Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Тәуекел хан

Қазақ хандығының Шығай ханнан кейінгі басиесі де, мұрагері де Тәуекел еді. Тәуекел хан таққа отырысымен ата жауы Баба сұлтанды Сауранда қолға түсіріп, басын кесіп, кесілген басты Абдолла ханға беріп жібереді. Тәуекел хан билік құрған кезде оңтүстіктен қалалы өңірлердің есебінен қазақ хандығының іргесі едәуір кеңейеді. Бірде дипломатиялық икемділік көрсете жүріп, енді бірде әскери оралымдылықтың арқасында Ташкент, Ясы (Түркістан), Әндіжан, Ақси, Самарқанд сияқты қалаларды Қазақ хандығының иелігіне қаратады. Шығыстан бас көтере бастаған жоңғар-қалмақтардың (ойраттардың) қомағай ындынына тойтарыс беріп отырады. Тәуекел хан тұсында Ресеймен арада елшілік байланыс орнап, мемлекет аралық ресми хат-хабар алмасу қалыптасады. Осының бәрінде де бұрынғы өткен еңселі хандар мен қағандардың дәстүріне бағып, елдің шеті мен жаудың бетінде Тәуекел ханның өзі жүреді. Содан да болар, Тәуекел хан фәни жалғанмен тақ үстінде отырып қоштасқан жоқ. Самарханд пен Бұхара қалалары үшін болған қанды шайқаста қатты жараланып, кешікпей дүние салады. Оның билік құрған кезі 1583-1598 жылдар.

Есім хан

Тәуекел қайтыс болған соң, оның інісі Есім сұлтан Қазақ хандығының тағына отырады. Есім ханның хандық билікке ие болуы кездейсоқтық емес еді. Мұрагерлік жолымен келсе де, ақыл-қайратына жүгінсе де, сол кезеңге дейін қазақ халқы үшін еткен еңбегі мен төккен терін сараласа да, хан болуға бірден-бір лайық адам Есім сұлтан болатын. Қазақтың Еңсегей бойлы Ер Есім деп ерлігіне сүйінетін адамы да «Есім салған ескі жол» деп даналығын тәу ететін адамы да осы Есім хан еді. Есім ханның хандық құрған тұсында Жоңғар хандығы қаһарлы күшке айналып үлгерген. Күні кешелер дүниені тітіреткен Шыңғыс хан ордасының сол қанаты осы жоңғарлар болатын. Әлемдік билікке ұмтылған ашкөздіктен кейін Монғол империясы шілдің қиындай шашырап, ата жұртының өзінен де береке-бірлік қашқан. Екі-үш ғасырға созылған осынау ара-бара аласапыраннан кейін тірліктің негізі бірлікте екеніне көздері жетіп, ХVІ- ХVІІ ғасырлар жапсарында Монғолияның батыс аймағынан Жоңғар мемлекетінің

70

іргесі қаланды. Мұндай шешуші қадамға ұйытқы болған билеушілердің бірі Қара Құланың баласы батыр Қонтайшы (1635-1653) Жоңғар хандығының еңсесін көтеріп кетті. Жоңғар хандығының қазақтар үшін қаһарлы күш болатын себебі, олар да өмір салты бір салт атты көшпелілер еді. Сол кезге дейінгі мыңдаған жылдық тарихта шығысында Қытайды, батысында Еуропаны ықтырып келген көшпелілер мекенінен іргелес екі мемлекеттің – Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының тарих сахнасына шығуы, әсіресе, Ресей мен Қытайды бейтарап қалдырмады. Олар қайтсе де осынау тау суындай екпінді екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, ғасырлар бойы бүйірлеріне қадалған «шаншудан» құтылуды ойластырды. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолындағы қулық-сұмдықтары жөнінен Ресей мен Қытай бірінен бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік байланыс орнатып, отты қарулармен астыртын жабдықтап, оларды қайтсе Қазақ хандығымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде Жоңғар мемлекетінің тоғауыт, дүрбіт, хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Еділ бойынан қоныс беруі қазақ пен қалмақ арасындағы жүз жылдық соғыстың отын тұтатуға себепші болды. Екіге бөлінген жоңғар қалмақтың ортасында керіліп жатқан қазақ даласы кешікпей-ақ қанды шайқастар алаңына айналды. Осынау ғасырдан астам уақыт аясындағы қантөгіс салдарынан салт атты көшпелілердің үш мың жылдық өркениеті біржола күйреп, сол өркениеттің соңғы тұяғы - Қазақ хандығының Ресей патшалығына бодан болғаны, ал жоңғарлардың ата жұртынан жойылып кеткені тарихтан аян. Міне, осы сияқты жойқын өзгерістің, қатерлі дауылдың алғашқы дүмпуімен Есім хан беттесті. Қазақтың жоңғар басқыншыларына қарсы алғашқы шайқастарының бірі Ыстықкөл үшін болған еді. Бұл соғыста әскерді Есім ханның өзі бастады. Жоңғар-қалмақтың тегеуірінін сезген Есім хан Бұхарадағы, Тұрандағы, Қашғардағы, Қырғыздағы ел-жұртпен тіл табысуда икемділік көрсетті. Ташкент қаласында қырғыздың Көкім биінің құрметіне әйдіңгер күмбез соқтырды. Есім хан өз інісі Күшік сұлтанның қызын Тұрфан билеушісі Аббар-Рахимге беріп, өзі оның қызына үйленді. Сөйтіп, жоңғар-қалмақ шабуылына табанды қарсылық көрсетуге жағдай жасай білді. Ол батыстағы ноғайлармен, шығыстағы моғолдармен тіл табысып, 1617-1620 жылдары қалмақтардың «төрт ойрат» одағына күйрете соққы берді. Нәтижесінде, қалмақтың Шоқыр және Мергентемен тайшылары бастаған ру-тайпалары қазақтарға келіп қосылды. Кейін қазақ билеушілері оларды шығыс ойраттарға қарсы күресте ұрымтал пайдалана білді. Тек сыртқы саясатта ғана емес, елдің ішкі жағдайында да Есім хан орнықтырған жөн-жоралар, тәртіп-талғамдар аз емес. Түптеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Әсіресе, жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет қайраткері екенін көрсетеді. Қай кезде де ел бағына біткен ақылды

71

басшы өз тұсындағы әрекет-тірліктің игі нәтижесін келер күндерге ұластыра білген ғой. Опасыз жалғанға аз күнгі қонақ екенін жақсы білген Есім хан өзінен кейінгі тақтың мұрагерін от пен судан өткізіп, қапысыз дайындағандай. Ол-Есім ханның өз кіндігінен туған Жәңгір болатын. Есім ханның хандық құрған кезеңі 1598-1645 жылдар аралығы.

Жәңгір хан

Есім ханнан соң Қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны елі үшін еңіреп туған ерлігіне бола «салқам Жәңгір» деп атаған. Таққа отырмай тұрып-ақ оның ғажайып ерлігі жалпақ қазақ арасына айдан анық. Жер жағдайын сәтті пайдаланып, тау кезеңіне ұрымтал бекінген Жәңгірдің санаулы сарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрады. Аз қолды таптап өтпек болып, қиын қияға ұмтылған дұшпан әскері 10 мыңдай адамын шығындайды. Осы кезде, жорыққа аттанарда жаушы арқылы хабар салған Жәңгірдің сәлеміне құлақ асып, іле атқа қонған алшын Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен жоңғар жауынгерлерінің ту сыртынан тиеді. Бұл соғыста күйрей жеңілген жоңғарлар көпке дейін үлкен қайрат көрсете алмайды. Қазақ пен жоңғар-қалмақ арасындағы жағдайды қапысыз бақылап отырған Ресей патшалығы көшпелі екі елдің арасындағы өшпенділік отын осы кезде одан әрі үрлей түсіп, жоңғарларға Сібір арқылы отты қару сата бастайды. Отты қарумен жасақтанған жоңғарлар 1652 жылы қазақтарды ойсырата жеңеді. Осы соғыста Жәңгір хан қаза табады. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында орныққан үрдіс.

Тәуке хан

Жәңгір хан өлгенде оның балалары Тәуке мен Апақ жастау болатын. Содан да болар, 1680 жылы Тәуке хан таққа отырғанға дейін Қазақ хандығының тізгіні Жәңгірге мүдделес сұлтандардың қолында болды. Ел билігіне жастайынан көзі қанып өскен Тәуке хан (1680-1718) таққа отырысымен ел бірлігіне тірек болатын шараларын батыл жүзеге асыра бастайды. Бұл орайда, Тәуке ханның елі үшін сіңірген еңбегі екі қырымен айырықша назар аударады. Бірі, елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, төңірегінде анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны. Екіншісі, елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнықтыруы.

Сыртқы саясатта Тәуке хан қазақ елінің терезесін көрші елдермен тең ұстап жүргізуге ден қойды. Түрік сұлтаны мен Қызылбас (парсы) шахы туралы «олардың менен несі артық» деп, өзінің ақыл-парасаты мен хандығының күш-қуатын өрелестіреді. Тәуке ханның шын мәнінде сарабдал ел басшысы, ақылды реформатор ретінде танылғанын атап өткен жөн. Әсіресе, әскери стратегиясы мен тактикасы жөнінен салт атты көшпелілердің сан ғасырлық соғыс және қорғаныс тәжірибесін одан әрі шыңдай түсті деуге болады. Тәуке хан ел ішіндегі тәртіпті реттеуге қатысты жүргізген саяси-құқықтық шаралары қазақ тарихында

72

«Тәукенің жеті жарғысы» деген атпен белгілі. Шын мәнінде, Тәуке ханның «жеті жарғысы» қазақ халқының этникалық болмысымен санасу арқылы, шаруашылық-мәдени типін ескеру арқылы және елдің географиялық орналасу ерекшелігіне орай жасалған мемлекеттің саяси-құқықтық заңы болатын. «Жеті жарғы» арқылы далалық демократия, дәлірек айтқанда, көшпелілер демократиясы өзінің ұзына тарихында шырқау биікке көтерілді. Бұған дейінгі үш мың жылдық тарихта хан мен қағанды Тәңірге балап келген халық өзі тап болатын бақты да, сорды да сол хан мен қағанның қылық-қасиетінен көріп келсе, Тәукенің «Жеті жарғысынан» кейін біртұтас қазақ халқы өз тағдырының тізгіні өз қолында екенін сезінді. Халық өз ішіндегі тәртіп пен сыртқы қорғанысқа ең алдымен өзі жауапты екеніне мойын ұсынды. Тәуке хан мұндай демократиялық үрдіске «Билер кеңесін» құру арқылы қол жеткізді. Тәукенің төңірегіндегі Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты әйгілі билер халық өкілі болғандықтан, ой-әрекеттерін өрелестіретін шешуші сәттерде ханға тегеуірінді ықпал ете алды. Себебі, мемлекеттің заң шығаратын, шешім қабылдайтын билігі билердің қолында болып, ханның міндеті сол шыққан заң мен қабылданған шешімді мүлтіксіз жүзеге асыру болды. Рас, бұл жерде заң шығару, шешім қабылдау ісіне хан мүлде араласпайды деген ұғым тумайды. Тәуке хан енгізген демократиялық биліктің икемділігі сонда, ел тағдырына қатысты істе тек қана ақыл мен қайратқа алдымен жол беріліп отырды. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау, Махамбет ақын, Сүйінбай ақын сияқты ұлы тұлғалардың тіреп тұрған әскері болмаса да, шалқып жатқан дәулеті болмаса да, қарсы келген ханға қасқайып тұрып сын айтып, кемшілігін бетіне шыжғырып басқандай ететіні, ең алдымен, халқының сөзін сөйлеп, халқына арқа сүйегендіктен.

Даланың бұл сияқты демократиялық үрдісі ел ішінен шын мәнінде дана бидің, тапқыр шешеннің, көреген қолбасшылардың сұрыпталып шығып отыруына себепші болды. Әрине, мұндай үрдістер көшпелілер қоғамы Тәуке ханға дейінгі өзінің ұзына тарихында мүлде құралақан болып еді деп, ауызды қу шөппен сүртудің қисыны жоқ. Тәуке ханның тарихи еңбегі, өзіне дейінгі сан ғасырдың өмір тәжірибесін, көшпелілердің демократиялық үрдістерін жинақтап қорыта келе, елдің бірлік-пәтуасына қызмет ететін тетікті таба білуінде. Сондықтан да халық оның есімін «Әз Тәуке» деп қастерлеп атады.