
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Менен біреу сұрап па?
- «Бұл дүние - сынақ мекені. Адам баласы сыналуда» дейсіз, Аллаһ менен сұрамай-ақ шығаратын шешімін шығарып, жарататынын жаратып қойды емес пе? Мүмкін менің жаратылғым келмеген болар еді... Бұған не дейсіз?
- Алдымен бір сұрақ қояйын. Сен өзі Аллаһқа сенетін адамсың ба?
- Жоқ, сенбеймін.
- Олай болса, бұндай сұрақты сұрауға еш хақың жоқ!
- Неге?
- Өйткені көңілімен иланып, жүрегімен сенбеген адам өзі сенбей тұрған нәрсенің өзін дүниеге әкеліп, сынап жатқандығына да тіптен сенбейді, сенбеуі де керек. Қисынға салсақ, осылай дейді. Ал керісінше болса, қайшылыққа ұрынасыз. Саған бірден сұрақ мәселесін түсіндірем деу- бос әурешілік. Ол үшін алдымен Аллаһқа илану мен иманға келу жағын қолға алуымыз керек. Ал бұған көну-көнбеу өз еркің.
- Аллаһқа сеніп, оның мені жаратқанына да, мені сынап көріп жатқанына да иланып, сонда да сұрақ қойып жатсам ше?..
- Онда бұл сұрақтан Аллаһтың үкіміне риза болмау, оған қарысып қарсы шығу секілді бір кілтипанның астары байқалады.
- Жарайды, мен иманды, сенушілерден-ақ болайын. Бірақ сонда да «Аллаһ о баста менен «Жаратылғың келе ме?» деп неге сұрамаған?» деп сұрасам ше?
- Саған ондай сұрақ қойыла алмайтын еді. Өйткені сен ол кезде жоқ болатынсың. Жоқ адамнан қайтіп сұрақ сұрайсың? Жоқ адам бар болса ғана сұрақ сұралады. Өзі жоқтың түйсінетін ақыл-есі де, ішкі сезімі де, сөйлейтін тілі де болмайды.
- Сұрау үшін жаратуына болар еді ғой?..
- Иә, жаратуына болар еді, бірақ сені жаратып қойып «Сені жаратайын ба?» деп сұраудың ешбір мәнісі болмайды ғой. Сені жаратқаннан кейін сен бар болдың, онда енді несіне сұрасын сенен? Сұрағанмен қандай мән болмақ?
- Менімен санаспастан мені жаратып, бар етуі әділетсіздік емес пе?
- Әділдік іздейтіндей сен ол кезде бар емес едің ғой, сен тіптен жоқ болатынсың. Сен бар болғаннан кейін ғана әділдік сұрап жатсың. Бар болғаннан кейін ғана сен «Сен» болдың. Көрдің бе, бар болудың өзі үлкен жақсылық. Бұны неге түсінгің келмейді? Барлық жақсылық, әдемілік атаулының бәрі әуелде бар болудан барып туындайды. Барлық жамандық пен жиіркенішті атаулы болса, жоқ болудан барып туындайды. Байлық та баршылықтан, кедейлік те жоқшылықтан болады. Малы барды емес, малы жоқты кедей дейді. Денсаулықтың да барлығы жақсы, жоқтығы жаман. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады...
- Маған бұл өмірдегі сынақтан кейін Тозаққа барасың десе, жаратылмай-ақ қояр едім...
- Саған Тозаққа баратындығың айтылса, онда сынақ - сынақ болудан қалып, ешбір мәні қалмас еді. Егер оқушы сыныпта қалатынын анық білсе, емтиханға да қатыспасы белгілі. Әлі ешкім де өзінің не Жұмаққа, не Тозаққа баратындығын білген емес. Өмірге келгеніңе сені өкінткен не жайт? Қолыңдағы дүниең бе? Көрген ауыртпалық, қайғы-қасірет, ауру-сырқау ма, әлде? Бұлардың бәрі де өткінші нәрселер. Бұ дүниедегі өміріңнің өзі санаулы болғандықтан оның бәрі де ұмыт боп, өтіп кетері сөзсіз. Сен неге ылғи қиындықтар мен жамандықтарды көргішсің, бір мезгіл өзіңдегі, айналаңдағы жақсылықтарға да көз жіберсеңші? Бар болу, адам болу, өмірге келу- бұның бәрі де сен дәмін татқан баға жетпес нәрселер. Сенің әлі қолың жете қоймаған небір әсемдіктер бар шығар, дегенмен уысыңдағылардың да бағасына жете білу керек қой? Саған ұнамаған нәрселерді жақтырмай қанша кері итергеніңмен олардың сол күйі жоқ болып кетпейтінін де біл! Бәріне қарсы шығу арқылы сен өзіңдегі бір нәрсеңді жоғалтып алуың әбден мүмкін, ол- иманың. Яғни саған мәңгілік бақыттың есігін айқара ашатын кілтіңді!
Сені бәріне қарсы қойып жатқан себептердің бірі- сенің көп күнә істегендігің. Жаратқанның жөн сілтеуіне көне қоймай, нәпсіңнің шырмауынан аса алмауың. Бірақ, сөйте тұра, Тозақ оты азабынан қорыққандықтан ол жағы да есіңе түскен сайын іштей өзіңді кеміріп, тығырықтан шығар жол іздеп, азапқа салатындығың.
Аллаһпен күрескенше өзіңдегі нәпсіңмен күресіп, соны жеңуге тырыс! Тәуба есігі ылғи да ашық, оған кірем дегенге ешқандай кедергі жоқ. Тәубаның кәусар суына шомыл да, денеңді тазарт! Онсыз да күнәлармен кірлеп бітіпсің, енді Аллаһқа қарсы шығам деп тіпті тазармастай қарайып кетпе!
Иә, бұ дүниеге өз қалауыңмен келмегендіктен өз қалауыңмен де кете салмайсың. Кім әкелсе, соның қайта әкетері анық. Тіпті кетпеймін десең де, бұл жерде қала алмасың белгілі. Олай болса, Жаратушының қалауына көн! Иманға келіп, көңліңді жай таптыр! Басқа шығар жол жоқ, бар шындықтың бір ғана осы екенін түсінесің бе?!