
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
«Жүрек тазалығы» деген не?
Кей адамдар осы жүрек тазалығы дегенді ешкімге жамандығын тигізбей, елге жақсылық жасап жүре беру деп өте тар ауқымда ғана ойлайды. Елге жақсылық жасаумен Аллаһ алдындағы парыздардан да құтылудамыз деп санайды. Ал бұл дегеніңіз өте қате түсінік, шайтанның нағыз өз айласын асыруы немесе адамның өз нәпсісінің құрығына өзі түсуі. Кейде тіпті «Пәленше намаз оқыса да анандай қылықтар істеп жүр ғой, мен өйтіп жүріп намаз оқығанша оқымай-ақ қойғаным артық емес пе» деп өз бастарын намаздан алып қашу үшін намаз оқитын басқа біреулердің қателіктерін бетке басуға тырысады. (Әрине, құлшылық жасап Құдайға күндіз-түні бас ұрғаннан гөрі жүрегім таза деп қойып алаңсыз жүре берген әлдеқайда жеңілірек екендігі сөзсіз.) Бұндай қате түсініктер намаз оқымайтындарға ғана тән емес, намаз оқитындар да ислам қағидаларын өзінен бекемірек орындайтын басқа бір мұсылман үшін сондай нәрселерді айта алады.
Бізге қашанда тура жол көрсетуші ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
«Бір күнә жасалғанда жүректе бір дақ пайда болады. Егер иесі артынша әлгі ісіне өкініш білдіріп, тәубаға келер болса жүрегі қайта жарқырап шыға келеді» деген екен.
Біз бұл хадистен таза жүректің тек қана күналардан тазартылған, Жаратушыға қарсылық етіп қараймаған жүрек екендігін айқын ұққандаймыз.
Әкесінің айтқанын тыңдамаған баланы «Тәрбиесіз, әдепсіз» деп жазғыра жөнелетін бұл адам баласы өзіне бұйырылған ғибадатты орындамаудың да Аллаһқа қарсы келу екендігін неге білмегенсиді?!
Парыздарды өтемеуге ешқандай да сылтау жүрмейді. Қате тұжырымдарға жол беріп, ақиқатты аттап өтуге ешкімнің де құқы жоқ. О баста Аллаһ бұйырып, Пайғамбары (с.а.с.) да оның қалай атқарылатынын өмір бойы мүьминдерге үйретті емес пе?! Тіпті Пайғамбарымыздың көзі тірісіндегі сонау бір бақытты дәуірде бұл бұйрықтардың қаз-қалпында атқарылғандығы соншалық, рухы күшті сахабалар парыздарды атқарып қана қоймай, тіпті қосымша істелінетін нәпіл ғибадаттарға да зор мән берген болатын. Қай жақ болмасын мешіт, медреселеге толы болған.
Сөйткенше болмай, ақырзаман да тақап, адамдар діннен алыстап, дүниеге көбірек жақындады. Пайдакүнемдік кең етек алып, ғибадат жайына қалды. Ғылым ізденуге деген құлшыныс төмендеп, жүректердегі тақуалық сезімі өшті...
Осындай бір аласапыран заманда, бұзылмаған жер қалды ма екен дегенде, бір топ адам шығып, өздерінше жол бастағандай. Олар- нағыз жүрегі таза жандар екен. Олар өздерін пайғамбарлар мен сахаба, әулиелер бастаған ақ жолға түстік, осыдан он бес ғасыр бұрыңғы мүьминдердің даңғыл жолына қайта бас ұрудамыз деп есептепті. Олардың тәубаға келместей боп тас-түйін бекінгендіктері соншалық, бұйырған парыздарды орындамай осы арқылы өздерінің Аллаһқа қарсы шығып жатқандықтарынан да хабарсыз болса керек. Тіпті «Кел, Жаратқанның алдында жалбарынып құлшылық жасайық» деп, шақырған мұсылмандарды олар бірден жақамаған кейіпте «Одан да сен менің жүрегіме қарасаңшы, менің жүрегім таза!» деп жауап беретін көрінеді. Олар үшін жүрегің ғана таза болса болды басқа ғибадаттарға көңіл аудармасаң да болатын секілді...
Жүректі жуатын, кірден тазартатын тек ғибадат екенін білмегендерге не шара?!
Кешіріңізші, әке?
Ол үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырық пышақ болып сөзге кеп қалатын. Арадағы ұрыс- керіске әйелінің қайын атасына тыжырына қарап, үйге артық адам керек емес деп жақтырмай қарайтын шайпау мінезі себеп болатын. Кейде сондай бір ұрыстардың адам айтса нанғысыз бас бермей кететін кездері де жиі болушы еді. Ондайда жанжалды ушықтырып, жан алқымнан алатын әйелі үйді басына көтере «Не бұл үйден мен кетем, не әкең кетсін!» деп долылыққа басатын.
Әйелімен ажырасуға дәті шыдар емес. Үйде бірге тұрып жатқан әкесі үшін лап ете қап, өршіп ала жөнелетін ұрыс-керістер болмаса, былайғы өмірде өзі де, өзін де қатты жақсы көретін әйелі мен бала-шағалы бақытты отбасы болатын. Осы әйелге кезінде қолы әрең жеткен еді, үйдегілерді қалай әрең көндіріп еді десейші?! Әйеліне өлердей ғашық болғаны соншалық, әлі де қатты жақсы көретін. Енді міне, шақшадай басы шарадай болып, шарасыз күйде не істерін білмей дал болып отырған оның есіне бұл тығырықтан алып шығар бір ғана жол түсті. Ол- кезінде аң аулауға керек болар деп тұрғызған таудағы күрке сымал ағаш үйге әкесін апарып орналастырсам деген ой еді. Аптасына бір рет соғып, тамағын апарып беріп, керектісін жеткізіп тұрса, күнде құлақ етін жемей үйде әйелі де тыныш табар еді деген үміт.
Әкесіне керекті бар заттарды дайындағаннан кейін төсекке таңылған әкесін көтеріп әкеп машинаға салды. Баласы да барам деп етегіне жармаса кеткендіктен оны да машинаға отырғызып алып, жолға шықты.
Қақаған қыс айы болатын. Даладағы үскірік аяз бет қаратар емес. Қарсы алдарынан құйындатып борай соққан қардан жолды әрең-әрең көріп келе жатты. Қасында отырған кішкене баласы әкесінен қайда бара жатқандықтарын мазалап, қанша сұраса да еш жауап ала алмады. Ал өзін қайда апара жатқандығын бірден ұққан көкірегі ояу қарт болса, іштей егіле жылап, көзінен сорғалай аққан жасын жеңімен сүрткен күйі, немересі мен баласына білдірмеуге тырысты.
Бірнеше сағат жол жүріп таудағы үйге де келіп жетті-ау. Бұл жерге ат басын тіремегелі де біршама уақыт болыпты. Үй сымал ағаш күркенің әбден тозғаны соншалық, төбесінен су ағып, еденге тастаған тақтайлардың кейбір тұстары шіри бастапты. Күркенің бір бұрышын тазалап, аз бір дайындық жүргізген-сымақ болғаннан кейін машинадағы төсекті әкеп сол бұрышқа жайлап орналастырды. Артынша басқа да заттарды өз орындарына реттестіріп қойғаннан кейін ең соңынан әкесін түсіріп әкеп, әлгі төсекке жатқызды. Ал, үй деп әкелген күрке болса, үйден гөрі далаға көбірек ұқсас болатын. Едені сыз, суық күркеде әкесі төсекке жатқызыла сап-ақ, тісі-тісіне тимей сақылдап, жаурай бастады. Денесі қалшылдап тоңа бастаған әкесіне қарап тұрып «Ертең жылырақ көрпе- жастықтарын әкеліп берермін» деп ойлады. Бірақ ішін жегідей жеп, өзегін өртеген қалың ой мен еңсесін зіл ғып басқан мұңнан біртүрлі арыла алмады. Ол осындай боп өзін күнәлі сезініп тұрғанда, әкесінің де ішкі жан- дүниесі бұрқан-талқан, көңілі астаң-кестең күйде еді. Қаншама жыл барын аузына тосып, аялап баққан баласы қартайып, әл-ауқатынан айрылып қауқарсыз күйге түскен шағында қадір-құрмет көрсетудің орнына өзін тірідей көміп, қыстың көзі қырауда ессіз далаға тастап кетіп бара жатқан жоқ па?! Бұл не, ит-құсқа жем болсын дегені ме, жоқ әлде, аязда аштан қатып өлсін дегені ме?! Бұдан өткен бақытсыздық, бұдан асқан масқаралық болар ма?! Осындай қорқынышты әрі сұрықсыз ойлар жетегінде іштей қатты мүжілген қарт сырттай сездірмеуге тырысып бақты. Болған жайттан ешнәрсе ұқпаған тек қарттың немересі ғана болатын. Кіп-кішкентай бала жүрегі, әйтеуір, атасынан айрылып бара жатқанды ғана сезіп, көңілін қорқыныш билеп, бәріне сырттай ғана көз салып тұрып қалды.
Қайтатын уақыт та таяды. Қоштасарда әкесінің төсегіне еңкейіп, оны құшақтаған күйі өксігін баса алмай көп жылады. «Мені кешірші» дегендей бетінен, көзінен, қолдарынан қимай-қимай көп сүйді. Екеуі де өздеріне ие бола алмай, әкелі-балалы құшақтасқан күйі іштей егіле жыласты. «Осыған мәжбүр болдым, әке, қайтейін» дегендей ұлы артқа қайта- қайта көз тастап, кішкене баласының қолынан дедектете жетектеген күйі күркеден алыстай берді.
Машинаға келіп отырды. Қайтар жолға бет алғаннан-ақ қасына ерте келген кішкене баласы «Атамды суық жерге неге тастап кеттің?» деп ал кеп жыласын. Баласына не деп жауап берерін білмеген әке байғұс қатты састы. «Шешең осылай болуын қалады» деп айта алмады. Баласы бір уақытта жұлып алғандай «Сен қартайғанда мен де сені осында әкелем бе?» дегенде, басынан біреу мұздай су құйып жібергендей қалш еткен күйде тұрды да қалды. Сұраққа жауап таппастан бірден машинасын кері бұрды. Күркеге жете бере «Әке, мені кеш?!» деген күйі тамағына тығылған ащы бір өксікке ие бола алмастан, мойнына асыла кетті. Кемсеңдеген әке мен кешірім тілеген ұлы бір-бірін қатты құшақтаған күйі құдды кішкене бала секілді өксік баса алмастан көп жыласты. Өзінің қателігін енді ұққан баласы «Жаза бастым, жаңылдым, әке, мені кеш» деп аяғына бас ұрып кешірім сұрағанда, әкесі де оған еш күтпеген мағыналы жауапты қайтарған еді.
– Сенің қайтып келетініңді білгенмін, балам. Сен мені тауға әкеп тастап кететіндей мен өз әкемді қартайған шағында тауға апарып тастаған жоқпын ғой. Мені тауға алуын алып келсең де, дәтің шыдап тастап кетпейтініңді, қайта оралатыныңды білгенмін, балам,- деген еді қарт сонда...