Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Инемен сорған лимон

Аяғы ауыр әйел бір күні көршісінің үйіне бас сұққан еді. Өзі отырған бөлмеде лимон ағашының жайқалып өсіп тұрғанын көрген әйел бір сәт аңсары соған ауып, лимонның дәмін татқысы келді. Алайда ұятсынғандықтан лимон сұрауға батылы жетпеді.

Дегенмен өзін іштей мазалаған ойдан оңайлықпен арыла алмады. Көршісі ас үйге кеткенде пендешіліктен аса алмай, қолындағы инесімен лимонды тесіп, кішкене сорып дәмін татып көрді.

Содан не керек, бұл жайт ұмыт болып бір күні әлгі әйелдің екі шекесі торсықтай ұлы дүниеге келген болатын. Ең бір ойынқұмар шаққа жеткенде баланы үйде ұстау мүмкін болмайды. Ол кезде кей адамдар торсықпен су таситын болғандықтан бала көбіне көп білдірместен солардың іздерімен жүріп отырып шегемен торсықтарын тесіп су ішуді әдетке айналдырған еді. Бір емес, екі емес бұл қылық күнде қайталана берген соң баланың үстінен шағым айтушылар да көбейген-ді.

Баланың әкесі ойлана-ойлана бұл қылықтың балаға қайдан, кімнен жұққандығын біле алмай дал болады. Әйелімен ақылдасқанда ол өз басынан өткен әлгі бір пендешілігін еске түсіріп, екеуі де мән-жайға қанығысады. Күйеуі дереу әйеліне қарап:- Олай болса сен бірден көршіге бар да қателігіңді айтып кешірім сұра. Мүмкін сен осылай істегенде ғана баламыз бұл тентектігін қояр,- дейді.

Әйелі де күйеуінің айтқанын тыңдап, көршіге барып кешірім сұрайды. Көрші әйел де бұл іске таңырқаған күйі неліктен сол жолы лимон сұрамағандығын, егер сұрағанда бір емес бірнешеуін де бергендей екендігін айтып, кешіргендігін білдіреді.

Бір қызығы, сол сәттен бастап бала да әлгі қылығын сап тиған екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп халқымыз бекер айтпаған.

Отыз алтын

Хаммад кезінде Бағдаттың ең бай адамдарының бірі болды. Бір күні аяқ астынан қолындағы бар байлығын жұртқа таратты да жіберді. Бір тиын да қалдырмай таратқаны сонша, Бағдаттың ең кедей, ең пақырына айналды.

Бір күні есігі қағылды. Алайда Хаммад үйде жоқ еді. Келген қонақтар бір айналып келмек болып сыртқа беттегенде қолында екі сөмке тағам толы Хаммадтың ауладан ішке кіріп келе жатқандығын көріп бәрі қайта үйге беттеді. Дастарханға жағалай жайғасып, тамаққа қол созғанда сырттан бөтен біреу келіп ештеңе деместен Хаммадқа отыз алтын берді. Оны көргенде Хаммадтың бірден өңі құп-қу болып қорқып кетті. Бірден ат-тонын ала қашып:

- Алмаймын,- деді.

Әлгі кісі:

- Аласың,- деп қояр да қоймай тұрып алған соң Хаммад ел еститіндей етіп Аллаһ атымен ант ете алмаймын деп үзілді-кесілді бас тартты.

Сол сәт іштен әйелінің даусы естілді:

- Пәлі, мынаның тірлігіне қараңдар! Бүгін тағам алмақ болып менің басымдағы орамалды базарға сатып келгенімен қоймай, берген ақшасын алмаймын деп ант-су ішіп отыр...

Үй ішінде үнсіздік... Әйелге ешкім де ештеңе деп жауап бермейді. Бір кезде іштерінен біреуі шыдай алмай кетіп:

- Өзің күніңді әрең көріп отырып, бізді қонақ қылып шақырмай-ақ қойсаң қайтер еді. Айтшы, ана отыз алтынды неге алғың келмеді?- деп сұрайды.

Хаммад болса:

- Әйелімнің орамалын базарда сатпақ болып жүріп «Сен бұл істі біз үшін жасап жүрсің, қарымы да саған тез жетеді» деген дауыс естідім. Үйге келіп әлгі адамның отыз алтын әкелгенін көргенімде базарда естігенім рас болып, мынау соның қайтарымы болғаны ма деп алудан бас тарттым,- деп жауап берген еді.

Иә, адам қандай жақсылық істесе де ол жақсылығы үшін қайтарым күтпеу керек. Тіпті ақы тілемек түгілі, ақы тілеп тұрғандай болып көрінуден де аулақ болғаны жөн.