
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Шегенің ізі
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайыңдағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» деп табыстапты.
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға 37 шеге қағып үлгеріпті. Одан кейінгі апталарда өзін тізгіндей бастаған бала күн өткен сайын шеге санын азайта түсіпті.
Бір күні тақтайға шеге қағуын тіптен қойса керек. Бұл жайын әкесіне барып айтыпты. Әкесі болса оны тақтаның алдына апарып: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен төбелеспеген әр күнің үшін тақтадан бір-бір шегеден суырып алып отыр»,- депті.
Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеп: «Балам, жарайсың, жарадың,-депті,- алайда, мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Бұл дегенің- тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз. Достармен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді бір- бір қара тесік қалдырып отырады. Жолдасыңа мың жерден кешірдім дегеніңмен, дәл мына тесіктер секілді кірбіңнің көңілде сыз болып бәрі бір қалып қоятындығы шындық.
Сондықтан ешбір досыңның көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,- деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған әкесі.
1 Имам Ахмед пен Беззар радиаллаһу анхумадан
2 Усул-ы Кафи с. 2. «Мүслүман факирлерин фазилеті» бабы
3 Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, Истанбул 2000, с. 60-61
4 Куран ышығында пейгамберлер кыссалары, Әбу Хасан Али ән- Нәдуи
5 Рауда-тул Улема
6 Тариху Мәдинат-и Димашқ, 41/63; Хаяту-с-сахаба,1/175-76
7 Мәнақиб-и Чиһар Яр-ы Гүзин
8 әл- Бидая уә-н-Нихая, 4/466-67; әл-Камил фи-т-тарих, 2/175
9 Юсуф Явуз «Самарқант»
10 Мәнақиб-и Чиһар Яар-и Гузин
11 -Мәнақиб-и-Чиһар Яр-ы Гүзин-
12 Мәнақиби Чиһар Яры Гузин
13 Мәнакиби- Чиһар Яры- Гузин
14 Тәнбиху-л-ғафилин
15 Мәнақиб-и Чиһар-и Гүзин
16 Мәнақиб-ы- Чиһар Яр-ы Гүзин
17 Хатибу-л-Бағдади, әл- Кифая фи Илми- р- Риуая, 84 Б
18 Тариху Мәдинати Димашқ, 44/337; әл-Бидая уән-Ниһая, 7/107
19 Әл-Камил фи-т-Тарих, 2/475-76; әл-Бидая уә н-Нихая, 7/48-49
20 Әл-Камил, 2/558-560; әл-Бидая, 7/84-85
21 Әл- Имам Әли Саут-ул адалат-ул Инсаният, Б.63, жалғасы Бихар Б. 9 Тәбриз баспасы, Б.598.
22 Ибнул-Әсир: Усду-л-Ғаба. (Бәйрут-1997), 3/360-61; Ибн Хажер: әл-Исаба (Бәйрут-1995), 4/506
23 Әл-Камил, 3/458-59; Нихаяту-л Араб, 20/268-70; Хаятус-сахаба, 1/470-71.
* Бой дәретін қажет ететін жағдай
24 Әбу Дауыт
25 Бұхари, Мүслім
26әл-Бидәя уә-н-Нихая, 10/650
27 Әл-Бидая уә Нихая, 2/513-520; Манастырлы Исмайыл Хаккы: Рисале-и Хамидия Зәйли (Ист. 1973), С.528; Месневи-Шериф/Амил Челебиоғлу (Ист. 2000-М.Е.В.), 3/353-55.
28 Юсуф Явуз
«Самарқанд» журналынан алынған
29 Хиляту-л-Әулия, 7/426; Тариһу Мәдинати Димашқ, 6/284.
30 Ахбару Мекке (Мекке, 1994), 1/136-154; Әйюб Сабри Паша: Мирату-л- Харамайн, 1-2/443-458; Әл- Камил фи-т- Тарих, 1/442-47.
31 Ө. Рыза Кәһһала, Аламун-Ниса, 1/75; Меһмед Зихни, Мәшахирун-Ниса