Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Тәубаға келген күйеу

Мұсылманшылықты берік ұстанған иман жүзді әйелдің керісінше діннен мүлдем хабарсыз әрі екіжүзді пасық күйеюі бар болатын. Әлгі діндар әйел қай істі бастаса да «Бисмиллаһ» деп барып қана бастайтын. Ал күйеюі болса оның бұнысына қатты ашуланатын. Сол үшін де әйеліне көрсетпеген қорлығы жоқ еді. Әйелі байғұс күйеюінен көрген құқайларға барынша сабыр ететін де тек қана Аллаһқа күндіз- түні дұға етіп, күйеюін тура жолға түсіруді тілейтін.

Қабағынан қар жауған күйеюі бір күні тағы да қатты ашуланған еді. Әйелін осы жолы да ебін тауып шықпыртып алмақ болғандықтан өзінше оған себеп іздей бастады. Іштей: «Бұны жақсылап тұрып қатырайын, қайтер екен? Содан соң көрсетейін көресесін» деп күбірлеген күйі әйеліне жала жауып, жазғырудың жолын қарастыра бастады. Құдай алдында бас иіп иманға келмегендіктен, оның жүрегін әлдеқашан осындай бықсыған арамдық жайлап алған болатын.

Әйелін шақырып оған бір кесе алтын берді де:- Мынаны бір жерге тығып қой!- деді. Әйелі күйеюінің айтқанын екі етпестен «Бисмиллаһ» деген күйі алтын толы кесені үйдің бір жеріне тығып қойды. Ал күйеюі болса оны сырттай аңдып тұрып, алтынды әйелінің қайда жасырғандығын біліп алды. Артынша әйелінің көзін ала беріп жасырған жерден алтынды алды да кесесін су ағып жатқан терең бір сайға лақтырып жіберді. Арада көп өтпей жатып әйелін қайта шақырды да:- Әнеукүнгі саған берген алтынды қайтып әкел,- деді. Әйелі жүгіріп барған күйі өзі жасырған жерге «Бисмиллаһ» деп қолын сұқты. Әйелдің шын ықылас- пейіліне Аллаһ Тағала разы болғандықтан, бар алтын мұрты бұзылмаған күйі кесесімен бірге сол орнында тұр еді. Бірақ кеседен су тамшылап тұрған болатын. Әйел кесенің неліктен су болғанын түсінбестен алтынды алған күйі күйеуіне әкеліп берді.

Алтын толы кесені бәз баяғы қалпында көргенде күйеюі есі шыға таңғалған болатын. Сөйтті де әйелінің істеп жүрген тірліктерінің қаншалықты шындық екендігіне осы жолы анық көз жеткізді. Қипақтап әйеліне қараған күйі:

- Саған осы уақытқа дейін қаншама қиянат жасадым. Менің барлық пендешіліктерімді кешірші? Шын тәуба етіп, Аллаһтан да үлкен кешірім сұраймын. Осыдан бастап құлдық ұрып құлшылығымды жасайтын боламын,- деп жалынды.

Сол күннен бастап:- Я, Аллаһ Тағала! Маған о дүние мен бұ дүниемді бақытты ететін діндар әйел нәсіп еткеніңе көп шүкіршілік айтамын. Мені кешіре гөр!- деп дұға ететін болды.

Ал оның иманды әйелі болса:- О, Жаратқан! Ертелі- кеш аузымнан тастамайтын дұғамды қабыл алып, күйеуімді тура жолға түсіргеніңе мың да бір шүкір,- деп дұға етті.

Ардақты ата-бабаларымыздың айтып кеткен «Шын жыласа соқыр көзден де жас шығар» деген осы болар?!

Сынақтардан сүрінбеген кедей

Кедей бір жұмысшы бір күні жұмысынан қуылған болатын. Бала- шағасы болса үш күннен бері нәр татпаған еді. Күн көретін басқа табыс көзі де жоқ. Қай жерге барса да «Жұмыс жоқ» деген бір ғана сөзден әбден ығыр болып бітеді. Ішектері шұрқыраған бала- шағаларының жағдайын әйелі де қайта- қайта тілге тиек етіп, құлақ етін жеп бітті. Әйелі бар жайға қанық болатын. Алайда қолдан келер қайран жоқ еді! Ең соңында, әйелі келін кезінде таққан әдемі орамалын еріксізден күйеуінің қолына ұстатты да:

- Мә, мынаны бір сатып көр. Қаншаға өтсе де мейлі. Бала- шағаны қашанғы аш ұстаймыз. Аллаһ Тағала жомарт қой, бір ретін келтірер,- деді.

Күйеуі қысыла- қымтырыла әйелінің сандықта жатқан су жаңа орамалына амалсыздан қол созған болатын. Орамалды екі дирхамға сатып үйіне қайтты. Қолындағы ақшасына жолай базарға соғып, бала- шағасына тіске басар бір нәрселер алмақ болды. Бірақ базарға жақындағанда жол үстінде отырған қайыршыны көрмей өту мүмкін емес еді. Даусы да сүйектен өткендей еді. Қайыршы өткен- кеткенге қол созған күйі:- Аллаһ ризалығы мен Пайғамбар сүйіспеншілігі үшін қолымды бос қайтармағайсыздар! Маған көмектесу арқылы Аллаһ Тағаланың мейіріміне қол жеткізгісі келетін адам жоқ па? Өте бір мұқтаж адам едім,- деп тынбастан жалына дауыстап тұрды.

Әлгінің сөздеріне шыдай алмай көп ойланбай-ақ қалтасындағы орамал сатып тапқан екі дирхәм ақшаның бәрін әлгі қайыршының қолына ұстатып кете барды. Алайда беруін берсе де нағыз қиын сәт енді басталған болатын. Өйткені, өз бала- шағасының болса аш отырғаны анау еді. Алдынан әйелі шыққанда не айтарын ойлағанда екі беті дуылдап, демі құритындай сезінді. Не болса да көре жатармыз деген оймен алдымен мешітке соғып намаз оқыды. Мешіттен шығып үйіне беттеді. Әкелері кешіккен сайын тіске татыр бірдеңе әкеле жатқан болар деп үйдегілердің де үміті арта түскен шығар. Ішке кіргенде бәрі жәутеңдей бұның қолына қарасты. Әкелері болса басын төмен салбыратқан күйі болған жайдың бәрін әйеліне жасырмай айтты. Әйелі күйеуін тыңдап болған соң: «Е, бопты. Бар ақшамыз Аллаһ жолында кетсе, қайта Аллаһ оны екі еселеп қайтарар. Ол асқан жомарт емес пе? Не де болса дұрыс істепсің»,- деді қашанғы тақуалық әдетіне басып.

Таң атқанда әйелі күйеуіне бұл жолы төркіні сыйлаған сағатты берді. «Ал енді осыны сат та, үйге жейтін бірдеңелер әкел»,- деді.

Күйеуі сағатты алып базарда қас қарайғанша тұрса да, сағатты сұраған жан болмайды. Үйіне бос қайтуға қысылып тұрғанда қолындағы соңғы балықтарын дәл өзі секілді өткізе алмай тұрған балықшыны көреді. Сөйтті де оған жақындап: «Әй, саудагер! Менің сағатымды да, сенің мына балықтарыңды да ешкім алар емес. Кел, одан да андағы екі балығыңды менің сағатыма айырбаста»,- дейді. Айғайлай-айғайлай алушы таппай тамағы ауырған саудагер екі сөзге келместен екі балығын сағатқа айырбастап тез үйіне қайтыпты. Бұл жолы үйіне қуанып келген күйеуі әлгі балықтардың біреуін пісірмек болып жарғанда ішінен жарқыраған жақұт шыға келіпті. Бұны көргенде кедей байғұстың есі шыға қуанған болатын. Дереу әйелі екеуі зергерге барып көрсетеді. Зергер бұл жақұттың өте бағалы екенін, егер дәл қазір сатса он төрт мың дирхәмға алуға әзір екендігін айтады. Аллаһ оларды аяқ асты мол несібеге бөлеп қиыншылықтан құтқарған болатын. Зергерге әлгі жақұтты он төрт мың дирхәмға сатқан күйі үйлеріне құстай ұшты. Әп-сәтте-ақ үй ішінде шаттық орнаған болатын. Бәрі отырып Аллаһ Тағалаға шүкір айтысты.

Дәл осы кезде есік алдына бір қайыршы келген болатын. Әлгі қайыршы бұларға қарап: «Ей, мейірімді жандар! Аллаһ Тағала сендерге нәсіп еткен нәрседен маған да беріңдер?»- деп жалынды.

Бұны естігенде күйеуі бірден далаға жүгіре шыққан күйі: «Дәл осы сәтте біздің бірнеше күннен бері аш отырғанымызды көрген Аллаһ бізге аяқасты он төрт мың дирхәм нәсіп етті. Ақыр Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін сұрап тұрсаң мен саған сол ақшаның тең жартысын әкеп берейін. Қазір келем, тұра тұр»,- деген бойда үйге кіріп кеткен еді. Айтқандай жарты ақшасын алып есік алдына шыққанда үй иесі жаңа ғана өзін күтіп тұрған қайыршыны таппай қалған болатын. Әрі-бері қайыршыны іздеп таппады. Ұшты-күйлі жоқ. Үйіне келді. Неше күнгі аштық ұмыт болып, шұрқыраған балалардың да іштеріне ел қонып, қолға да көп ақша түскендіктен отбасының бүгінгі қуанышы шексіз еді.

Сол күні түнде үй иесі түсінде әлгі есік алдына келіп жоқ болып кеткен қайыршыны көрді. Одан неге күтпей кетіп қалғандығын сұрады. Сонда ол:

«Мен жай бір қайыршы емес, Аллаһ Тағала тарапынан сені сынауға жіберілген періште едім. Кешегі орамал сатып тапқан екі дирхамыңды да сен бала-шағаңның аузынан жырып маған бергенсің. Сол күнгі жақсылыққұмарлығың мен ақ пейілің үшін Аллаһ Тағала саған жақұт сыйлады. Ең соңғы рет тағы сынап көрмекші болдық. Мен қайыршы кейпінде есік алдыңа қайта келдім. Ал сен болсаң дархандығыңа тағы да тәнті еттің. «Аллаһ ризалығы үшін» дегенде жаныңды да болса беруге пейіл екендігіңе анық көзіміз жеткендіктен Аллаһ Тағала сенің осы бір екінші жомарттығың үшін о дүниеде Жұмағын сыйға тартпақ. Аллаһ ризалығын тілеп неге де болса бара алатын сен секілді мұсылмандар не деген бақытты десеңші?!..»,- деп жауап қайырыпты.

Халық мұндайда «Жыртық үйдің құдайы бар» деген.