
- •Қышқыл, сілтімен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау және техника қауіпсіздігі журналына қол қою.
- •Химия –биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін химия пәнінен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы практикалық жұмыстың спецификациясы
- •1.Практикалық жұмыстың мақсаты ( белгіленуі)
- •2. Бақылау жұмысының мазмұнын анықтайтын құжаттар.
- •3.Бақылау жұмысының мазмұнын айқындау және технологиялық матрица.
- •4. Бақылау жұмысының құрылымы.
- •5. Бақылау жұмысының жоспары(Спецификация).
- •7. Жұмысты орындау уақыты 30 минут
Сынып: 8 Күні:
Сабақтың тақырыбы: “ Эксперименттік есептер шығару”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға эксперименттік есептерді шығартып үйрету. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу..
Дамытушылық: Зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу.
Тәрбиелік: Тапсырмалар орындата отырып салыстыра білуге, негізгіні бөліп алуға, алағ білімін қолдана білуге, ұқыптылыққа үйретуге ұмтылу.
Күтілетін нәтиже:
Теориялық білімдерін практикада қолдана біледі.
Зертханалық құрал жабыдықтармен жұмыс істеу машығы қалыптасады.
Практикалық жұмысты орындау барысында байқалған құбылысты бақылап, қорытынды жасай біледі.
Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар:
Сынауық, тұрғы, барий хлориді, күкірт қышқылы , мыс сульфаты, азот қышқылы, натрий гидрокарбонаты, натрий гидроксиді.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақ формасы: жеке, топ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу
Қышқыл, сілтімен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау және техника қауіпсіздігі журналына қол қою.
Мұғалімнен тапсырма алу: әр оқушыға жеке ( 3 нұсқадан біреуін орындау қажет)
№ 1 нұсқа
Тапсырма-1.
Берілген түсініктерге анықтама бер:
а)Қышқыл –
Б) сілті -
в) бейтараптану реакциясы -
г) алмасу реакциясы
Тапсырма-2: Өздерің білетін күнделікті өмірде кездесетін немесе ағзаларда болатын қышқыл сілтілерді атаңдар.
Тапсырма-3:Нөмірленеген үш сынауықта; барий хлориді, натрий гидроксиді, күкірт қышқылы бар. Индикатор қағазы; әмбебап, фенолфталейн және осы заттардың ерітінділерін қолдана отырып ерітінділерін заттарды анықта.
Тапсырма-4:Қышқыл мен сілті арасында жүретін бейтараптану реакция- сының және тұз ерітіндісімен қышқыл (сілті) арасында жүретін алмасу реакциясының : молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
№ 2 нұсқа
Тапсырма-1.
Берілген түсініктерге анықтама бер:
а)Қышқыл –
Б) сілті -
в) бейтараптану реакциясы -
г) алмасу реакциясы
Тапсырма-2: Өздерің білетін күнделікті өмірде кездесетін немесе ағзаларда болатын қышқыл сілтілерді атаңдар.
Тапсырма-3: Нөмірленеген үш сынауықта; мыс сульфаты, натрий гидроксиді, күкірт қышқылы бар. Индикатор қағазы; әмбебап, фенолфталейн және осы заттардың ерітінділерін қолдана отырып ерітінділерін заттарды анықта.
Тапсырма -4. Қышқыл мен сілті арасында жүретін бейтараптану реакция- сының және тұз ерітіндісімен қышқыл (сілті) арасында жүретін алмасу реакциясының : молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
№ 3нұсқа
Тапсырма-1.
Берілген түсініктерге анықтама бер:
а)Қышқыл –
Б) сілті -
в) бейтараптану реакциясы -
г) алмасу реакциясы
Тапсырма-2: Өздерің білетін күнделікті өмірде кездесетін немесе ағзаларда болатын қышқыл сілтілерді атаңдар.
Тапсырма-3: Нөмірленеген үш сынауықта; натрий гидрокарбонаты, натрий гидроксиді, күкірт қышқылы бар. Индикатор қағазы; әмбебап, фенолфталейн және осы заттардың ерітінділерін қолдана отырып ерітінділерін заттарды анықта.
Тапсырма -4:Қышқыл мен сілті арасында жүретін бейтараптану реакция- сының және тұз ерітіндісімен қышқыл (сілті) арасында жүретін алмасу реакциясының : молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
3)Үй тапсырмасын тексеру: Практикалық жұмыс дәптеріне жұмысты рәсімдеп ( көркемдеп) жазып келу.
№ Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: “ Эксперименттік есептерді шешу: қышқыл, сілті , тұз ерітінділерін анықтау ”
Сабақтың мақсаты: “ Нөмірленген сынауықтардағы қышқыл, сілті, тұз ерітінділерін анықтау. Олардың арасында жүретін реакция теңдеулерін жазу”.
Қажетті құрал жабдықтар: тұз, қышқыл, сілті ерітінділері, сынауық, тұрғы
№ |
Жұмыс барысы |
Байқалған құбылыс |
Реакция теңдеуі |
Қорытынды |
1 |
1- ші сынауыққа әмбебап индикатор қағазын батырамыз |
Индикатор қағазы қызыл түсті болды |
HCl= H++Cl- H2SO4= 2H+SO42- |
Бұл қышқыл |
2 |
2- ші сынауыққа әмбебап индикатор қағазын батырамыз |
Индикатор қағазы көк түсті болды |
NaOH= Na++OH- |
Бұл сілті |
3 |
3- ші сынауыққа әмбебап индикатор қағазын батырамыз |
NaHCO3 көк CuSO4 қызыл BaCl2 түссіз |
- |
Екі сынауық анықталғаннан кейін үшіншісі тұз деп шешеміз |
4 |
Сілті ерітіндісіне 1-2 тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызып , үстіне 3-4 тамшы қышқыл ерітіндісінен қосамыз |
Таңқурай түс п.б + қышқыл қосқанда жойылып, сынауықтан жылу бөлінді
|
NaOH+HCl= NaCl+H2O
2NaOH + H2SO4= Na2SO4+2H2O |
Тек сілтілер ғана ф-ф ерітіндісінде таңқурай түсті болады қышқылмен бейтараптағанда түсі өзгеріп, жылу бөлінеді |
5 |
№ сынауықтағы тұз ерітіндісінен 3-4 тамшы таза сынауыққа құйып, үстіне сонша мөлшерде қышқыл( сілті) ерітіндісін қосамыз. |
NaHCO3 + қышқ қосса газ бөлінеді CuSO4 + сілті қосса тұнба түзіледі BaCl2+ күкірт қышқылы тұнба түседі |
2NaHCO3+HCl= 2NaCl+ H2O+CO2↑
CuSO4+2NaOH= Cu(OH)2↓+ Na2SO4
BaCl2+ H2SO4= BaSO4↓+2HCl |
Кейбір тұздардың құрамына кіретін катиондар мен аниондардың қасиеттерін ескере отырып тұз екендігін дәлелдедік |
Үйге тапсырма: қайталау
Бағалау