
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Енжарлықтың емі
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демегенмен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған әкесі хан елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып, оған баласын бұндай жайттан арылтуды қатаң тапсырыпты.
Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан бұған ешқандай дауа таба алмаса керек. Ең соңында тым болмаса өз басын аман алып қалу үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты.
Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жеткенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға:- Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші?- деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, өрістегі малдарға қарап қалыпты.
Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқаусызда тереңірек бір жыраға түсіп кетіпті. Малға қарап отырған данышпан өзіне табыстап кеткеннен кейін ұялғандықтан жыраға түсіп, әлгі лақты алып шықпақ болып әрекет жасай бастапты. Лақты жырадан сыртқа алып шығу оңайға соқпапты. Көп әуреге түсіп жүріп, өзінің жүрегі аузына тығылып қашып келе жатқанын, еңсесін басқан зіл уайымды, патша әмірінен қатты қорыққандығын-бәрін де ұмытып кетсе керек. Ақыр соңында ақ тер, көк тер болып, лақты арқасына байлап жатып әрең сыртқа алып шыққан данышпан бұл әрекеттен өмірдің бір шындығына көз жеткізгендей болыпты.
Қойшы бала тамағын алып ауылдан шауып келгенде малын өзіне табыстаған күйі данышпан дереу еліне қайтыпты. Келе сала патша ордасына ат басын тіреп:- Мен сіздің балаңыздың емін таптым,-депті қуанғаннан жүрегі жарыла жаздап.
Патша маңайындағы уәзірлердің бәрімен данышпанның сөзіне құлақ қойғанда ол өз емін:
«- Тақсыр, балаңызды бойкүйездік пен енжарлықтың шырмауынан арылтатын бірден-бір тәсіл - оған жауапты бір жұмыс тапсыру. Балаға жүктер істің жауаптылығы неғұрлым көбірек болған сайын баланың да өз бойындағы бойкүйездіктен соғұрлым арылары сөзсіз. Балаңыздың салғырттық пен болбырлыққа салынуы- жұмыссыздық пен қолы бостық салдарынан. Балаңыз берілген жұмысты қолға алып, өзінің ол жұмысқа деген жауапкершілігін сезіне кіріскен кезде уақыт та сондық жылдам өтіп, оның өмірге деген қызығушылығы мен құлшынысы да арта түседі,-деп түсіндірген екен..»
«Жұмысы жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын» деген Абай атамыз осы бір шындықты дөп басып айтқан-ау.
Әділ би
Бір күні бір кісі базарға барып жылқы сатып алыпты. Үйге әкеліп қараса, сатып алған аты ауру екен. «Қой, бұны тез апарып иесіне қайтып өткізбесем болмас» деп жолға шыққанда, ойына алдымен төреші биге соғу түсіп, мән-жайды түсіндіріп, куәландырып алмақ болыпты. Алайда биге барғанмен ол күні биді өз орнынан таба алмай кеш батып кетіп, ат жайы келесі күнге қалыпты. Келесі күні қараса, ауру ат өліп қалыпты. Содан биге барып болған жайды тегіс баяндапты. Би әлгі адамның әңгімесін тыңдап болғаннан кейін:- Сенің атыңның ақшасын мен төлеп беремін,-депті. Таңғалған ат иесі:- Неге сіз төлеуге тиіссіз? Бұл жерде сіздің ешқандай кінаңыз жоқ қой?- дегенде, би:- Қалайша менің кінам жоқ, сен алған аттың ауру екенін біле сала кеше мені іздедің, ал мен өз орнымда отырғанымда, онда барып атты сатқан иесіне қайтартып, ақшаңды алып берер едім. Мені кеше таба алмауың себепті сен бүгін осындай күйге түсіп қиналып отырсың. Сондықтан бұл жердегі үлкен кінә- ол менде, сол үшін де өз кінамды мойындап өлген аттың ақшасын мен төлеуім керек,- деп түсіндірген екен.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген осы.