Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Казах ауызша тарихы подпр вариант.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Ақсақтың алтауы

Ел ішіне кең тараған шежіре дерегі бойынша Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесектен өрбіген аталардың бірі - Шаншар абыз. Шаншар абыздың Қызденбике, Айбике, Нұрбике есімді үш әйелі болған екен. Айбикеден – Келдібек, Тыныбек, Есіркеп, Жәнібек туады. Келдібекке кезінде Бегімысық

29

деген әулие сәуегейлік айтып: «Екі беті толған мең, екі емшегі сүйретпедей толық, бір аяғы ақсақ қызға үйленсең, тұқым-тұяғыңнан құтты да туады, ханға бергісіз би де туады». – депті. Ол кез жаугершілік заман болса керек. Бірде жаудан үркіп келе жатқан керей Ақымбеттің көшіне ілескен қызды көреді. Есімі Тоқмейіл болса керек. Қыздың түр-тұлғасы Бегімысық әулиенің айтқанына дөп келеді. Келдібек сол қызға үйленіп, одан -Асан, Үсен, Бадана, Бөдене, Сәдібек, Қазыбек есімді алты ұл көреді. Міне, осы алты ұлдың өсіп-өнген ұрпақтарын шешелерінің кемшін аяғын мегзеп «Ақсақтың алтауы» дейді. Бегімысық әулиенің айтқаны келіп, Келдібектен туған Қазыбек те, одан туған Бекболат та, одан туған Тіленші де, одан туған Алшынбай да, одан туған Бәпи де, одан туған Мәди де қазаққа белгілі айтулы тұлғалар болған.

Бес саусақтың әңгімесі

Қазақтар мұны былай айтады:

Бас бармақ айтыпты: ұрлық қылайық.

Сұқ саусақ айтыпты: қылсақ қылайық.

Ортан қол айтыпты: Құдайды қайтеміз?

Аты жоқ қол айтыпты: Құдай не істер дейсің,

Шынашақ айтыпты: қара қойды сояйық, қан-жынына тояйық.

Бура қыпшақ

Шежіре дерегінде Бура қыпшақ деген ру бар. Биқашты деген кісінің бәйбішесінің бойына бала біткенде түйе етіне жерік болыпты.Сол кезде көрші ауылда екі өркеші баладай ақ бура болады екен. Жерік бәйбішенің көзі соған түседі. Бура иесіне Биқашты сұрағаныңды берейін деп сөз салса, бура иесі малымның айдары деп бермепті. Бәйбішенің аңсары ақ бураға ауып, жерігі қозып мазасы кетеді. Содан, шарасы таусылған Биқашты бір түнде ақ бураны ұрлап сойып, сүйегі мен терісін жым-жылас етеді. Іле жоқшылар шығып, ауыл-үйді аралап жүріп, ақ бураның жілік етінде кеткен тобығын тауып алыпты. Мал иесі тобықты айғақ етіп, мойындатпақ болғанда, Биқашты: «Кәне, айғағыңды көрсетші», - деп қолына алған тобықты әрі-бері аударып-төңкеріп қарап отырыпты да, аузына салып жұтып жіберіпті дейді. Жоқшылар биге жүгініп, болған гәпті айтады. Сонда Биқашты «Осыны да сөз деп айтады екен-ау, түйе тобығы былай тұрсын, қой тобығын жұтып көрсінші, ұрлық жасадым деп мен-ақ мойныма алайын» - деген екен. Бұған айтар уәж болмай қалады. Содан, Биқаштының бәйбішесі айы-күні жетіп босанғанда, баланың атын Ақбура қойып еді дейді. Бұл күнде Ақбура ұрпағы «Бура қыпшақ» деген атпен рулы елге айналған.

Жалайыр

Көнекөз шежіреде Ұлы жүзде Қабылан деген ерекше қайратты, ержүрек адам болыпты. Бірде аңшы-саятшы серіктерімен құлан аулауға шығады. Құлан аса жүйрік түз тағысы, қосақ атпен шығып, оның өзінде тоспалап қумаса оңайлықпен алдырмайды. Осындай бір шақта тоспада тұрған Қабыланның

30

тұсына бір үйір құлан келіп қалыпты. Тың тұрған ұшқыр атына Қабылан қамшы басып қалған екен, жебедей заулаған бетінде құлан үйірінің ортасына бір-ақ кіріпті. Садақ тартуға, не шалма тастауға мұршасы болмай қалған қабылан қапталдаса берген құлан айғырының кекілін уыстай ұстап тартып қалғанда, құлан айғырының жалы таспадай сыдырылып, шоқтығына жеткен екен. Осыдан кейін Қабыланды былайғы жұрт «Жалайырған» деп жүріп, ақырында «Жалайыр» атанып кетіп еді – дейді.

Келесі бір шежіре сөзінде болашақ қалыңдығының ауылына ұрын келген Қабыланды қайын жұрты сынамақ болып, үйірін қызғанатын бір асау айғырды ұстап әкелуге жұмсапты. Қабылан амалдап келіп, айғырға бұғалық салған екен, асау айғыр аспанға шапшып, әлек болыпты. Сонда Қабылан арқанды саумалап келіп, айғырдың жалынан тартып қалғанда, жалы шоқтығына дейін айырылып кетіп еді дейді. Осыдан кейін Қабыланды қайын жұрты «Жалайыр» деп атап кетеді де, бірте-бірте лақап атына айналады.