Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

«Байлығың құрсын..»

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өліп, мені жерлегенде менімен бірге бір түн қабіріме қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!»

Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті.

Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатқанда кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі- өлі, екіншісі- тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең атырыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған кедей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра өмірімде ие болған бір ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер болып ат-тонын ала қашқан екен.

Иә, «Қайғысыз болсаң, қара суға да семіресің»..

Сый мен дүре

Ертеде бір патша болыпты. Патшаның өте бір керемет мәуелі жеміс бағы бар екен. Бақтың жемістерін патша әркез көрші елдерге көліктермен жеткізіп қымбат бағаға сататын көрінеді. Әлгі бақтың күзетшісі бір күні өте бір таңғажайып түс көріпті. Түсінде енді жөнелтілгелі отырған жемістер жолдағы қарақшыларға қолды болып, патша үлкен зиян шексе керек. Ертесі патшаға барып түсін айтқан күзетші одан бұл жолғы жемістерді әзірше жібермей қоя тұруды өтініпті. Күзетші сөзін сынамақ болған патша жемістің аз ғана бөлігін жіберіп көріпті. Бірақ, шынымен де, сатуға жіберген азғантай жемістің қарақшылар тарапынан талан-таражға түскенін естігенде патша көп жемісті аман алып қалған бақша күзетшісіне дән риза болыпты. Бір қызығы, күзетшіні шақыртып оған осы жақсылығы үшін үлкен сый-сыяпат ұсынған патша, артынша оған жүз дүре соғуды тапсырыпты. Өзіне не үшін дүре соғылатынын түсінбеген күзетшіге патша оның мәнін былай түсіндірген екен:

- Сый-сияпат- сенің маған жасаған жақсылығың үшін. Ал дүре болса- сенің өз қызметіңе жауапсыз қарап, ұйықтағаның үшін. Сен тағы да ұйықтап түс көрмек болсаң, мені одан да көп зиянға батырасың. Сенің жұмысың- түс көру емес, сенің жұмысың- кірпік ілмей бақшаны күзету. Сондықтан ендігәрі ұйықтамайтын бол!

Мүгедек дос

Вьетнам соғысының аяқ кезі... Елге оралмақ болған әскерлердің бірі үйіне телефон соғып, әке-шешесімен тілдесті: «Үйге қайтып келе жатырмын. Бірақ сіздерге бір өтінішім бар, өзіммен бірге бір жолдасымды үйге ерте келсем деп ем... »

«Әрине,- десті үйіндегі ата-анасы,- өзіңмен бірге ерте кел, танысармыз.»

Баласы: «Бірақ сіздерге беймәлім жағдайы- бір минаны басып кеткендіктен оның бір қол, бір аяғы кем.. Баратын басқа жері жоқ, келгеннен кейін де бізбен бірге тұра берсе деп ем...»

«Қап, қиын болды-ау! Мүмкін оны келген соң басқа бір жерге орналастырармыз. Ол жағынан көмегімізді аямаспыз.»

«Жоқ!-деді баласы қатқыл дауыспен,- оның бізбен бірге тұрғанын қалаймын!»

«Балам,- деді бұл жолы әкесі де ашуға басып,- сен бізден не қалап тұрғаныңды білесің бе?! Ондай мүгедек, масыл адамға қарау оңай емес, оны өмір бойы өзімізге ауыр жүк қып қайтеміз, әркімнің өз тіршілігі бар дегендей. Не дегенмен оған рұқсат ете алмаймын, балам. Одан да ол жолдасыңды таста да, үйге өзің қайт! Ол өз жайын өзі реттей жатар...»

Осыны естігені мұң еді баласы бірден телефон тұтқасын тастай салды.

Содан көп уақыт хабар болмады. Алайда бірнеше күннен кейін Сан-Франциско полициясынан хабар келіп, балаларының ғимараттан құлап өлгендігі туралы естіртілді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жас жігіт өзін-өзі өлімге қиған көрінеді. Қайғы арқалаған ата-анасы бірден Сан-Францискоға ұшып, балаларының өлімін анықтау үшін қала моргына жеткізіледі. Ата-анасы балаларын бірден таниды, алайда бір нәрсенің мәні ашылғанда, қайғы үстіне қайғы жамалды: өлген балалары бір қол, бір аяғы жоқ мүгедек болатын...