
- •Бүгінгі күні облыстағы су шаруашылығы саласын қалай елестетуге болады?
- •Екі ел арасындағы су ресурстарын пайдалануды реттеуге қандай басқару органдары қатыстырылған?
- •Су жөнінен көршілес Қырғыз еліне тәуелділігімізді қалай азайтуға болады?
- •Ондай жұмыстар жүргізуге не тосқауыл болуда?
- •Ауылдық су пайдаланушылар кооперативтерінің ахуалы қалай?
- •Жергілікті кмк-лардың қаржы жағдайлары қалай?
- •Суару кезеңдерінде бір кмк-ға, оның ішінде мамандарға түсетін жұмыс жүктелімі қаншалықты?
- •Қазіргі жағдайды түзетіп, дұрыс жолға қою үшін не істеу қажет?
Жергілікті кмк-лардың қаржы жағдайлары қалай?
Қазіргі жағдайда КМК-лардың қаржы табу мүмкіндіктері, біріншіден, ағын суды жеткізіп беру тарифтеріне байланысты. Өкінішке қарай, соңғы төрт жыл ішінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы біресе жарияланған мораторийге, біресе басқа да себептерге сілтеп, ағын су жеткізіп беру қызметінің тарифін көтермей келеді. Бүгінгі күні ол тариф нақты жағдайдан екі есе төмен, осының нәтижесінде КМК-лардың кредиторлық қарыздары 18,4 млн теңгені құрап отыр. Сондықтан бүгінгі күнге КМК-лардың өз қызметкерлері мен жұмысшыларына берешек еңбекақы қарызы — 8,4 млн теңгені, салықтар бойынша қарызы — 4,94 млн теңгені, «ТаразСушар» РМК-ға су жеткізіп бергені үшін қарыздары — 4,92 млн теңгені және басқа да шығыстар үшін қарыздары 0,85 млн теңгені құрап отыр.
КМК-лардың бәрі дерлік өткен жылды тек қана үлкен шығындармен, қарызға батып аяқтады, осы себепті олардың банкротқа ұшыраған кәсіпорындар тізіміне ілігіп қалуы да ғажап емес. Егер табиғи монополияларды реттеу басқармасы су жеткізіп беру қызметінің тарифтерін көтермесе, онда қазіргі қалыптасқан баға мен КМК-лардың нақты шығындары арасындағы айырмашылықты жергілікті бюджеттің төлеп беруін шешуі қажет. Мен бұл тұйықтан шығатын басқа жолды көріп тұрған жоқпын.
Суару кезеңдерінде бір кмк-ға, оның ішінде мамандарға түсетін жұмыс жүктелімі қаншалықты?
Мысал үшін, Байзақ ауданындағы «Базарбай» КМК-сын алайық. Бүгінгі күні оның балансында жалпы ұзындығы 170 км. 13 канал және 25 гидроқұрылымдар бар, олардан жүздеген шаруа қожалықтары мен 11 ауылдық су пайдаланушылар кооперативтері немесе 27 мың га суармалы алқаптар су ішеді. Осынау орасан зор алқапқа КМК аппаратында қызмет атқаратын 7 адам және су жүйелерінде жұмыс істейтін 24 жұмысшы қызмет көрсетеді.
Енді осы «Базарбай» КМК-сына қарасты 13 каналдың бірі — «Өтеміс» каналын алайық. Бұл каналдың ұзындығы — 35 шақырым. Канал арқылы 5243 га суармалы алқаптар суарылады, мұнда 7 гидроқұрылымдар және 20 гидробекеттер орналасқан, ал жұмыс істейтіндер саны 4 адам ғана (канал бастығы, бақылаушылар және гидрометр). Олардың бәрі де жұмыстарын көліксіз, байланыссыз, жаяу атқарады. Осындай жұмыс жағдайында олардың айлық жалақылары 18-29 мың теңге аралығын құрайды. Осы себепті мұндай жұмыстарға көбінесе жеке көліктері бар зейнеткерлерді аламыз. Жалақысы аз, еңбегі жауапты да, күрделі ол жұмыстарға екінің бірін жалынып та келтіре алмайсың. Күні бойы су жағалап, каналдың әр учаскесіндегі су деңгейін өлшеп, есепке алу, шаруа қожалықтары арасында су бөлісумен айналасу, ағын суды бірде көбейтіп, бірде азайтып, су қақпаларын тұрақты түрде қолмен ашып-жауып жүру, канал учаскелері мен су бөлгіштердің жұмыс қалыптарын тексеру — ауыз жарымас аз ғана жалақы үшін күнделікті айналысатын осы тірліктер кімді болса да шаршатады.
Кадрлардың жетіспеушілігі де үлкен өзекті мәселе. Бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша су шаруашылығы саласында 500 қызметкер жұмыс істесе, олардың 20-25 пайызы ғана осы сала бойынша мамандық алған, дипломы бар мамандар. Сала мамандарының жалақылары өте төмен, жас мамандардың өздерін-өздері көрсетіп, өсу мүмкіндіктері шектеулі, сондықтан су мамандығын таңдап, оқитындар да өте аз. Сондықтан осы сала мамандарын даярлауға белгіленген мемлекеттік гранттар санын біршама көбейтсе, жастар сонда ғана су шаруашылығы мамандықтарына бет бұрады деп ойлаймын.