Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Алтыншаштың түсі

Шежіре деректерінің бірінде Орта жүз Жанарыстан – Ақтамқожа, одан Ойбас, одан Қыпшақ, одан Сүлімалып, одан Ақкөбік, одан Мүйізді Сары абыз, одан – Құлан, Қара, Сары болып өрбиді. Осылардан тараған ұрпақты Құланқыпшақ, Қарақыпшақ, Сарықыпшақ деп атайды. Қарадан Қобыланды батыр, одан – Тоқтар би туған. Тоқтардан бел бала – Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық туады. Осы бес баланың анасы Алтыншаш келін болып түскен соң

46

түс көріпті. Түсінің мәнісін түсіне алмай атасына жорытады: «Ата, түнде бір қолайсыз түс көрдім. Түсімде бір биік таудың басына шығып дәрет сындырыппын. Дәретім бес тарау болып таудың етегіне қарай ағып кетті, арғы шетіне көзім жетпеді», - депті. Сонда атасы: «Ой, балам-ай, бұл қорқынышты түс емес, қуанышты түс қой! Аман болсаң сенен бес бала туады екен. Сол бес баланың ұрпағы осы дүние бұзылып біткенше бес сала ел болып өсіп-өніп кете береді екен»,- депті. Айтса айтқандай, бүгінгі исі қазақ арасына жайылған бес таңбалы қыпшақ Алтыншаштың бауырынан өрген ұрпақ.

Алпыс алты ата Қоңырат

Қоңырат тайпасының қомақты бір бөлігі өзбек халқының құрамында екені белгілі. Өзбектердің арасына кең тараған шежірелік дерек бойынша қоңырат тайпасының түп тегі Қоңырат ата (Қоңыр би) еді дейді. Қоңырат ата бәйбішесінен төрт перзент көріп, олардың өсіп-өнген ұрпақтары сол балаларының атымен Нақтаңбалы, Қостаңбалы, Айылды, Қанжығалы деп аталатын бір бір атаға ұласқан. Қоңыр ата қартайған шағында тоқалынан бір ұл көріп, оны қартайғанда Тәңірдің берген тартуы ғой деп отырады екен. Сол себепті одан өсіп-өнген ұрпақ тартулы аталып кетеді. Бұлардың бәрін жинақтап «Алпыс аталы қоңырат» деп атайды. Алпыс аталы қоңыратты шежірешілер былай таратады: Уақтаңбалыдан - ашамайлы, баймақты, тарақты, шанышқылы, қазаяқты, шөмішті, қайшылы, ысқылы, қиғашты, жылантаңбалы, балғалы, қарақоңырат, боғажелі, оюлы, хандекті, ырғақты, абақты, көсеулі деп аталатын 18 ру тарайды. Бұлардың барлығын жинақтап «Он сегіз ата уақтаңбалы» деп атайды.

Қостаңбалыдан – төлеңгіт, тілеумет, қарақалпақ, қал, бармақ, құлабы, сауырбұзар, замбыры, құса, отырақы, құшағұр, бәндікүшік, ақпышақ, шал, мәуліш, қарақалпақ деп аталатын 16 ру тарайды. Бұлардың барлығын жинақтап «Он алты ата қостаңбалы» деп атайды.

Қанжығалыдан – ұлыс, шұлық, құйын, қарақұрсақ, малтақа, қолдаулы, қарабура, досқа, топқара, көртоғай, ноғай, желкілдек, ғәлі, қара деп аталатын 14 ру тарайды. Бұлардың барлығын жинақтап «Он төрт баба қанжығалы» деп атайды.

Айылдыдан – қауға, шұран, бесбала, топар, қашай, қарақалпақ, айтаңбалы, тоқсарай, қара, қажыбасша, түркімен – айылды, ақтана деп аталатын 12 ру тарайды. Бұлардың барлығын жинақтап «Он екі ата айылды» деп атайды.

Тартулыдан – тоғыз, мөңке, майдатоба, шопақ, абақты, ор деп аталатын 6 ру тарайды. Бұлардың барлығын жинақтап «Алты ата тартулы» деп атайды.

Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені

Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, ие болғаны Абылай хан заманынан аз ілгері. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан кешіп, сусын

47

орнына қызыл қан ішіп, жаумен алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау қолында оққа ұшып өліп, сөйтіп алған жері еді. Баянаула тауында Жасыбай асуы, сол Жасыбай қазақтың батыры, қалмақпен атысып, оққа ұшып, сол өлген жеріне қойылғаннан «Жасыбай» атанған. Қызылтаудың бауырында «Қалмақ қырған» деген жер – қалмақтың қазақтан ақырғы қырылған қырылысы. Жасыбай оққа ұшқан жолы ер Олжабай бас болып аттанып, қалмақты сол жерде қойдай қамап, иіріп қойып қырып, сонан «Қалмақ қырған» атанған. Сонан соң қайтып қалмақ бұл Арқаны көре алған жоқ. Бұрынғы заманда Ұлытаудан теріскей жағына қарай ағатұғын сайларды «Бесімнің бес баласы» деуші еді, тірі күнінде өзінің қоныс қылған жері болғаны үшін. Оның әкесі – Тілеумбет. Осы Тілеумбет он бес баласын соңына ертіп алып, қара қалмақ Қаттысыбанмен соғысып, он бес ұлдың ең үлкені Аспантай алдымен оққа ұшып, онан соңғысы Амантай, ол да оққа ұшып, бірімізден-біріміз қалмаймыз деп, бәрі сол жолы қырылған. Сонда, Орманшы Бапке, тайлақтың Тайлағы батыр кісі екен, қалмақтың қалың тобын қақ жарып келіп, он бестің үшеуін алып шығып, сары атты Сексен батыр, астында сары аты бар, бір жүкті түйені жүгімен алып шығыпты. Ол түйенің жүгінде бесік бар екен, кебеже бар екен. Бесіктегі балалардың бірінің аты – Қостан. Егер Тайлақ батыр мен Сексен батыр болмағанда, Тілеумбет деген кісіден тұқым қалмаса керек. Сол Бесім деген кісіден өсіп-өнген нәсілден келіп, мен, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, мұны сөйлеп тұрмын.

Ұмытпай жүргенім, осындай ата-бабам қалмақтан не үшін қырылды? Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып, көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу біреуге: «Соңынан қалмастай атаңның құны бар ма еді?»,- дейді ғой. Сондай-ақ атамның қаны қойдың қанындай ағып, алып берген жерінен үрім-бұтақ балалары көзінің жасын төге-төге қаңғып кете берді де, бет-аузы түксиген, басы қуықтай бүріскен, к-ті ешкінің құйрығындай шүршиген бір жұрт иесіз жатқан жердей иелене берді.

Дүзей

Ел аузында Дүзейлер жүзге жетпес, жүзге жетсе де күзге жетпес деген сөз бар. Сол сөздің мағынасы, Қаракесек руының бір бұтағы Кәрсөннен тарайтын дүзей тұқымының аздығын айтқаны. Бұл жөнінде дүзейден шыққан ақын Тұңғышбек Дәлмағамбетұлының (ХІХ-ХХғ.ғ.) өлеңі бар.

Кәрсөннің ең үлкені Дүзей екен, Туысқан дүзейлермен аралбайлар,

Су жайлап, Қараеспені күзейді екен. Қозыбақ, Есен, Аман, Тақабайлар.

Бай болып, басқа кәрсөн көп өскенде, Қоныспай, Баймұрат пен Құлназар да,

Дүзейлер өспей қалған ала бөтен. Ел болды төрт-бес ауыл тауды жайлар.

48