Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
02.02.2020
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Сиқыршылар мен перғауын

Хз. Мұса пайғамбардың халықты бір ғана Аллаһқа илануға бағыттайтын тәухид сеніміне үгіттеуі нәтижесінде Перғауын балқып-шалқып отырған қазіргі мына сән-салтанатымнан айрылып, құр алақан қалармын деп қатты қорыққан болатын. Қайтсе де Мұсаны (а.с.) тұқыртып, осының алдын алу мақсатында алыс-жақын елдегі бүкіл сиқыршыларды ордасына шақыртқан Перғауын оларды Хз. Мұсамен жарыстырмақ болады.

Келген сиқыршылар:

- Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяғыңды алдымен сен лақтырасың ба, әлде біз лақтырайық па?- деп Мұсаға деген ілтипаттарын білдірді.

Хазіреті Мұса оларға Құранның «Ағраф» сүресінің 115-116 аяттарында айтылғандай:

- Сендер лақтыратындарыңды лақтырыңдар!- деді.

Сиқыршылар Перғауын мен бүкіл Мысыр халқының көзінше әкелген таяқтары мен жіп-шуларының бәрін сиқырлап жерге лақтырғанда, олар дереу жылан кейпінде жан бітіп ирелеңдей бастады. Дәл сол мезет Аллаһтың әмірімен Хз.Мұса пайғамбар да қолындағы аса таяғын жерге лақтырған болатын. Мұса пайғамбардың лақтырған аса таяғы демде аузынан от шашқан аждаһаға айналып, маңайындағы өзге сиқыршылардың жыландарын түгелдей, жалмап, жұта бастады. Мұсадағы күштің ешбір сиқыр қисынына келмейтін иләхи яғни құдайылық мұғжиза екендігіне келген сиқыршылардың барлығының көзі анық жеткен болатын. Өйткені сиқыр тараған кезде жерге тасталған таяқтар мен жіп-шулар қайта бәз баяғы қалпына келуі керек еді. Алайда бұл жолы олай болмай, сиқырланған дүниелердің бәрі тып типыл болған болатын. Бұған көңіл көздері жетіп, Мұса пайғамбарға Аллаһ сыйлаған ерекше күш- мұғжизаға таңғала бас иген сиқыршылар сол мезетте-ақ бірауыздан: - Біз Мұса мен Харұнның Жаратушы Иесіне бас иіп, иман келтірдік,- дескен күйі бастарын сәждаға қойған еді.

Бұл тосын жайт Перғауынды қатты ашуландырды.

Ол: - Сендер менің рұқсатымсыз қалайша Мұсаның Жаратушысына бас иесіңдер?! Демек сендерге сиқырды үйретуші ұстаздарың Мұса екен. Олай болса, мен сендердің аяқ-қолдарыңды бір қол, бір аяқтан қайшылап кестіремін!- деп бұйырды.

Жүректерінде иман нұры берік ұялаған сиқыршылар Перғауынның бұл қатал үкіміне қасқая қарсы тұрып:- Сен Мұсаның мұғжизасынан артық емессің. Не істесең де өз еркің. Сенің қатігездігіңнен қорқып тұрған біз де жоқ. Көп болса бұл дүниеде есіріп, тайраңдарсың. Түптің түбінде Аллаһ Тағалаға қайтарылған кезде кімді жеңбексің?!- десті...

Ол сенің ізіңе ерген жоқ

Хазіреті Нұхтың баласы кәпір еді. Жер бетін топан су басқан уақытта баласының теңіз толқындарымен арпалысып, өлім мен өмір арасында жанталасып жатқанын көрген хз. Нұх оған жаны ашығандықтан:

- Ей, балам! Кел, бізбен бірге кемемізге мін. Кәпірлігіңнен арыл!- деп дауыстаған болатын.

Алайда баласы да қырсығып бақты:

- Тауды паналасам да судан аман қаламын,-деді асау толқындарға бір батып, бір шыққан күйі екі қолын ербеңдете.

Хз. Нұх пайғамбар әлі де баласына оның бүгінгі күнгі апаттан не істесе де құтыла алмайтындығын ескерте:

- Аллаһ өзі қаламаса, бүгінгі күнгі оның азабынан ешкім де сені сақтап қала алмайды,- деді.

Осы сәт хз. Нұх пен баласының арасын таудай толқыған теңіз толқындары бөліп, ештеңеге қаратпай екеуін екі жаққа алды да кетті. Алайда хз. Нұх баласын ойлап қатты қамықты. Қалай қамықпасын, іштен шыққан өз баласы емес пе?! Іштей қайғырып қан жұтқаны сонша, ең болмағанда баласын Қиямет күні құтқарып қалуды қалады.

Оттың судан да қауіпті екенін ескерсек, Ақыреттегі азаптың бұдан да қорқынышты болары сөзсіз. Алайда Аллаһ хз. Нұхты отбасымен бірге игілікке бөлейтіндігіне уәде етпеп пе еді? Жаратушының уәдеден таймайтындығын бетке ала хз. Нұх баласы үшін Аллаһтан шапағат тілеуді жөн көрді.

Хз. Нұх көкке қарап қол жайған күйі жалбарына бастады:

- О, Жаратқан! Балам менің отбасымның мүшесі ғой, сақтаймын деп Өзің уәде етпеп пе едің?! Сенің берген уәденің хақтығы талассыз. Ең ұлы үкім беруші Өзің емессің бе?!

Алайда Аллаһ Тағаланың ата-текке емес, тек қана амалдарға қарайтындығы шындық. Аллаһтың сондай-ақ өзіне шерік қосқандардың шапағатын қабылдамайтындығы да рас. Аллаһқа серік қосатын пенденің пайғамбар әулетінен болуы, тіпті орынсыз. Сондықтан болар Аллаһ Тағала Нұх құлына осы жайтты ұғындыра:

- Ей, Нұх! Ол сенің әулетіңе жатпайды. Өйткені оның оңған қылығы болмады. Өзің жете білмеген нәрсені менен сұрап надандар қатарына қосылма!-деп қатал бұйырған-ды.

Хазіреті Нұх бірден өз қателігін түсініп:

- Уа, Жаратушы Раббым! Білмейтін нәрсемді сұрағаныма қатты өкініш білдіре, кешірім тілеймін! Егер мені кешірмесең онда менің сол күйі құрдымға кеткенім... ,- деп дереу Аллаһқа жалбарынып тәубаға келді4.

«Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деген ұлы сөздің астарында иман бары сөзсіз.