- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
Әуелі – Адам ата: оның атасының атын білуші жоқ. Қайдан білсін, алғашқы адам болып, топырақтан жаратылды.
Екінші – хазірет Ғайса пайғамбар. Құдірет шеберлігін көрсету үшін он үш жасар қыздан атасыз туғызды.
Үшінші – Хызыр пайғамбардың атасының атын білуші жоқ.
Төртінші – Ескендір Зұлқарнайынның атасының атын білуші жоқ.
Бесінші – Шыңғыс ханның атасының атын білуші жоқ. Баяғы бір ата білемін дегендер Есүгей Баһадүрдің баласы дейді. Ол бекер, Есүгей – қалмақ. Бір қалмақтың баласын осынша жұрт қалайша төбесіне көтереді?! Стамбулдағы Османи нәсілінен басқа, бұл Азиядағы хандардың көбі Шыңғыс нәсілінен, Россияда – граф, ноғайда – князь, қазақта – төре бәрі Шыңғыс нәсілінен.
Есүгей баһадүрден қыз туып, ол қыз 15 жасқа жеткенде, отырған үйінің ішіне сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл туыпты. Оны Шыңғыс (Шыңғыз) атады. Мағынасы хандардың ханы деген сөз.
Алтыншы – Алаша ханның атасының атын білуші жоқ.
Жетінші – Асан қайғының атасының атын білуші жоқ.
Сегізінші – Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ.
Тоғызыншы – Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өз басына қойдырған тасында: Абылай бин Сүйеніш хан деп жазыпты. Ол Сүйеніш қай жерге хан болғанын, қайда жүріп хандық қылғанын ешкім білмейді. Бағзы біреуден сұрасаң, білмеймін деуді өлім есепті көреді де, бәріне де ата табады. Қыпшақ Қорлыбай бидің баласы Досболдан, атаға жүйрік дегенмен,
3
Күншығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда: Адам атасы кім дегенде, Адам атасы – Арсалаң депті. Естіп тұрғандар: жарықтықтың атаға жүйрігі-ай, Адам атаның атасының атын да біледі екен, мұндай атаға жүйрік жан тумас десіп дүркірей жөнеліпті. Ол кісінің айтуы: Қазақ, Қалмақ, Қарақалпақ, Естек, Орыс – бәрі бір ағайынды екен, ең кенжесі Орыс екен. Баланың кішісі болған соң еркелетіп, басы ауырады деп шашын алдырмаған екен, шөметайы ауырады деп кестірмеген екен, сол себептен орыс жұртының шашын алдырмай, кестірусіз кеткені депті.
Бұрынғы заманда Бұхарай – Шәріфте бір Құтып әулие болған екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Бір күні Бұхар ханының ақтаяқтары Құтыптың баласын бір жаман іс қылған орыннан ұстап алып, патшаға апармақшы болғанда, әуелі тақсырдың алдынан өтейік, әйтпесе бізді қарғар деп, баланы әулиеге алып барыпты. Бала, қылғаның рас па дегенде, танбай мойнына алыпты. Сонан соң Құтып мұны бүгін маған беріп кетіңдер, ертең қолдарыңа беремін деп, ақтаяқтардан алып қалыпты. Ақтаяқтар кеткен соң, Құтып басын төмен салып, мұрақпа қылып, қырық шілтенді түгелімен жинап алыпты. Бұхараның осы тұрған ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, қолдап жүрген кісілеріңді маған кәзір алып келіңдер, көремін депті. Сөйтсе 40 шілтеннің 15-і сол тұрған ханның бір баласын қолдап, хан болуға осы лайықты деп, 14-і бір қазының баласын қолдап, хан болуға осы лайық деп, қалған 11-і Әмір-Темірді қолдап, хан болуға осы лайықты деп жүреді екен. Сол Әмір-Темір өзі Самарқандтық, қыпшақ Әміртоғай деген батырдың баласы екен, Бұхарада оқу оқып жүріпті сол кезде.
Әуелі 15-і ханның баласын Құтыпқа алып келеді. Құтып ханның баласын оңаша алып, мынау отырған менің жалғыз балам. Бір жаман іс қылып өзі мойнына алды, осыған не бұйырасың дейді. Ханның баласы: Өзіңіз білесіз де тақсыр дейді. Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба, кет көзіме көрінбей, жоғал деп қуалап шығарады. Онан соң 14-і қазының баласын алып келеді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқандай айтқан екен, тақсыр шариғат біледі де депті. Шариғат жұмысын сенен сұраушы ма едім, шариғат иесі сен бе едің, жоғал, деп оны да қуып шығарады. Сонан соң Әмір-Темірді алып келеді. Оған да әлгі екеуіне айтқан сөзді айтып бергенде, Сіздей жақсының баласы мұндай іс қылған болса, өзі мойнына алса, Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі, Ата жолын қумаса, барынан да жоғы игі. Мұның төресі осы сөз деп, ұшып түрегеліп Құтыптың ілулі тұрған қылышын жалма-жан сурып алып, баланы көк желкесінен бір-ақ шауып, басын жерге түсірді дейді.
Құтып: Африн қолыңа, рахмет сені тапқан қатынға деп 40 шілтенді шақырып алып, жай қолдарыңды, бер бұған баталарыңды! Балам, аяғың жеткенінше жүр, қолың жеткенінше тұт, дүниенің төрт бұрышын қарышта, бетіңе жан келмесін деп бата берді дейді.
40 шілтеннің 15-і мен 14-іне айтты: Сендердің адам болады, іске жарайды дегендерің қуыс қурай екен, біреуі - өзің білесің дейді. Ол адамның барып тұрған жаманы, ар жағында айтарлық дәнемесі жоқ болған соң, өзің білесің дей салады.
4
Біреу адам деп ақылдасқан соң, тисе – тимесе де, төте сөзді айтып қалуы керек, тисе алады, тимесе сол жерді қалады. Екіншісі шариғат біледі дейді. Шариғат білетұғынын кім білмейді. Оның да бөтегесінде дәнеме жоқтығы, өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасық жұрт ұстауға жарай ма? Би қайратқа бағыс жоқ деген. Міне қайратты ердің жұмысы, халыққа әшкере қылмай, жұртқа масқара қылмай, көпке өлтірткенше өзің өлтір деп, өлтірді де салды.
Қазақ халқының қариялары: біз үш ханның баласымыз деп сөйлейді. Сейілхан, Жайылхан, Елхан. Сейілханнан – сегіз арыс Түрікпен. Жайылханнан Майқы, Майқыдан туған Өзбек илан Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: Мың, Жүз, Қырық. Сыбаннан Қазақ пен Созақ. Созақ баласы Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Елханның балалары Қондыгер жұрты. Ол қайда десең, халифа қол астында Қондыгердің ауыр қолы деп айтылатұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе дейді. Түрікпен дегеннің мәнісі – Қондыгер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда қалғандар деп, маңайындағы сарт-сауан: Түркі мынды деп, түркілерден қалғандар деп, сонан Түрікпен атанып кеткен деседі. Мал-арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде деп айтылатындығы түрікпеннің жігіттері аса ер, мықты болып, басқа жұртқа мал сіңіртпесе керек. Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе: Бұрынғы қазақ, ноғай заманында десіп келеді. Мұның мәнісі не деп сұрасаң, қазақ, ноғай әуелінде бір тұқымдас болған дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болған ноғайлар: Қызлар ноғайы, Құндырау ноғайы, Аштархан ноғайы, Қара ноғай, Қырым ноғайы, Орал тауындағы Естек-қадимнан келе жатқан ноғайлар осылар дейді. Онан соң: мынау Қазандық, Көшер ауылы,Мешер ауылымыз дегендер – бұлар татар. Татар қолыңа дәнеме түспесе, бір нәрсені сатар деген сөзден қашып, біз де ноғаймыз десіп келеді.
Үш Жәнібек
Біз бұрыннан естуші едік, үш Жәнібек болған деп. Бірі Әз-Жәнібек, бірі- Өр Жәнібек, бірі - Қыз Жәнібек. Әз-Жәнібек Жиренше шешеннің заманындағы хан Жәнібек, Ноғайлының ханы болған, Жайық бойында ордасы болған. Мұның хан күнінде қазақ та бұған қараған деседі.
Өр Жәнібек – Шақшақ немересі. Ол қалмақтың ханы Қалдан Шерінмен замандас болған.
Қыз Жәнібек Керейден шыққан, өзін өмірінде жан ашуландыра алмаған. Орысқа бағынбаған. Бодамсыз Керейді бастап, аудырған. Жолаушылықта қаза тапқан.
Ер Едіге
Едіге деген ер екен Өзінен бір жас кіші болса
Елдің қамын жер екен Ботам сен тұра тұр
Ел шетіне жау келсе Мен айтайын дер екен
Мен шығайын дер екен Едіге деген ер дүрмін
Елдің қамын жер екен Үзілмес жібек кендірмін
Өзінен бір жас үлкен болса Өзі білмегенге
Ғазизім сіз білесіз дер екен Білгеннің тілін алмағанға
Едіге деген ер екен Емен шоқпармен шекесіне
Елдің қамын жер екен Шық еткізетін мен дүрмін-дейді екен.
5
Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі бар бесікте жатқан бала күнінде біреу тауып алып, Түркістанда ханға апарып беріп, сонан Тоқтамыс асырап, асық ойнап жүрген бала күнінде ол Тоқтамыстың берген төресін бұза берген екен. Сол заманда бір адамның жеті баласы бар екен. Өзі өліп, жалғыз ешкісі қалып, жеті баласы тірі жүрген ешкіні тірідей жетеуі үлесіп алып, меншіктесіпті. Басын біреуі, екі көзін біреуі, төрт аяғын төртеуі, өзге денесін біреуі алыпты. Сонда ешкінің ең кенжесіне тигені артқы аяғы ақсап, оған бұрыш, тотияйын салып шүберек орап қойса, сол шүберек біреудің шығарып тастаған күлін басуменен, ішінде қалған оттан тұтанып, сонан барып, біреудің егініне жайылып тұтанған шүберектен от алып, егін өртеніп кетіп, егін иесі жетеуімен дауласып, Тоқтамысқа келсе, Тоқтамыс хан шүберек орағанды кінәлі қылып, егіннің төлеуін жалғыз соған бұйырыпты. Ол бейшара Зарлап ботадай боздап келе жатқан соң, асық ойнап жүрген Едіге сұрапты. Сонан ол бастан аяқ әңгімесін айтқан соң, жетеуін бірдей шақырып алып: Хан мұның төресін білмей берген екен. Мұның төресі ол емес, мынау: бас бастамаса, көз көрмесе, сау үш аяқ жүрмесе, өзі жүруге жарамаған, көтеріп жүрген ақсақ аяқ қайда барады. Мұның төлеуіне ол кінәлі емес. Бастайтұғын бас иесі, көретұғын көз иесі, жүретұғын сау үш аяқ иесі, солар кінәлі дейді. Мұны бұлар қайта Тоқтамыс ханға барып айтып, жұрт бұл сөзді қостапты. Неше жерден Тоқтамыстың төресін бұзып, төре бере бергеннен, Тоқтамыс хан қиянат қылып, сол қиянатын сезіп, қашып кетіп, ақырында айналып келіп Тоқтамыс ханды шапқанда, Тоқтамыс қашып, жалғыз баласы Нұралыны: Осыны өлтірмей қайтпа деп, соңына салып жіберіп, бір қопаның ішінде жалаң аяғын қамыс жаралап, сол қанаған қанның ізімен барып тауып өлтірген. Нұралы кетерінде Тоқтамыстың бір қызын маған қой деп әкесіне тапсырып кеткен екен. Тоқтамыстың ханымы мұны естіп, әкелі-балалы екеуін араз қылу үшін, сол қызды жасап, түрлендіріп, Едігенің өзін қызықтырып: бала Сіздей болғанша неше қыз табылмайды. Бұл менің балам, өзіңізге лайық бала деп қызын Едігеге қосады. Сонан Нұралы қайтып келгенде, өзі меншіктеп кеткен қызды әкесінің алып қойғанына өкпелеп, әкесін керек қылмай, тастап кетіп қалған. Сол Тоқтамыстың елін шапқанда, Тоқтамыстың бір күңі жаңа босанып, еркек бала туып жатыр екен. Жаңа туып жатқан жас нәрестені аяп, бір құла биені «Сүтін сауып ішіп балаңды асыра деп берген екен. Сол бала ержетіп, Кейқуат атанып, ат арқасына мінгенде, Тоқтамыстың қанын іздеп Едігеге келіпті. Едігенің қартайған кезі екен. Кейқуат қарсы ұшырап қауышайын дегенде, Едіге айтқан екен:
Қулық туған құлаша Күңнен туған Кейқуат
Ат боларын білмедім. Жат боларын білгенде
Күңнен туған Кейқуат Ноқтада басын кеспек пе ем,
Жат боларын білмедім. Жөргекте көзін теспес пе ем, -
Қулық туған құлаша деген екен.
Ат боларын білгенде
Сонда Кейқуат: Мен туып жатқанда балаңды асыра деп құла биені беріп кеткен жақсылығың үшін саған қару жұмсамайын. Қатын болсаң күле-күле жүрерсің, ер болсаң шабыңнан жарылып өлерсің деп жүре беріпті. Сонда Едіге: Әттеген-ай
6
сол шаранаға былғанып жатқанда көзін жоғалтып кетсем, маған бұл тосу болмас еді-ау! Осы сөзін өткізіп кеткені жаман болды-ау деп құса болып жарылып өліпті.
Нұралы қатын алып балалы болған екен. Келіншегі баланы бесікке бөлегенде жөргегінің арасына шеңгел төсеп бөледі дейді. Бала шырылдап таң атқанша жылап шығады екен. Бала неге жылай береді деп сұраса, жөргегінде тікенек, ол-пұл бар шығар, сонан тынышсызданып жылайтұғын шығар депті. Онда жөргегін тазалап, тікенек ол-пұлдан арылтып неге бөлемейсің десе, уай-тәйірі, әке Едігедей-ақ болар, бала Нұралыдай-ақ болар. Нұралы Едігеге не көрсетті. Бұл саған не көрсетер дейсің – дейді екен. Мұны келіншегінен естіген соң, Нұралыға ой түсіп, аттанып, Кейқуаттан барып әкесінің кегін алды дейді.
Едігенің тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен. Өзі тірісінде өсиет қылған екен. Мен қашан өлсем, сүйегімді Қаратаудың Мыңжылқы деген тауының түбінде Созақ деген қорғанның күнбатысында Бабай түкті Шашты Ғазиз атам бар, соның қасына апарып қойыңдар деп. Сол өсиеті бойынша, ер Едігенің сүйегі сол жерге қойылған екен. Бұл сөзді кеште жалаң аяқ Ашдүр айтып, ол кісі де өзін сол жерге қойдырған екен.
