
- •Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
- •Құрастырушыдан
- •Атасының аты білінбей, өз аты шыққан ерлер
- •Қазақ хандары
- •Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихынан
- •Орта жүз құрамындағы тайпалар
- •Енші институты
- •Туысқандық жүйе
- •Алаштың енші бөлуі
- •Қазақтың үш жүз атануы
- •Орта жүз шежіресі
- •Болатқожаның Қаракесек атануы
- •Тарақты
- •Төлегетайдың төрт немересінің түсі
- •Төлек батырдың батасы
- •Ақсақтың алтауы
- •Бура қыпшақ
- •Жалайыр
- •Жаман Тобықты
- •Қазақ қоғамындағы адамдық сапасы туралы
- •Жалықпас
- •Қарқабат
- •Қазақ туралы мақал-мәтелдер
- •Алтыншаштың түсі
- •Алпыс алты ата Қоңырат
- •Арғын-Сүйіндік-Күліктердің атамекені
- •Ер Жәнібекке анасының берген батасы
- •Ер Жәнібекке Қазыбек бидің берген батасы
- •Жидебайдың кеңесі
- •Қарқаралы қайран тау
- •Құдай. Жұмақ. Тозақ
- •Қыпшақ Наурызбай би
- •Қыпшақ Сейітқұл
- •Шұбарайғыр Балта батыр
- •Кіші жүз. Адай
- •Атағозы батыр
- •Барақ батыр мен Қыдыр ғалайссалам
- •Бес Естек
- •Жаналы би мен Дәден бидің әзілі
- •Абылай ханның ұрпақтары
- •Қазақ хандары
- •Керей хан
- •Мұрындық хан
- •Қасым хан
- •Мамаш хан
- •Тайыр хан
- •Бұйдаш хан
- •Ахмет хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр хандар
- •Абылай хан
- •Кенесары хан Қасымұлы
- •Қарқаралы төрелері
- •Тағанбайдың төрт ұлы
- •Алты Алаш
- •Айнакөз
- •Ақбикеш пен Мақпал
- •Зылиха (Қаракемпір)
- •Нұрбике
- •Ұран туралы
- •Қалыңмал және жасау
- •Жынды Ысқақ
- •Ел аузындағы аңыз-әңгімелерден Достық туралы аңыз
- •Ұрпақ өсіру туралы аңыз
- •Бауырлық мейірім
- •Алтын босаға
- •Түке мен Құлжан байлардың егесі
- •Тұрмағанбет
- •Есенбай
- •Ақсарыдан айырылмағаның дұрыс қой
- •Что лев, что тигр все одни хишники
- •Жобалай
- •Боқтампаздың боқтықты қоюы
- •Қаз дауысты Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Бұдан 300 жыл бұрын айтқан Мөңке бидің болжамы
- •Балпық шешен
- •Жидебай батыр мен Қараменде би
- •Жанқұтты шешен
- •Толыбай шешен
- •Бөлтірік шешен
- •Дадан тобықтының шежіресінен
- •Әуезбақы (Әуез-ене)
- •Жолдыбай айтқан
- •Бауыржанның батасы
- •Тарақты Шалқарбектің батасы
- •Қасымның батасы
- •Немереге бата
- •Қыз, әйел, ана туралы нақылдар
- •Абысындардың татулығы
- •Афоризмдер
- •Ақтоғайдың әзіл-қақпайлары
- •Әшембек
- •Зерек бала
- •Бір жеңгеге
- •Бір мылжыңға
- •Жануарлардың адамға пайдасы мен зияны
- •Мазмұны:
Қабдырахман Сәдуақасұлы ұрпаққа қалар ұлағат
Өскемен, 2013 жыл
Қажетіңді зердеңе түйіп, кәдеңе жарат, ұрпағым.
Автор
Құрастырушыдан
(Беташар сөз орнына)
Мен 69-дан 70-ке қараған шағымда бір түс көрдім. Түсімде төрт дөңгелекті екі тәртесі бар арбаны тәртесінен ұстап итеріп келе жатыр екенмін. Жер кедір-бұдыр, жылқылардың жаңбырдан кейін түскен ойық-ойық іздері қалыпты. Шаршап-шалдығып арбаны өрге қарай зорға итеріп келемін. Бір кезде алдымдағы жотаға шығып, арбамды әрі қарай жотамен итеріп келе жатсам, жердің кедір-бұдыры да азайып, жерде шөптесін бар, арба жеңілдегендей болды. Одан кейін қайтадан өр басталды да, арбаны итеру тағы да қиындай түсті.
Әбден әлім құрып бір орташалау биікке келгенде әрі қарай жүре алмай, сандықтай тасқа келіп отырдым. Қарасам, жанымда қосағым Нұржамал тұр. Алдыға қарай қарасам, тура кинодағы Гималай таулары сияқты бастарын ақ қар басқан биік-биік шыңдар. Арт жағыма қарасам топырлаған жас жігіттер мен қыздар, бірақ ешқайсын танымаймын, жас шамалары 15-30 жас аралығында, қатты жүріп келіп жанымнан жотамен өрлеп кетіп барады. Бұл көріп жатқан түсім екенін біледі екенмін, сөйтіп оны түсімде жорып жатыр екенмін. Е, мынау менің өмір жолым екен ғой, әкеден алты жаста қалып, қиыншылықты көре жүріп орташа болса да бір биікке шыққан екенмін ғой, жеткен жерім сол болып, сонда отырып қалған екенмін ғой, соңына дейін жанымда Нұржамалым қоса болады екен ғой. Мына топырлап өтіп жатқан менің кейінгі ұрпақтарым болар. Мен шыға алмаған биікке олар шығып барады екен ғой. Оларды менің танымауым кейінгі шөбереден ары қарайғы ұрпақтарым шығар. Иншалла, осы көрген түсім мен түсімді түс көріп жатып жорығанымды тәңірім қабыл етсін деген ниеттен кейін маған ой түсті.
Мына түс тегін түс болмаса керек. Мен кейінгі ұрпақтарымды танымай жатсам, олар мені тіптен де білмей кетуі мүмкін ғой. Мен ақын-жазушы емеспін, артында еңбектері қалатын, дегенмен біраз өмірді көрдім, кейінгі ұрпақтарыма аз ғана ізім қалса деген. Осы кезде қолыма Мәшһүр Жүсіптің ел аузынан жинаған шежіресі мен Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» кітабы түсті. Біздің өмір сүрген кезіміз қазақтың тарихын оқытпаған кез болды ғой. Осы екі кітапта қазақтың ел болып қалыптасуы, оның салт-дәстүрі, бұрынғы өткен хандар мен би-шешендер, ақындар мен батырлар, дана аналар, туыстық, достық, сыйластық т.б. өнеге алатын өте көп мағлұматтар бар екеніне көзім жетті. Бұл екі кітап та 500-600 беттен тұратын көлемді шығармалар. Қазіргі жастардың көпшілігі кітап оқымайды, қажет мағлұматтарды Интернеттен алады. Бұл аталған кітаптар өте аз таралыммен шығарылған. Сондықтан, кейінгі ұрпағыма аз да болса қазақтың салт-дәстүрін, тарихын ұмытпасын деген ниетпен осы екі кітаптан қысқаша ғана жазбалар және ел аузынан естіген аңыз-әңгімелер мен нақыл-мақалдарды қалдыруды жөн көрдім.
2013 жыл.
2
Мәшһүр Жүсіп шежіресінен
Адам Ата, Хауа Ана – күллі адамзат осы екеуінен өрбіп өнген. Адам Ата 1000 жасап, өз ұрпағының 40 000-ға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиш (Шит) 912 жыл, оның бел баласы Ануш 912 жыл,, оның бел баласы Қайнар 840 жыл, оның бел баласы Майлыауыл (Михаил) 920 жыл, одан туған Жарты 960 жыл, одан Ыдырыс пайғамбар туып 400 жыл жасаған соң тірідей аспанға ұшып, өрлей-өрлей Ұшпаққа барып сонда тұрып қалған. Ыдырыстан мұнда қалған бала Мұтұшалық, мұның заманында бұл дүние малға да, басқа да толған. Одан соң қайтып ондай толған жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң, топан суы тасып, бір нәубет болған. Бұл Нұх пайғамбар заманы.
Бұл Нұх пайғамбардан үш бала Хам, Сам, Жаппас қалған. Хамның ұрпағы –Һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы – Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихтардағы зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бұл айтылғаннан басқа Адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндерім Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі, Шын, Кимари, Тарыф – бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып өсіп-өнген.