
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Үлкен тас
Төмендегі жайт, расында да, Келлог Бизнес Скулдың (Норзвестерн университеті) Жұмыс басқару Магистратура студенттері мен «Уақытты бағындыру» сабағының профессоры арасында болған..
Профессор сыныпта отырған әлемдегі ең таңдаулы студенттердің жүзіне барлай қарағаннан кейін: - Бүгін Уақытқа жетекшілік ету тақырыбына зерттеу аралас бір сынақ жүргіземіз,- дейді. Сөйтеді де мұғалім өз үстелінің астынан күні бұрын дайындап қойған үлкен шыны ыдысты (банканы) алып, үстелдің үстіне қояды. Артынша үстелдің астынан тағы да әрқайсысы жұдырықтың үлкендігіндей бірнеше тастар алып, ақырындап әлгі ыдыстың ішіне толтырып сала бастайды. Ендігі тас сыймайды-ау деген кезде студенттерге бұрылып: - Қалай ойлайсыңдар, ыдыс толды ма?- деп сұрапты. Ағайдың бар істегенін қалт жібермей байқап отырған студенттер бәрі бірауыздан: - Иә, толды,-деп жауап береді. “Олай болса, қазір көреміз” деп, профессор үстел астынан тағы да бір банка ұсақ шағыл тастар алып, оны да толғанынша жайлап қана әлгі үлкен тастар қойылған ыдыстың ішіне сала бастайды. Ыдысты шайқаңқырап әбден толды-ау деген кезде студенттерден: - Қалай, ыдыс енді толды ма?- деп тағы сұрапты. Бір оқушы қуланып:- Әлі де толмаған болар,- дегенде, профессор асықпастан:- Рас айтасың, бұл әлі де толмады,- деп, үстелінің астынан тағы да бір банка құм алып, оны да әлгі ыдыстың ішіне жайлап төге бастайды. Ыдысты да ырғаңқырап отырып, құм ірі тастар мен ұсақ шағыл тастардың арасына нығыздалып әбден толды-ау деген кезде студенттерге қарап:- Ыдыс енді толды ма?- деп қайта сұрапты. Профессордың түбінде нені меңземек болғанын әлі де аңғара қоймаған студенттер:- Жоқ,- деседі. Бұл жолы да “Дұрыс айтасыңдар” деген профессор әлгі ыдысқа енді бір ожау су құйыпты. Мемілдеп толған су оның ернеуіне жеткен кезде енді болды дегендей студенттерге қарап: - Біздің бұл сынағымыздың астарын кім ұқты?- деп сұрапты. Бір студент:
- Уақыт бізге қанша толы болып көрінгенмен тағы да бөліп басқа нәрселермен айналысуға болатындығы,- дегенде, профессор: - Жоқ,- депті сынақтың түп мәнісін өзі түсіндірмек болып. - Бұл сынақтың астары- егер үлкен тастар бірінші болып қойылмаса, онда ұсақ тастар қойылып қойғаннан кейін ыдысқа үлкендерінің кейіннен тіпті орналастырыла алмай қалатындығы. Бұл- өздерің де көріп отырғандай күнделікті өмірдегі таза шындық.
Студенттер таңғала қарап отырғанда профессор сөзін ары қарай сабақтапты:- Өмірдегі үлкен тастар дегеніміз не? Оқу оқу, білім алу, отбасын құру, бала сүю, денсаулық, жора-жолдас, басқаларға пайдалы болу, артыңа еңбек қалдыру, өзіндік арман-қиялдарың.. Осылардың біреуі немесе бірнешеуі тіпті барлығы да сендердің үлкен тастарың болуы ғажап емес. Бүгін түнде жатар алдында жақсылап ойланыңдар, сендердің үлкен тастарың қайсысы екендігін дұрыстап шешіңдер. Ыдысқа үлкен тастарды бірінші қылып қоймасаңдар, кейін сыйғызармын деудің бос әурешілік екенін біліңдер, онда болашақта елге де, отанға да, ешкімге де пайдалы бола алмайсыңдар. Ендеше, өмірдің іргетасы іспетті үлкен тастарға қазірден бастап зор жауапкершілікпен қараңдар!- деген профессор сабақ бітсе де, аңтарылып үнсіз отырып қалған студенттерді сыныпқа қалдырған күйі шығып кеткен екен..