
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Сәулемен толған бөлме
Кішкене бір қалашықта жұмыс орнын құрған жас жігіт екі көше арасынан орын алып, бөлшек саудамен айналыса бастайды. Өзі адамға жақын жақсы жігіт болғандықтан ел де оны жақсы көріпті. Тіпті елдің бәрі соған барып сауда жасауға құмар екен. Өздері ғана барып қоймай басқаларға да сол жігітке барып саудаласуын тапсыратын көрінеді. Жігіттің дүкендегі саудасын табысты жүргізгені соншалық, Американың бір шеті мен екінші шетіне жететін сауда шеңберін әне-міне дегенше-ақ құрып үлгереді. Арада жылдар өтеді.
Бір күні әлгі азамат ауырып төсек тартып жатып қалады. Дәрігерлер оның енді аз ғана өмірінің қалғандығына қатты өкініш білдірсе керек. Соны сезген жігіт есейіп қалған үш баласын қасына шақырып алып, үшеуіне былай деп тапсырма беріпті:
- Үшеуіңнің біреуің менің қаншама жыл маңдай терімді төгіп ашқан осы үлкен компаниямның иегері болып қаласыңдар. Соған қайсысыңның лайықтырақ екеніңді білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллар ұстатам. Сендер сол ақшаға кешке дейін жүріп бір нәрсе сатып әкелесіңдер. Бірақ сол әкелген нәрселерің емханадағы осы бөлмені түгел толтыратын болсын,- депті.
Балалары болса компанияға ие болып қалу мақсатында бірден қалаға жүгіріседі. Кешке қайтып келгенінде әкелері олардан ақшаны қайда жұмсағандарын сұрайды, сонда бірінші баласы: - Досымның егініне барып екі қап сабан сатып әкелдім,- деп сабандарды бөлмеге шашып жібереді. Шашылған сабан бөлмені жауып кеткенімен сәлден кейін-ақ бәрі аяқ астында қалып бөлмені толтыра алмай қалады. Әкесі екінші баласынан не әкелгендігін сұрағанда, ол: - Мата сатушыға барып, екі жастық сатып алдым,- деп жастықтарының ішін ашып жүндерін бұрқырата шашып жібергенде, бөлменің іші, шынында да, қылға толып кетеді. Алайда аздан кейін-ақ барлық жастық жүндері жерге түскенде, бөлме іші қайта ашылғандықтан толмай қалады.
Бұл жолы үшінші баласына мойын бұрған әкесі: - Ал сен ақшаңды не істедің балам?- деп сұрайды. Баласы: - Ақшаны алып сіздің бұрыңғы дүкеніңізге барып майдалаттым. Ақшаның жартысын Інжілде жазылғандай сауапты бір іске жұмсадым. Ал 20 центті шіркеуге бердім. Тағы бір 20 центті екі көмек қорына салдым. Ал қолымда қалған 10 центтке екі нәрсе сатып алдым. Олар: мына шырақ пен сіріңке,- деп қалтасынан сатып алған заттарын шығарып, түнде әлгі шырағын жаққанда, бөлме іші, расында да, түгелімен жарыққа толып кеткен екен.
Бөлме ішінің сабан мен жүннен гөрі шырақтың жарығына толғаны әкесіне ғана емес сол жердегі баршаға бірден ұнайды. Баласының ақылына көңлі толған әкесі сонда риза кейіппен: - Жақсы, балам. Менің жұмысымды жалғастыратын енді сен боласың. Өйткені сен өмірдегі ең жақсы нәрсе - басқаларды жарыққа бөлеуді біледі екенсің. Бұл деген тамаша нәрсе. Ешқашан шырағың сөнбесін! - деп, маңдайынан иіскеп, батасын берген екен.
Қолы сынған қыз
...Бағдатта елді аштықтың қатты бір тықсырған кезі еді.
Бұл қиын жағдай әсіресе қолындағы арқанымен әркімнің жүгін тасып, солардың ұстатқан азын аулақ тиын-тебенімен күнелтетін «хаммалдардың» қабырғасын қайыстырып, жандарына қатты батқан болатын.
Бір күні жүк тасушы хаммалдың біреуі жаңа піскен нан исі бұрқырап шығып жатқан жатқан бір үйдің тұсынан өтіп бара жатып аштықтан бұратыла ішке дауыстады:
Неше күннен бері нәр татпаған мен бейбаққа Аллаһ ризалығы үшін бір үзім нан беретін жан бар ма екен?
Тандырдың қасындағы шешей жаңа піскен ып-ыстық күлшеден қызына беріп жатып «Ана кісіге ұстат» деді. Қызы бір ауыз сөзге келместен ыстық күлшені жақсылап ораған күйі аш хаммалдың қолына ұсатты.
Хаммалдың қуанышында шек жоқ еді. Неше күннен бері бір күлшеге зар болып еді. Енді міне сол тілеуін Құдай аяқ астынан берді деген сөз.
Бірден үйіне қарай бет алды. Алайда дәл осы мезет ту сыртынан естілген өктем дауыстан тұрған орнында қатты да қалды. Ол дауыс:
- Айт, тез, андағы нанды қайдан алдың?- деді.
Бұл байғұс жаңа ғана шыққан үйін қолымен нұсқады.
Қабағы онсыз да қату әлгі кісі ашуланған күйі:
- Бәсе,- деді,- мынадай заманда басқа кімнің үйі елді жарылқап нан береді дейсің?!
Сөйтті де үйіне барған күйі:
- Қайыршы хаммалға нан берген қайсысың?- деп айғайлады.
Әйелі байғұс қатты қорыққандықтан жең ұшымен қызын көрсетті. Онысы-қызына жаны ашыр, ештеңе қыла қоймас деген ойы еді. Алайда қыздың әкесі сараңдық пен ынсапсыздықтың ауруына мықтап шалдыққан болатын. Сондықтан да болар ойланып жатпастан босағада тұрған таяқпен «нан берген қолың осы болса» деп қызының қолынан салып қалды. Қыздың баж еткен даусы ғана шықты. Өйткені онсыз да нәзік қолы сол мезет сынып кетіп, ендігәрі орнына келе қоймайтын өмірлік мүгедек болып қалған болатын. Оған қарап жатқан әке бар ма?! Ол өз ісін іштей дұрыс деп түйді, «елдің бәріне нан тарата берсем бұл үйде нан қала ма» деп ойлады.
Алайда оның бір нәрсені ақылға салып таразылауға, түйсінуге парасат-пайымы жетпеген еді. Ол- әрбір нығметтің шүкір қажет ететіндігі. Яғни Аллаһ Тағаланың маңдайға бұйырған әрбір жақсылығына адам баласы да әрқашан іштей шүкіршілік қылып, соны біліп жүруі керек еді. Өйткені шүкір ұмытылған жағдайда Аллаһ Тағаланың ол адамды бар жақсылықтан мақұрым ғып, құр алақан қалдыруы демде еді.
Айтқандай-ақ осы бір ақиқат шығайбайшыл әлгі сараңды өз ырқына бас идірді де. Көп өтпей-ақ ісі өрге баспай, кетеуі кете бастаған әлгі үй иесінің базардағы сауда орнын сатуы да сол берекесі қашқан тірлігінің бір көрінісі еді. Аз-ақ уақытта кедейленіп шыға келгені соншалық, бір күндері нан таппайтындай жағдайға қалай душар болғанын да өзі сезбей қалды.
Салы суға кетіп кешқұрым үйіне қайтқан ол үйдегілерге мынаны айтуға мәжбүр болды:
- «Болды енді, менен үміттеріңді біржолата үзіңдер! Бүгін күні бойы нан алатын ақша да таба алмадым. Қызым, бүгін сен одан да базарға барып өткен-кеткендерден біраз нан алатын ақша сұрап қайт!»
Қызы қол жайып қайыр сұрауға қанша арланса да шарасыздықтан қысыла-қымтырыла базардағы бұрынғы дүкендерінің алында тұрып таныс біреу-міреу кездесіп қалар ма екен деген оймен күте бастады.
Сәлден кейін-ақ өзін байқаған әлгі дүкендегі кісі келіп:
- Сенің бір қыжалатын бар секілді. Бұл жерде кімді күтіп тұрсың?- деп сұрады.
Қыз лажсыздан бар шындықты жасырмай айтты:
- Шыны керек, нан алатын ақшамыз болмай, қолыма бірдеме ұстатар таныс кісілер кездесіп қалар ма деп тұрған жайым бар...
Әлгі кісі қолын бірден қалтасына салып біраз ақша алып «мә, ала ғой» деді. «Сен бұған қалағаныңша нан сатып ала аласың. Мен де сенің арқаңда Аллаһтың өзіме жасаған жақсылығына аз да болса шүкіршілігімді қылған болып саналамын»,- деді.
Қыздың манадан бері бір қолын артына жасырып, берген бір уыс ақшаны да бір-ақ қолымен алғаны әлгі кісіні таңдандырмай қоймаған-ды. Сол сол-ақ екен:
- Қолыңда жара болса, айт, емдетіп берейін. Неге артыңа көрсетпей жасырып тұрсың? Аллаһ маған көп нығмет-несібе бергенде мен де оған шүкіршілік етіп басқаларға жақсылық жасауым керек емес пе?- деді.
Қыз қолы жайлы қанша айтқысы келмей тартыншақтағанымен әлгі кісі сұрап тұрып алғаннан кейін айтуды жөн көрді.
- Кезінде мен бір пақырға нан берген едім. Әкем әлгі байғұстан «нанды қайдан алдың» деп сұраса ол біздің үйді көрсетіпті. Әкем қатты ашуланған күйі үйге келе сала нан берген қолың сенің осы болса деп менің қолымды таяқпен ұрып, өстіп мүгедек қылып тастады. Көрсетуге ұялатындықтан ел бетіне көрінбей үйде отырамын деп күйеуге де шықпай қалған жайым бар...
Әлгі кісі қыздың айтқандарын ести сала бар көрші-қолаңын шақырып айғай салады.
- Әй, көршілер! Келіңдер, мен өз қиялымдағы ақ жүректі аруды енді таптым. Ол, міне, алдарыңда тұр. Сендер де менің бұл ісіме куә болыңдар!
Сөйтеді де аң-таң болып тұрған қызға болған жайды әңгімелеп түсіндіре бастайды:
- Кезінде сенен нан сұраған бейбақ мен едім. Мен ол кездері елдің жүгін тасып күнелтетін кедей бір хаммал едім. Демек қолыңның сынғанына мен себеп болған екем. Сенің қолыңның сынғанына себеп болып қана қоймай, сенің тұрмыс құра алмағаныңа да себеп болғаным жарамас. Бұған Аллаһ Тағала да разы бола қоймас. Сені көргенде іштей ұнатып қалғаным да рас. Маған нан берген қызға қатты ұқсайды екен деп қадала қарап қалған едім. Қателеспеген де екем. Әкең шүкіршілік етпегендіктен қолындағы барынан айрылып қалды. Ал керісінше оның айрылып қалған байлығын Аллаһ Тағала маған нәсіп етті. Мен ондай шүкіршілікті білмейтін адам емеспін. Кел, екеуміз одан да некемізді қиғызып, отау құрайық. Әкеңді де қиыншылықтан құтқарармыз.
Екеуі бірге қол ұстастан күйі қыздың әкесіне көмектеспек ниетпен жолға шығады...
«Шүкір етсеңдер ырыс-несібемді молайта түсемін. Ал шүкіршілікті ұмытсаңдар, қолдарыңдағы нығметімді аламын да шүкіршілігі бар басқаларға нәсіп етемін. Шүкіршілік етпегендерді әрі қатты азапқа ұшыратамын...» (Құран Кәрім, 14/7)