
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Әке мен бала
Хазіреті Иса (а.с.) бірде жолда кетіп бара жатып бір қарияны бас салып тепкілеп жатқан жас жігітті көріпті. Қарт кісіге жаны ашып бірден жүгіріп барып араша түспек болғанда әлгі қарт оны тоқтатып:
- Мені арашаламай-ақ қой, тепкілей берсін!- депті.
Қарттың бұл сөзіне қатты таңырқаған Хазіреті Иса оның себебін сұрағанда, әлгі шал оның мәнісін былай деп түсіндірген екен:
- Мен де кезінде өз әкемді тұп-тура осы жерде дәл осылай тепкілеген едім. Мына жігіт болса- менің туған балам. Менің әкеме істегенімді балам маған істеп жатыр. Менде кеткен әкемнің өшін өз баламның менен алып жатқан жайы бар...
Бұл «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» деген нақыл сөздің астарын анық ұқтырса керек.
Жазмыштан озмыш жоқ
Бір кісі Хазіреті Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақтында есі шыға, жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқан ол Хазіреті Сүлейменмен кездестіруді өтініпті.
Қатты қорқып өңі құп-қу болып кеткен әлгі кісіден Хз. Сүлеймен:- Не боп қалды? Мұнша неге қорықтың? Себебі не?- сұрапты.
Әлгі кісі әлі де бойын билеп алған үрейден арыла алмаған кейіпте:- Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (а.с) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ниеттенген секілді,- депті жан-жағына үрейлене көз тастап.
- Сонда менің не істеуім керек?- деп сұрапты өлімнен мұнша қорыққан әлгі бейбаққа көз тастаған патша- пайғамбар Хз. Сүлеймен.
- Сізден бір көмегіңізді өтінем,- депті сонда әлгі кісі сөзін жалғап,- Сіз- аң-құс біткеннің тілін білетін, жан-жануар, тау-тасқа әмірі жүретін үлкен патшасыз. Қолыңыздан бәрі де келеді. Желге айтып, мені сонау Үндістанға жеткізуін бұйырыңызшы,- депті жалына,- Мүмкін сол кезде жан алғыш Әзірейіл менен көз жазып қап, өлімнен құтылармын.
Хз. Сүлеймен жыламсырап тұрған әлгі адамға жаны ашығандықтан желді шақырып, оны Үндістанға апарып тастауын бұйырыпты.
Жел патша жарлығын екі етпестен құйындатып ала жөнелген күйі жаңағы адамды бірден Үндістандағы жапан бір аралға апарып тастапты.
Түске қарай қарамағындағылармен жиналыс құрып отырған Хз. Сүлеймен, келгендер арасынан Әзірейілді де көзі шалып қалыпты. Бірден қасына шақырып алып:- Ей, Әзірейіл! Сәске кезіндегі әлгі бейбақтың жүрегін алып, сонша қорқытқаның не? Неге алайып қарадың? – деп сұрапты.
Сонда Әзірейіл (а.с.): - Уа, әлемнің баға жетпес патшасы! Мен оған сұс көрсетіп, алайып қарамадым, тек қана оған таңғала қарадым. Ол өзі қорқып кеткен болар. Мен оның осы жақта жүргеніне таңғалған едім. Өйткені Аллаһ Тағала маған оның жанын бүгін кешке Үндістанға барып алуымды бұйырған болатын. Мен оған қарап тұрып “Бұған жүз қанат бітсе де Үндістанға, әй, бүгін жете алмас” деп таңғалған едім. Таңғалыспен жүзіне тесіле қарағаным да сол болатын,- деп жауап берген екен.
Патша мен құмырсқа
Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай екендігін айтады.
Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар (а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады, тыныс алуына жағдай жасап қасына бір бидай қойғызады. Сөйтеді де тура бір жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса, құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жартысын ғана жеген екен. Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның неліктен бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын сұрайды.
Сонда құмырсқа:
- Негізі, менің жейтін несібемді Аллаһтың өзі беретін. Ол беретін кезде мен де еш нәрсеге алаңдамай, еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды енді сен беретін болған кезде «әй, түптің түбінде пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деп, маған берілген бидайдың жартысын ғана жеп, жартысын келесі жылға сақтап қойғандығымның мәнісі сол еді,- деп жауап берген екен3.
Иә, Аллаһ Тағала пендеге күнімізді қаратпай-ақ қойсын деп тілейік!