмен қоса ағар деп бата беріп кетіп қалған екен. Содан жігіт қалыңдығының кемеңгер ақылының арқасында бақытты өмір сүріп, ұрпақтарын өсірген екен дейді.