Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Қыпшақ Сейітқұл

Ел ішінде кең тараған шежіре дерегі бойынша қыпшақ ішіндегі аталардың бірі Маманның он баласының ішінде Сейітқұл көзі ашық, көкірегі ояу, көпке

қайырымды болып ержетіпті. Ол кез Маман әулетінің Хиуа хандығының құзырындағы кезі екен. Ханның шаш ал десе бас алатын Қыстаубай атты шабарманы болыпты. Қазақтар оны тоқымқаққан Қыстаубай дейді екен. Сол Қыстаубай бірде Сейітқұл ауылын шауып, екі жақтан да біраз адам шығын болады. Ұрыс кезінде Қыстаубайдың Сейдахмет деген баласы Сейітқұлдың садағының оғынан қаза табады. Осы оқиғадан кейін Сейітқұл тыныштықтың болмайтынына көзі жетеді де, бір түнде ауыл аймағымен қотарыла көшеді. Алғашқыда із жасыру үшін Сырға бет алады да, сонсоң көштің басын солтүстікке қарай бұрып, Торғайға жеткенде тізгін тартады.Торғайға келген соң Сейітқұл Түркістанда көргенін істеп, ағайын-туғанды жұмылдырып, Қабырға өзенінің бойына егін салады. Еңбегі берекелі болып, аз уақытта ағайын-туған ес жинап үлгереді. Санаулы жылда халық саны 400 шаңыраққа жетіп, Сейітқұл ауылы атанады. Жаңалық жата ма, Сейітқұлдың даңқы әрі-бері ағылған керуеншілер арқылы Қыстаубайға жетеді. Баласының өлімі ішіне шемен болып қатып, кектеніп жүрген Қыстаубай қапысыз қамданып келіп, Сейітқұлдың ауылын шабады. Қыстаубай Сейітқұлдың ауылына ат ойнатып кіріп келгенде,

53

Сейтқұл бесін намазына ұйып тұр еді дейді. Еш іркілместен ұмтылған Қыстаубай Сейітқұлды қылышпен шауып өлтіреді де, ауылдың еркек-әйелін тегіс қырып, келген жағына тартып отырады. Бұл 1830 жылы болған оқиға. Сейітқұл 1770 жылы дүниеге келіп, алпысқа қараған шағында қаза болған. Осы оқиға кешікпей сыр бойындағы қалың қыпшақ жұртына мәлім болып, сонда атақты Досбол би сол кезде исі қазаққа даңқы жайылған сегізсері Баһрамұлына өтініш жасайды: «Мына Хиуа ханының баскесері Қыстаубайдың қорлығы өтіп барады. Сыр елінің малын тартып алып, қыз-келіншектерін олжалағаны өз алдына, енді ел ішіне ойран салуды шығарды. Елміз ғой, бір амалын табайық!»- дейді. Сегізсері бұл жайды бұрыннан естіп, зығырданы қайнап жүреді екен. Досбол бидің сөзінен кейін тәуекелге бел буады. Бірде Қыстаубай мыңға тарта қолменен әдеттегідей Сыр елін тонауға шыққанда, Сегізсері де сайланып отырған қолымен қарақшыларды сырдың «Төлек» деп аталатын тұсында қарсы алады, қырғын соғыс басталып кетеді. Екі жақ та өліспей беріспейтіндей тіресе соғысып, адам шығыны көп болады. Сол кезде Сегізсері айқайды салып: «Уа, Қыстаубай, жазықсыз қан төгілмесін, бар кіна бір сенде, шық бермен жекпе-жекке!»- дейді. Сол жерде жекпе-жек басталып, Сегізсерінің мерейі үстем болып, Қыстаубайдың қол-аяғын байлап, халықтың қолына беріпті. Әбден кектенген көпшілік Қыстаубайдың құлақ-мұрнын шұнтитып кесіп, көзін ойып, азаптап өлтіреді. Бұл жөнінде Сегізсерінің ерлігін суреттейтін ақын Нұржан Наушабаевтың мынандай өлеңі бар:

Он жеті жаста қол жинап, Еркіне шықпай қоймапты,

Жанына сарбаз құрыпты. Ер намысын жоймапты.

Қыстаубайдай залымды, Алсын деп кегін бұл сұмнан,

Алысқанда бүріпті. Беруді жұртқа ойлапты.

Бұрап жығып байлапты, Аяқ-қолын тас қылып,

Өлім торын сайлапты. Дүлейді байлап матаған.

Ел шошынған жауыздан, Кегіңді бұдан алшы деп,

Жүрегі ердің таймапты. Лақтырып алға тастаған.