
- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Қарқаралы қайран тау
Ресей отаршылдығы енгізген әкімшілік жүйесінің пәрменімен 1824 жылы Қарқаралы дуаны құрылады. Ғасырлар бойы қалыптасқан ру-тайпалық құрылымның шырқы бұзылып, ел ішінде наразылық туады. Халық бұқарасын Абылай хан тұқымы, Қасымның үлкен ұлы Саржан сұлтан басқарады. Алайда, патша әкімшілігінің Омбыдан шығарған қарулы күшіне Саржанның қолы төтеп бере алмай шегінуге мәжбүр болады. Бұл толқудан кейін Қарқаралы басы патша әскерінің тірек мекеніне айналады. Жергілікті халықтың өрісі тарылып, Қарқаралының шұрайлы алқаптарын патша әкімшілігі билеп-төстей бастайды. Ол кезде Қарқаралының үлкен Төрқара, Шымқора, Жауыртоған сияқты оты-суы мол орманды алқаптарын Қаракесек руының ішіндегі бес ата әлтөбет аталы қоныстайды екен. Бірте-бірте әлтөбеттер ата қоныстарынан ығысып, мал-жанның тынысы тарыла бастайды. Тіптен, қоныс дауы кезінде елдің бас көтерер азаматы Балғазы Байбатырұлы мерт болады. Ақыры, әбден шарасы таусылып, туған жерден күдер үзген әлтөбет руының біраз бөлігі оңтүстікке қарай ығыса көшуге мәжбүр болады ғой. Сонда, елмен бірге көшіп бара жатқан ақын Күдеріқожа Көшекұлы туған жермен былай деп қоштасқан екен:
Қарқаралы қайран тау, Өмір бойы іздесем,
Наурыз-науша берген тау. Табылмас сендей сүтті тау.
Басыңнан малым кетпеген, Ағашың әйбат көрінген,
Үстінен боран өтпеген, Жемісің жерге төгілген,
Мың бас біткен құтты тау. Жарықтығым қайран тау.
Кетейін деп кетпедім,
Төңірегім толған жау.
50
Құдай. Жұмақ. Тозақ
Абай мен Мәшһүр Жүсіп бір-бірінің аты-жөніне сырттай қанық болса да, әлі жүздесіп, көріспеген кездері болса керек. Бірде, тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Босағадан аттай берген Мәшһүр Жүсіпке Абай тосын сауал қойыпты. Ақынның даңқы өзінен қырық күн бұрын жетеді деген, атыңа қанық едім, затыңды көрейін, айтшы кәне, Құдай қайда, жұмақ пен тозақ қайда?» - деп. Сонда Мәшһүр-Жүсіп мүдірместен: Абайдың Құдайы қайда екенін білмеймін, менің Құдайым кеудемдегі жүрегімде. Ал, жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ!» - деп жауап қайырыпты. Абай есті сөзді естігеніне риза болған шыраймен: «Мәшһүр десе дегендей екенсің!»- деп, қолын алып, төрін ұсыныпты дейді.
Қыпшақ Наурызбай би
Шежіре бойынша қазақ арасындағы бес таңбалы қыпшақтың бірі Қарабалық, Қарсақ, Шоманақ, Жолыншы, Жолжақсы, Танабұға туған. Осы Танабұға атасының ішінде жұрт аузына ілігіп, төңірегіне шапағаты көп тиген адам – Қазыбайұлы Наурызбай би. Наурызбайдың әкесі Қазыбай да Қарабалық қыпшақ ішінде сөзі жерге түспес би болған адам. Әйгілі Тарақұлы Өске ақын осы Қазыбайдың тәрбиесін көрген. Сөз орайында, заманында Наурызбай би қазақтың әйгілі билері Досболмен, Балғожамен бастас болған. Балғожа би – Ыбырай Алтынсариннің атасы. Наурызбай би туралы Өске ақын: «Алашта Наурызбай ақылы артық» - десе, Мұхамеджан Сералин «Өтіпті би Наурызбай деген нар да», - дейді. Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» кітабында Наурызбай бидің өлеңдерін мысалға келтірген. Ресейдің отаршылдық саясаты ХІХ ғасырда қарқын алып, қалың қазақтың шырқы бұзыла бастаған Арқадағы қыпшақ жұрты да екіге бөлініп, бір бөлігі Сыр бойын паналауға мәжбүр болған. Ағайын-туғанның тірідей айырылысуы оңай ма, қазақ үшін қасіреттің зоры сол ғой. Сыр қыпшақтары қайғы жұтып күңірене берген соң елдің Досбол би бастаған бас көтерерлері Қыр қыпшақтарына хат жазыпты деседі:
«Дұғай сәлем айтамын. Осында жатып қорқамын,
Қанқожа мен Балқожа. Орыс болып кетер деп,
Сөзіме құлақ сал қожа, Сол жақта қазақ баласы.
Шүйіншәлі Қарпық би, Басымызды қосалық,
Қазыбайұлы Наурызбай, Ұзын судың бойынан,
Жадыңда болсын бір Құдай. Бір жақсылық тосалық.
Ой қыпшақ пен қыр қыпшақ, Онан жақсылық болмаса,
Бәрін жисаң бір қыпшақ. Қатын-бала қамы үшін,
Сол қыпшақтың ішінде, Басқа жаққа босалық.
Дуа деген бір қыпшақ. Дәм бұйырып Сіз келсеңіз,
51
Мінген аты топышақ, Төсек пен төр сіздікі,
Жал-құйрығын жайқалтып, Есікте орын біздікі.
Шалқып жүрген сол бір шақ. Егер тілді алмасаң,
Қоныс болар демеңіз, Айтқан сөзге көнбесең,
Орыстың салған қаласы. Қазулы көр сіздікі!»
Бұл хатқа Наурызбай би былай деп жауап қайырады:
«Досбол би хат жазыпты біздің елге,
Біздің ел сарыарқада шалқар көлде.
Сырлаған сарттың тамын мақтай бермей,
Досбол би, өзің келші осы шенге.
Орыс жүр осы күні Сырды айналып,
Салуға Сырға дуан ыңғайланып.
Салғалы сырға дуан он жыл болды,
Кімің тұр соғысуға оңтайланып?
Баяғы мынау орыс күйінде тұр,
Бұл күнде Ақмешіттің түбінде тұр.
Жалайыр, Үйсін, Дулат, Найман, Қыпшақ,
Жылына үш шабылып құрып отыр.
Бұл сөзге өзіңіз де түсінерсіз,
Тегінде жан емессіз білімдерсіз.
Жаланы зекетім деп үш қинайды,
Орыстай осы күні сартта дінсіз.
Ел қамы, халық тағдыры деп, бұрынғының адамдары осылайша басын тау мен тасқа соққандай күй кешкен. Сол Наурызбай бидің ел ішінде болған кісі өліміне байланысты дауында жасаған төрелігі күні бүгінге дейін ұрпақ жадында. Қыпшақтың Шашамбай деген белгілі адамы жалпақ жатқан арғын-қуандық ішіндегі сайдалылардың қолынан жазым болса керек. Ол кезде сайдалылардың бетке ұстары ақ патшаның таққа отырар салтанатына қатысқан Аққошқар деген кісі болған. Аққошқарға қырық мың жылқы біткен деген сөз бар. Құн дауының бір жағында Шыңғыс төре мен сайдалы Аққошқар болса, екінші жағында правитель Мұқан, Қазыбайдың Наурызбайы, алтыбас Балқожа, Шегеннің Қазыбегі қатарлы басты адамдар болады. Жиналған екі жақ пәтуаласып, билік айтуға Аққошқар мен Наурызбайды шығарады. Сонда Аққошқар би: «Ай, Наурызбай, дауысың қоңыр қаздай саңқылдап құлағыма жетуші еді. Мұның билігін сен айт!» - дейді. Бұл сөзге Наурызбай би: «Сіздің ел ақсақалдың айтқанын тыңдамай, аяқасты қылатын жұрт деп естіп едім. Бұзылып кететін билікті айтпаймын!» - деп жауап беріпті. Сонда Аққошқар отырып: «Аққошқар айтпайтұғын, айтса – айтқанынан қайтпайтұғын. Аққошқар іс қылмайтұғын, іс қылса – елі тыңдайтұғын. Билігіңді айта бер!» - деп жолын береді. Билік айтудың жолы берілген соң Наурызбай: «Орыстың заңы бойынша айтайын ба, құранға сүйеніп айтайын ба, әлде қазақтың қағидасымен, ата-баба жолымен айтайын ба?» - деп сұрайды. Бұл сұраққа Аққошқар: «Ата-баба жолымен жүрейік»,-деп жауап берсе керек. «Онда сізден сұрайтын сөзім бар» - дейді Наурызбай. «Сұра!» -
52
депті Аққошқар. «Сұрасам, жақсы аттың құны не болады?» - дейді Наурызбай. «Төрт бесті» - дейді Аққошқар. «Ер жігіттің құны не болады?» - дейді Наурызбай. «Екі жетім қыз», - деп жауап береді Аққошқар. Осы сұрақ-жауаптан кейін Наурызбай би: «Шашамбайды алты алаш білмесе де, Орта жүздің баласы тегіс білуші еді. Оның құны қырық байтал және бір қалмақ қызы болсын!» - деп кесімін айтады. Аққошқар бұл билікке еш қарсылықсыз келісіп еді дейді. Алайда, елдің біразы Аққошқардың жақ ашпастан келісе кеткен қылығына наразы болып: «Билікті өзің айтпай Наурызбайға неге бердің? Берген екенсің неге көндің? – деп сөз шығарса керек. Сонда жасы сексеннен асып қалған Аққошқар:
Әділ биге жүгінсең, Қазыбайдың Наурызбайына жүгін!
Шегеннің Қазыбегіне жүгін! Балқожа да би екен,
Жүйрік биге жүгінсең, Бірақ, түйесі түнде боталаған би екен!
Наурызбай маған сауал қойғанда, мағынасын түсінбеген екенсіңдер. Орыс заңымен айт десем, ел ағасының біреуін таңдап алып, итжеккенге айдатып жіберетін ниеті болды. Бұл жаза өліммен тең емес пе? Құранға сүйен десем, оның «Бахара» сүресінде «Өлген адамың үшін сен де соған теңдес бір адамын өлтір» деген аят бар. Біреуімізді Шашамбайға теңеп, беліне ілген семсермен жарып тастауға дайын отырды. Ол құранға сүйенсе де сені жеңетін еді. Құран - Құдай сөзі. Наурызбайдың киесі бар адам екен. Мен жауап сөз айтсам, шайнап тастайтындай болып, екі иығында екі жолбарыс шабынып тұрды!» - деген екен. Сол жолы Наурызбай би қырық үш дауға билік айтып, ел-жұрттың ризашылығына бөленіп еді дейді.