
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Ананың қызына айтқаны
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сені оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынастыңда мін болмайды:
Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
Оның абыройын ойлап, тума-туыстарына да құрметпен қара.
Оған қарсы шығушы болма.
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Мақсатына қарсы шықсаң саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жаятын болсаң қиянатынан көз ашпайтын боласың.
Күйеуің қайғырып отырғанда сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде сен қайғырма.»31
Қазақ атамыз бұл әңгімені «Келінді бастан, баланы жастан» деп тапсырған.
Жабылмайтын жалғыз есік
Бұрынырақта өмір сүрген бір ханның әдемі бақшасы болса керек. Небір алуан түрлі хош иісті гүлдерге толы бұл бақшаға бір күні хан келіпті. Өйткені бақша күзетшісінің әйелі ажарлы екен. Келе сала бақша күзетшісін бір жұмысты сылтауратып жұмсап жіберіп, хан бірден оның әйеліне көзін қадап:
- Бар да бақшаның барлық есіктерін жауып кел. Бір де бір есік ашық қалмасын,- дейді.
Алайда бақша күзетшісінің әйелі ажарлы ғана емес, ар-ұятты білетін өте ақылды да еді. Әйел бірден ханның жаман ойға кеткенін сезеді. Есікті жаппақ болып кеткендей бір ағаштың артында сәл тұрып келгеннен кейін ханға қарап:
- Хан-еке! Есіктердің бәрін де жаптым, алайда бір есікті жабуға әлім келер емес. Қанша тырыссам да жаба алмадым,- депті.
Хан:
- Ол қай есік?- деп сұрапты таңырқап.
Сонда дәл осы ұрымтал тұсты күтіп тұрған әйел оған:
- Ол есік - Аллаһ Тағаланың өз құлдарының не істеп, не қойып жатқандарын түгел көріп тұратын «Басир» (көруші) есігі еді,- депті ханды ойлантпақ ниетпен.
Бұны естігенде төбесінен біреу қос қолдап тұрып бір қойғандай есін жиып ала қойған хан дереу әйелден кешірім сұрап, Аллаһ Тағаланың алдында тәубаға келіпті. Екінші рет ондай жаман ойға бармас үшін дереу Аллаһ Тағаланың сүйікті құлдарының біреуінің қасына барып, имани ислами дәрістер ала бастапты. Көп өтпей-ақ әлгі хан Аллаһ Тағаланың сүйікті құлдарының қатарына қосылса керек.
Басир – барлық нәрсені көруші деген сөз.
Аллаһ кімнің болса да не істегенін көреді. Оның көруіне еш нәрсе кедергі келтіре алмайды.
Аллаһ Тағала тіпті кімнің кімге не деп сыбырлағанын да, көкейінде ойлағанын да біледі. Қараңғы түнде қара тастың үстінде кетіп бара жатқан қара құмырсқаны да тіпті оның қандай дауыс шығарып бара жатқанын да естиді, көреді.
Ал құлшылықтағы ықыластылық - өзі Аллаһты көрмегенімен өзін Аллаһтың көріп тұрғандығын терең сезініп құлшылық жасау болып табылады.