Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы

Дәстүрлі қазақ қоғамында жеке тұлғаның қабілет – қарымы мен адамдық сапасы айрықша бағаланып, ондай тұлғалар үлгі-эталон ретінде қоғамдық өмірдің ұдайы іштей шыңдалып отыруына тегеурінді ықпал еткен. Былайша айтқанда, көшпелі өмір-салтта жеке тұлға шыққан тегіне немесе сіңісті болғанына қарамастан, оның адамдық сапасы ұдайы алға шығып отырған. Мәселен, Орта жүз арғын тайпасының құрамындағы қанжығалы руының бір атасы – Алдаберді, бәсентиін руының бір атасы – Жұмағұл. Осы екі атаның да түпкі тегі асықты жілік ұстатып, асырап алған жетім балалар болғанына қарамастан, Алдаберді атасы барша қанжығалылар үшін қарашаңырақ иесі. Яғни, сол рулар ішіндегі ең жолы үлкен, сыйлы аталар. Бұл жөнінде би-шешендер мынандай толғамдар айтқан:

Төле би: Қой асығы демеңдер, Жасы кіші демеңдер,

Қолыңа жақса сақа ғой. Ақылы асса аға ғой.

Жалаңтөс

батыр: Атамды сұрасаң – жетесіз, Өз тұсымда өзім болдым,

Анамды сұрасаң – некесіз. Жетемді сұрап нетесіз?!

Бөкеш би: Айтатын сөзім тағы бар, Өзі болған жігіттің

Сүйір тілді жігіттің Тегін сұрап не етесің?

Сөзге біткен жағы бар. Атасы үшін кеми ме-

Менің айтқан сөзімді Тағдырдың берген бағы бар.

Жібермей желге қағып ал.

33

Торайғыр

шешен : Бақытты адам қаласа, Атасы жаман болса да,

Қар үстіне от жанар. Төрда отырып сый табар.

Бақытсыз адам қаласа, Жаман туған баланың,

Құрғақ қидан су тамар, Атасы жақсы болса да,

Жақсы туған баланың, Түйе үстінен ит қабар.

Дұшпанымен жауласа білген ата-баба жатпен жақындасып, бауырласа да алған. Шаңырақтағы түйеге мініп келген құл мен күң, құл базарынан сатып алынған бала, жаудан түскен тұтқын, елінен безген қашқын шетқақпай кемсіту тауқыметін тартпаған. Оларға ақыл - қабілетіне қарай қоғамдық ортадан орын берілген.

Жалықпас

Шежіре дерегі бойынша Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесектен – Ақша, Түйте, Шұбыртпалы, Шекті туады. Ақша мен Түйте бәйбіше балалары болса, Шұбыртпалы мен Шекті жаугершілік кезінде сауғалап алған қыздан туып еді дейді. Бұл қызды қолға Сүйіндік түсірсе керек. Қаракесек ағасы Сүйіндіктен қолқалап алып үйленеді. Сондай-ақ, Қаракесек ішіндегі еншісі бөлінбеген аталардың бірі – Жалықпас. Қария сөздердің айтуы бойынша, алшын Зортымақтың асына үш жүздің жақсы-жайсаңы жиналып, аламан бәйгеге бір тұлдыр жетім бала тігіліп еді дейді. Бәйгеде Қаракесектің Сағымсары деген аты бірінші келіп, жетім бала Қаракесекке бұйырады. Сол жерде Қаракесек олжа балаға асықты жілік ұстатып, оң тізесіне отырғызып, құлағына: «Әулетіме жалықпай қызмет ететін бол – Жалықпас, Жалықпас, Жалықпас!»- деп үш рет айқайлап, өзіне бала етіп алады. Қаракесек елге келген соң Жалықпастың білегін тоқалына ұстатып, омырауын иіскеттіріп, бұл енді сенің мұңдас балаң болады депті.

Әлпеш

Қазақтың қария сөзінде Найман екі әйел алған адам екен. Бірінші Қырғауыл деген әйелінен – Ақсақал, Үйелші, Күйелші деген үш бала туады. Екінші Шүңірекей деген әйелінен – Тоқбан жалғыз туыпты. Ол кез ел іргесін жау торыған бір мазаң заман екен. Найман әулетіне тіс басқан қасақы дұшпан қапысын тауып ауыл-елге жойқын шабуыл жасапты. Тұтқиылдан тиген қаскөй жау еркек кіндіктіні қынадай қырып, қарт Найманның төрт ұлын көз алдында өлтіріп, өзін ойрандалған жұртта жалғыз қалдырыпты. Онысы қартайғанда қу бас атанып, қалған өмірі ит қорлықта өтсін дегені болса керек. Найманның қаза тапқан төрт баласының ішінде үйленгені жалғыз Тоқбан екен, оның Әлпеш деген келіншегі жесір қалады. Әлпеш үйсін Дулат бидің қызы болса керек. Шабылған әулет пен қорғансыз қарт Найманның ауыртпалығы енді Әлпештің иығына түседі. Содан Әлпештің әмеңгерім деп алаңдайтын ешкімі болмаған соң, ақылына көркі сай жас келіншекке ата жолымен арғын мен қыпшақтың балалары сөз салады. Найман уәж айтар қисын таппай, ерікті келінінің өзіне береді. Әлпеш болса Атамның тұяғын үзбеймін, атын

34

жоғалтпаймын, ошағын сөндірмеймін, Тәңірдің бар жазғаны болар деп, арғын мен қыпшақтың балаларына жолын беріп, басын босатып алады. Әлпештің бұлай етуінің өзіндік сыр себебі бар еді дейді. Зерделі келіншек өзінің жесірлігінен гөрі, келін болып түскен әулет тұқымының жалғаспай қалатынын уайым етіп жүріп, бір күні атасының дәрет ұсатқан жеріне көзі түседі. Найман қарттың дәреті құмдауыт жерді ырсита жырып, көпіршіп жатса керек. Е, Тәңірім, бере көр! Атамның бойында әлі де қуат бар екен-ау! – деген үміт сәулесі Әлпешті тәуекелге жетелегендей болады. Сол үміт жетегімен Әлпеш төркін жұртына барып, әкесі Дулатпен бірге туысқан Ақмырза деген кісінің Гүлше есімді қызын атасы Найманға айттырып алып қайтады. Әлпеш атасы Найманға алып берген Гүлше қызды мейлінше құрметтеп, енді сен маған ене болдың – деп, атын атамай «Қызене» дейді екен. Гүлше Найман қартқа тиген соң алты айдан кейін жүкті болады. Күндердің бір күнінде Найман қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Ауруының бетін байқаған соң арғын ағайындарын шақырып өсиет айтады. Жасым сексенге келіп, бұл өмірден тұяқсыз өтемін-ау деп өкіріп жылап жүргенде көремін бе деп жүрген балам еді. Мына Қызенеден ұл туса, оның жауабын Тәңірдің алдында сендерден сұраймын дейді. Мұнан соң көп ұзамай Найман дүние салады. Кешікпей-ақ Гүлше де аман-есен қол-аяғын бауырына алып, бір ұл бала табады. Бұл кезде Найман шаңырағының бас иесі болып отырған Әлпеш алты алаштың басын қосып, ақ түйенің қарнын жарып, ұлан-асыр той жасайды. Осы тойда үйсін Дулат би: «Найман – қаны араласқан қадірлес құдам еді, мына нәресте артында қалған белгі ғой, аты Белгібай болсын», - депті. «Балаға ат қою жолы біздікі еді, Найман атамыздың Тәңірден өкіріп жылап жүріп тілеген баласы ғой, атын Өкіреш қояйық» - деп арғындар да тілек білдіреді. Мұның бәріне Әлпеш ақ жамбы (күміс), ақ бас құндыз, ақ атан бастатып жолын беріп риза қылады. Бұл жөнінде мынандай өлең бар:

Баланың атын қойды Белгібай деп, Ару Әлпеш баланы ардақтайды,

Атадан туып қалған белгі ғой деп. Тәңірім бір тілекті берді ғой!-деп.

Қария сөзден қалған «Өкіреш Найман» деген ат осыдан қалған екен дейді. Ақыл-парасаты мол Әлпеш көз алдында дүниеге келген кішкене қайнысы Белгібайды он алтыға келгенше күтіп отырып, өзі отыз жетіге келгенде әмеңгерлік жолымен қосылған екен. Белгібай мен Әлпештің арасынан бір ұл туып, «Сүйінші, Найманның тұяғы жалғасын тапты!», - деп қуанып, атын Сүйініш қояды. Сүйініштен - Төлегетай, одан – Қытай, одан – Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл туып, бұл соңғы буынның өсіп-өнген ұрпағы «Төрт Төлегетай» атанады. Найманның тұяғы Белгібай Әлпештен басқа да бірнеше әйел алған. Бұл жөнінде шежіре сөз айтады, Әлпеш: «Мен аруақтың орнын сыйлаған соң саған қосылған жеңгең едім, енді өзің таңдап қыздай қатын ал», - деп, Белгібайдың көңілі сүйген бір қызды алып береді. Ол – Түркімен Арлауыт бидің Қаракөз атты қызы болса керек. Белгібайдың бұл әйелі бала көтермейді. Бұл екі ортада Әлпеш екінші балаға жүкті болып, ол аман-есен туған соң, есімін Сүгірше қояды да, оны Қаракөз сұлудың бауырына салады. Әлпеш Сүгіршеден кейін баладан тоқтап, өзі бөлек шығып, енді орнымды бассын деп, өзінің Тоқсұлу атты немере сіңлісін Белгібайға қосады. Тоқсұлудан - Өтеген туады. Сөйтіп, Белгібай (Өкіреш) некелеп қосылған үш әйелінен Сүйініш, Сүгірше,

35

Өтеген атты үш бала көреді. Қазақтың қария сөзінде тоғыз таңбалы қалың найман осы үшеуінен өсіп-өнген. Осындай күйге жеткізген Әлпеш сияқты дана әйелді қазақтың қария сөзін айтушылар күні бүгінге дейін «Найманның әулие келіні», «Исі Найманның ардақты анасы» - деп қадыр тұтады. Енді Белгібайдың анасы Гүлше жайын шежіре былай баяндайды: Найман өліп, асын берген соң, ата жолымен Найманның ұлы атасы Сарымен бірге туысқан Шомақтың немересі Елтайға Гүлшені әмеңгерлік жолымен қосады. Сол Елтайды Әлпеш атамның орнына ата болды деп, есімін Елата деп атап кетеді. Кейін Елата мен Гүлше арасынан бір ұл туады. Оны Белгібайға серік болсын деп, атын Серікбай қояды. Серікбайдан – Келбұға, Кетбұға атты екі ұл туады. Шежіренің бір нұсқасында Келбұғадан – Балталы, Кетбұғадан-Бағаналы туады. Бұлардың ұрпағы да бір-бір іргелі руға ұласқан.

Сөз орайында, Кетбұға жырау әйгілі Шыңғыс ханның оң тізесін басып отырған би болғанын, «Ақсақ құлан» сияқты күйді тудырған ұлы күйші. Найман атасының тұяғын жалғар ұрпақты шашау шығарғысы келмей, ұжымын жарастыру үшін Әлпеш Серікбайды өз бауырына салып өсіреді. Белгібай мен Серікбайдың емшектес-енелес болғаны өз алдына, екеуі де туғандай болып кетеді. Осының бәріне Әлпеш ана ұйытқы болып, Найманның кіндігінен тараған ұрпақ жиырма шақты ауыл болғанша жат болып кетпесін деп, енші бөлістірмей, мал-жанын ортақ ұстатыпты дейді.

«Байдың малы ортақ болсын, батырдың жаны ортақ болсын, шебердің қолы ортақ болсын, шешеннің тілі ортақ болсын, балуанның күші ортақ болсын, біреуге-біреу зорлық жасамасын!»- деген өсиет осы Әлпеш анадан қалыпты деген сөз бар.

Домалақ ана

Асыл ана, аяулы жар, көреген әулие Домалақ ана (Домалақ ене) туралы ұлағат-өнегесі мол аңыз-әңгімелер ел ішінде мейлінше мол және алуан нұсқалы болып айтылады. Ондай аңыз-әңгімелерде Домалақ ананың азан шақырып қойған есімі де Нұрила, Бибісара, Айша, Бибайша, Мейірбике, болып әртүрлі нұсқада аталып отырады. Ұлы жүзге ұйытқы болған Бәйдібек бабаның үш некелі болғаны айтылады. Бәйдібек бабаның үш жұбайының ішінде Домалақ ана (Нұрила) айрықша қадір-қасиетімен ел жадынан орын алған. Бәйдібек ауық-ауық Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің мазарына зиярат жасап жүреді екен. Бір барғанында сонда жүрген дуалы ауыз шайық жолығып, Бәйдібекке: «Осында Нәзірге (бақылаушылыққа) бір қыз келіп еді, қасиет-киесі бар адам екен, отырғанда төңірегі нұрланып жарық шашып тұрады, осы қыз сіздің әулетіңізге құт келтіріп, ұрпағыңыз өсіп-өнер еді», - деп кеңес береді. Бәйдібек шайықтың сөзін мақұл көріп, қызбен сөйлесіп, көңілдері жарасады. Сол қыз Бәйдібектің үшінші некелес болған адамы Нұрила еді дейді. Нұрила Бәйдібектің шаңырағына келіп, ақыл-парасатымен төңірегін баурап, жұрттың ықыласын бір өзіне аударып алады. Ел-жұрт оны құрмет тұтып «Домалақ ана» дейтін болады. Мұндай ахуал Бәйдібектің бәйбішесі Сарыға шаншудай қадалады. Бұрын өзі би, өзі төре болып үйреніп қалған Сары бәйбіше күндесі Домалақ анаға көп қысым көрсетіп, қиянат жасайды. Ең арғысы Домалақ

36

ананың тұла бойы тұңғышы Тілеуберді туғанда, сол бейкүнә нәрестеге қол жұмсап, шекесін жаралап, оның «Жарықшақ» атанып кетуі содан еді дейді. «Күндестің күлі де күндес» дегендей, Домалақ ана жеті түнде бесікке асылып Жарықшағын емізіп отырса, сары бәйбіше үйдің сыртынан түйе болып сүйкеніп, киіз үйдің сықырлатып, мазаны алады екен. Сонда сүйкеніп жүргеннің мал емес, Сары бәйбіше екенін іштей біліп отыратын Домалақ ана: «Мал болсаң өркенің өссін, адам болсаң Жарықшағыма қосшы бол!» - дейтін көрінеді. Аузының дуасы бар Домалақ ана айтқан сол сөздің салқыны Сары бәйбішенің ұлдарына тиіпті дегенді шежіре сөзі айтады. Бірде, Сары бәйбіше Бәйдібекке сөзін өткізіп отырып, ел көшкенде Домалақ ана жұртта қала береді. Күндердің бір күнінде мұздай құрсанған қалың жау елдің көшкен жұртында жалғыз үй отырған Домалақ анаға соғып, Бәйдібектің ауылының қай тұста екенін сұрайды. Домалақ ана оң шырай танытып, дұрыс жолды көрсетіп жібереді. Сайланып келген жау қойсын ба, ертесінде-ақ Бәйдібектің қалың жылқысын дүркірете қуалап айдап қайтқан жау жолай Домалақ ана отырған жұртты басып өтеді. Сонда жау жасағын бастап жүрген кісі атының басын бұрып келіп домалақ анаға «Бәйбіше, сіз көрсеткен жолдың сәті түсіп,олжа серік болдыңыз, мына қалың жылқыдан қалаған біреуін ұстаңыз»,- дейді. Домалақ ананың күткені де осы екен, кереге басындағы құрды алып, жылқы ішіндегі жал-құйрығы төгілген сары азбанды ұстайды. Жау кетеді: «Домалақ ана сары азбанды арқыратып мама ағашқа байлап қояды. Көп кешікпей жанында Сары бәйбішеден туған тоғыз ұлы мен қуғыншы жігіттері бар Бәйдібек те келеді. Домалақ ана: «Сабыр етіңдер, жаудың қарасы көп, күші басым, текке ұрынып қаласыңдар, ақырын күтейік, қайыры болар!»-деп, ақыл береді. Алайда, шешелері Сары бәйбішенің ауанымен едіреңдеп өскен тоғызұл Домалақ ананың сөзіне құлақ аспай, жауды өкшелеп қуып кетеді. Домалақ ананың айтқаны айдай келіп, ертеңінде Бәйдібек бастаған қуғыншылар өрт шалған қамыстай селдіреп қайта оралады. «Мал ашуы-жан ашуы: сары бәйбішенің тоғыз ұлы жаумен табандап соғысып жүріп, тоғызы да мерт болыпты. Еңсесі түсіп, есеңгіреген Бәйдібек шөкелеп отырып қалады. Сонда Домалақ ана мама ағашта байлаулы тұрған сары азбанның жанына келіп құрайт салып еді дейді. Сөйтсе, сары азбан Бәйдібек жылқысының ес-қарасы, кие-құты екен ғой. Зәуде бір сары азбанды бөлектегенде, қалың жылқы елеңдеп, жайылымнан тыйылып, шұрқырап ес-қарасын іздейтін көрінеді. Домалақ ананың қалың жылқы ішінен сары азбанды ұстап қалуы да осындай гәпті білгендігінен еді дейді. Сол киелі жануардың жанына Домалақ ана «құр-құрлап» жақындап келіп, құрайт салғанда сары азбан дүр сілкініп, тау-тас пен орман-тоғайды жаңғырта кісінеп қоя берген екен. Содан не керек, қалың жылқы елегізіп, сары азбанды іздеп, ақыры жауға қайыру берместен үйіріле жүйткіп қайтып оралған ғой. Қашқан жылқыны өкшелей қуып келуге ел-жұрт қамданып үлгерген болар деп, жаудың батылы бармаған. Осылайша Бәйдібек бабаның құт-берекесі Домалақ ананың ақыл-парасатымен қайтып оралады. Осыдан кейін Домалақ ананың шарапатты адам екеніне Бәйдібек бабаның көзі жетіп, өле-өлгенше сыйлап өтіп еді дейді.

Бұл оқиғаны жеріне жеткізе жырлаған халық ақыны Қазанғап Байболұлы (1891-1945). Оның «Төле бидің тарихы» атты жыр-толғауында мынандай жолдар бар:

37

Осындай әңгімелер ортада өтті, Қалың жау жылқыны айдап қалды кетіп,

Бір күні жұртқа тастап көшіп кетті. Айғырды Домалаққа сыйлық етіп.

Жау келіп Бәйдібектің ауылын сұрап, Қасында бәйбішенің тоғыз ұлы,

Қалың жау Бәйдібекті шауып алды, Бәйдібек жау ізімен келді жетіп

Төрт түлік келеді айдап түгел малды, Домалақ айтты: Әй, ерім әуре болма,

Бәйбіше олжа серік болып едің. Оншақтың күшің жетпес қара қолға

Бар ма деп қалағаның жауап салды. Сілкініп кісінесе бәрі келер,

Есітіп мынау сөзін бастығының, Ұйытқысы көп жылқының мынау малда

Домалақ болжаушы еді малдың сырын, Бәйдібек сәл кідіріп қиялданды,

Қара жал, қара құйрық, түсі сары, Тоғызы сөзге келмей ашуланды.

Көп еді қасиеті айғырының. Ұрысып жаудан малды қайтарамыз,

Шам жанып құлағынан қараңғыда, Тоқалдың сөзі құрсын, кімге дәрі.

Көрсеткен белгісі бар қанша бұрын, Желектеп арттан қуып бәрі барды

Берсең де осы бірін болады деп, Тоғызын жаланған жау қырып салды,

Байлады шешіп алып белбау құрын. Ұрпағы осылардың сары үйсін боп,

Бұл күнде шамалылау ел атанды.

Енең

Шежіре сөзі бойынша Орта жүз Арғын ішіндегі Қуандықтың бір баласы Қарпық. Қарпықтан - Мәмбет, Көзей, Тіней туады. Көзейден - Қаратоқа, Қаратоқадан - Түнқатар, Бегім, Молқы, Тоқтауыл, сары, Құлымбет туады. Бегімнің бәйбішесі Бөтей деген кісі екен, елге ана болғандай қасиетті қалпына орай жұрт «Енең» деп атайды екен. Сондықтан да Бегімнің бәйбішесі Бөтейден тараған ұрпақты «Енең тоқалары» дейді. Бөтей ақылдылығына қоса адуын да адам болыпты. Ел жазылып жайлауға қонғанда, дәстүр бойынша үлкен үйдің шаңырағына алғашқы уықты шаншу үшін сол үйдің бәйбішесіне жол беріледі. Осындай рәсім кезінде Бөтей бәйбіше бойым жетпейді деп, өзінің күндесі – Бегімнің тоқалы Дәулетбикенің үстіне шығып уық шаншады екен. Осыларыңыз қалай деп сұраған адамға Бөтей: «Дәулетбикенің мені сыйлағаны ғой» - деп, ал Дәулетбике болса: «Енейдің өзімсінгені ғой», - деп жауап береді екен. Шынында да Бөтей мен Дәулетбике бірі ұлық болса, бірі кішік болып, бір әулеттің береке-бірлігін келтірген қасиетті аналар болыпты дейді. Бөтей өз балаларын да, Дәулетбикеден туған балаларды да бөлмей, бауырына басып, өзіне етене етіп өсірсе керек. Бірде, ел жайлауға қонып, абыр-сабыр болып жатқанда «бала шағасын үйректей шұбыртып келе жатқан Бөтейді көрген біреу: «Бәйбіше, қаршадай ғана бойыңыз бар, жағалай қонған жайыңыз бар. Шұбар құлын жетегіңізде, шұбырған бала етегіңізде. Есікке тастап кеткендер ме, жоқ әлде, емшек сүттен біткендер ме, ақылым жетпей тұрғаны?!»- деп жеңілдеу сұрақ қойыпты. Сонда Бөтей: «Қайным, қатын жаманы ер қориды, ер жаманы жер қориды деген. Жетегімдегі етегімдегінің еншісі, етегімдегі төсегімдегінің еншісі. Жайыла қонсам – кең құшағым шығар, жайылған мал – қой-тұсағым шығар. Жаққанның елі бір, жапсардың жері бір емес пе?» - деп бастырмалай жөнелгенде, әлгі жеңілауыздау кісі абдырап, кешірім сұрап, ерулікке шақырып әлек болыпты. Қария сөздің дерегі бойынша да, ата қуалап келсе де, Бөтейдің өмір сүрген кезі Есім

38

ханның билік жүргізген заманымен тұспа-тұс келеді. Ел тағдыры сынға түскен қаталдау кезең ғой, бірде Бөтейдің күйеуі Бегім жаза басып, Есім ханның алдында кінәлі болып қалыпты. Хан ашуланып: «Бегімді тәубесіне түсіріп қайтыңдар!» - деп, қосын шығарыпты. Сонда, Бөтейдің ақылымен ханнан кешірім сұрауға екі ақ, екі қара, екі қызыл киім киген алты адам жіберіпті. Хан таңырқап, бұл ақылды сендерге кім үйретті деп сұрапты. Сауға сұраушылар: «Бегімнің бәйбішесін Енең деп атаймыз, сол кісі үйретті», - деп шындарын айтыпты. Есім хан: «Ақ-қарамды айырмай, қанымды неге төкпексіз деген уәкілі ғой, Бөтейдің ақылына бола кешірдім, елдерің бұдан былай енелеріңнің атымен аталсын!»-депті-міс. Бегім ұрпағының «Енең тоқасы» аталуының бір себебі осы еді дейді. Сөз орайында, қазақтың біртуар перзенті Сәкен Сейфулиннің шыққан тегі осы енең тоқасы.

Қарақыз

Қыпшақ Тоқтар биден бес ұл – Бұлтың, Торы, Көлденең, Ұзын, Қарабалық туған. Олардан өрбіген ұрпақ бес рулы ел болғанда, осылардың Қарабалығынан Қарақыз деп аталатын бір ата тарайды. Қарақыздың шын аты Қарашаш екен, өңінің қараторылығына орай Қарақыз аталып кетсе керек.

Қарабалықтың Шоманақ деген баласы болыпты. Шоманақтан Тауқұрыш жалғыз туыпты. Сол Тауқұрыштың сырт тұлғасы көзге қораштау болса керек, біразға дейін үй болып, бас құраудың орайы келмей жүреді. Сол кезде Ұлы жүз үйсіннің ішінде Беген, Шеген деген ағайынды екі бай болады екен. Соның Шегенімен Шоманақ дос-жар болса керек. Бірде Шоманақ Шегенге қолқа салады: «Бегенде бойжеткен қыз бар, менде ержеткен ұл бар, ебін тауып екеуімізді құдандалы етсеңші», - дейді. Бұл сөзге Шеген құлақ асып, ағайыны Бегеннің қызын Шоманақтың баласы Тауқұрышқа қосып қашыртып жібереді ғой. Содан арада бірер жыл өтеді. Тауқұрыш пен Қарақыздың арасынан бір бала туады. Мұнан соң ағайын арасындағы өкпе-наз басылып, бір күні Қарақыз күйеуімен баласын ертіп төркіндеп келеді. Сонда күйеу бала – Тауқұрыштың қораштау кейпін көрген бір келіншек Қарақызды өзімсініп тіл қатады: «Қарағым-ау, қор болған екенсің ғой, шөккен түйеге міне алмайтын мына бір мықыр пәлені қайдан тауып алғансың?» - депті. Бұл сөзді елеусіз қалдырмай, Тауқұрыш сол жерде былай депті:

«Сұрасаң атам аты Қарабалық, Қауыпсыз мініп-түсіп мен жүрейін,

Жылқыда болады екен таңбасы әліп. Бұйырса шыққан төлін пайдаланып.

Қайталап қарсы келген дұшпанына, Мен келіп таңдап сұлу алған жоқпын,

Кетеді көрместей ғып ойран салып. Бұйрық боп қосылғанды өзі барып,

Боламын сол кісінің немересі, Қимасаң қыздарыңды алып қалғын,

Отырған тұйғындай боп жұмырланып. Өлерсің ұрмай-соқпай қапаланып.

Түйеге мінер-мінбес болсам- дағы, Көрнекті көзге түсер қызың да жоқ,

Үйсіннің қызын алдым сауғаланып. Қоймасаң етін тұздап, сүрге салып,

Алыппын бір қызыңды түйедей ғып, Келген қыз – кетілген ыдыс деген сөз бар

Үстіне зорға шығам өліп-талып. Базарға сата алмассың алып барып.

Біреуің мініп-түсіп үйретіп бер, Кездескен бүкір ұлға бағы ашылып,

Қаларсың өле-өлгенше сауап алып. Жеңгейлер қуандың ба, қайғыланып!»

39

Мұнан кейін де талай сын-тосқауылдан Тауқұрышты ақындығы мен тапқырлығы алып шығып, үйсін еліне ерке күйеу атанып, қадірі артады. Тауқұрыш пен Қарақыздың арасынан Жөке, Жолтай есімді екі ұл туып, бұлардың тұқымдары да өсіп-өніп, іргелі аталарға айналған. Шежіре сөзде қыпшақтың Қарабалығынан өрбіген Жөке мен Жолтай тұқымдарын шешелерінің атымен «Қарақыздар» деп атайды.