
- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Қасым хан
Тарихи деректердің қисыны бойынша Қасым хан 1445-46 жылдар шамасында дүниеге келіп, 1518 жылы дүние салған. Хандық құрған кезі 1511-1518 жылдар аралығы. Қасым ханға топырақ Сарайшық қаласынан бұйырған. Өкініштісі, 1580 жылы Сарайшық қаласын орыстар басып алған соң, ондағы Алтын Орда кезінен бастап хандар жерленген киелі қорым (пантеон) талауға түсті. Тіптен, орыс казактары хандардың сүйегін көрден шығарып, қорлауға дейін барды. Қазақ
65
даласы деп аталатын байтақ мекен алғаш рет Қасым ханның тұсында біртұтас қазақ халқының мекені болып орнықты. Бұл - Қасым ханның ұлы қасиеттерінің арқасында мүмкін болған тарихи белесті оқиға еді. Қасым хан бүкіл саналы ғұмырын ұлтты ұйыстыруға, елді орнықтыруға сарып етті. Әсіресе, Шайбан әулеті Шығыс Дешті Қыпшаққа билігін жүргізуді доғарған соң, көшпелі ру-тайпалар өздерінің түпкі қанына тартып, Қазақ хандығына лек-легімен келіп қосылғаны белгілі. Мемлекеттің ішкі құрылымын жасақтау, ру-тайпаларды жаңадан жіктеп жарастыру, олардың мекен-тұрағы мен көші-қонын белгілеу, мұның бәрі бір пәтуаға келу үшін елдік жөн-жоба мен әдет-заң жүйесін орнықтыру сияқты келелі істер негізінен Қасым ханның тұсында жүзеге асты. Бұл ретте, оның аса тегеуірінді реформатор болғаны еш күмәнсіз ден қойдырады. Сондықтан да оның ел үшін еткен еңбегі мен төккен терін халқы қастерлеп, сол жолда ел-жұртты ұйыстыратын жөн-жоба тарихтың небір зобалаңында қазақтың қазақтық қалпын сақтап қалуына себепші болды. Бұл әсіре сөз емес!
Мамаш хан
Қасым хан дүние салған соң, оның бел баласы Мамаш сұлтан тақ иесі болды. Мамаштың туған жылы белгісіз, өлген жылы 1521-22 жылдар деген дерек бар. Хандық құрған кезеңі 1518-1522 жылдар аралығы болмақ. Тарихи деректер бойынша ХVШ ғасырдың басынан 50-ші жылдарға дейінгі аралығы Қазақ хандығы үшін сыны мол, толқымалы кезең болды. Оның сыртқы және ішкі себептері бар: біріншіден, қазақ пен ноғай арасына жарықшақ түсіп, іргелерінің сөгіле бастауы, екіншіден, моғол, өзбек хандықтарымен арадағы қанды шарпысулар, үшіншіден, шығыстан күзгі бұлттай түнеріп ызғары мен ызбарын таныта бастаған қалмақ-ойраттар(жоңғар хандығы) тегеуріні, төртіншіден – Қазақ даласына әр тараптан шоғырланған ру-тайпалардың әлі де болса этникалық кірігуі мен жарасым табу үдерісіндегі табиғи қиындықтар, міне, осының бәрі ел-жұртты алакөңіл етіп, Қазақ хандығының шаңырағын шайқалтып жіберген.
Аз уақыт аясында (1518-1538) бес хан бірін-бірі алмастырады. Мамаш хан осындай сыны мол кезеңге тап болған алғашқы хан еді. Әрине, тарихтың бұйыртқан сыбағасынан қашып құтылу ешкімнің маңдайына жазылмаған. Бұл ретте, Мамаш ханның да, одан кейінгі хандардың да жеке басының қадір-қасиетіне бәлен деп баға беру қиын шаруа. Уақыт зобалаңын бір ғана пенденің қадір-қасиетімен парықтаудың да қисыны жоқ. Мамаш ханның жорық жолында, шайқас үстінде өлуінің өз біраз жайды аңғартса керек.
Тайыр хан
Әйгілі Әз Жәнібек ханнан туатын тоғыз ұлдың бірі - Әдік сұлтан. Тайыр хан осы Әдік сұлтанның бел баласы, ұлдардың ішіндегі ең үлкені. Тарихи дерек көздерінде Тахыр хан немесе Таһир хан деп те аталады. Ілгеріде өткен Керей, Жәнібек, Мұрындық, Қасым хандардың тегеуірінді қимылдары, аз уақыт
66
аясында Қазақ хандығының ширақ еңсе көтеруі және байтақ мекенді иемденіп үлгеруі төңірегіндегі ел-жұрттың қызғанышын ғана емес, қорғаныс-қарсылығын да қоздырған. Мұның сыртында Қазақ хандығының өз ішінде де ру-тайпаға билігін жүргізіп, әлденіп үлгірген сұлтандар арасында бәсеке-бақастық өрши бастаған. Тайыр хан болса мұндай ахуалда икемділіктің орнына тоңмойындық танытып, ел-жұрттың бірлік-пәтуасын қожыратып алады. Нәтижесінде, қазақ пен шайбан әулетінің, қазақ пен моғолдың, қазақ пен қалмақтың арасында әртүрлі қақтығыстар болып, көп жағдайда қазақтар есе жіберіп, ұтылыста қалып отырады. Ханнан күдер үзген ел-жұрт бас сауғалап, төңірегіндегі тілі мен ділі жақын хандықтардан пана іздейтін болды. Ақырында Тайыр ханның төңірегінде тірек болар қазақ рулары сиреген кезде, Атбасы деген жерге көшіп барып, қырғыздарға билігін жүргізумен шектелген. Бұл жөнінде Мырза Мұхаммед Хайдар былай дейді: «Ал, Таһир ханға келер болсақ, сол кезде оның адамы екі жүз мың болды. Оның бақытты күндері құрдымға кеткен еді, әрі әскері он лектен (миллион) екі жүз мыңға дейін азайды. Ол өте қатал, әрі ашушаң болды. Содан адамдардың бәрі Тайыр ханнан жан-жаққа қашып кетті. Сөйтіп, оның жанында баласынан басқа ешкім де қалмады. Бұл екеуі де қашып қырғыздарға барып қосылды. Тайыр хан 1532 жылы дүние салып, қырғыз жерінен топырақ бұйырған. Хандық құрған кезеңі 1523-1532 жылдар аралығы.