
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Сиқырлы күш
Әмударияның бергі жағында бір жас жігіт, арғы жағасында бір әдемі жас қыз тұрыпты. Екеуі бір-бірін ұнатқаны соншалық, ғашықтық сезім бойларын бірден шарпып, бір-бірін көрмесе тұра алмайтын күйге жетіпті.
Жас жігіт кеш батса болды, Әмударияны жүзіп өтіп, сүйіктісіне барады екен. Таң қылаң бере бастаған кезде ғашығының бетінен шөп еткізген жас жігіт асау толқындарға қарамастан бергі жағаға қайта жүзіп өтетін көрінеді. Түндер осылай бірінен соң бірі өтіп жатыпты.
Жас жігіт бір түні тағы да Әмударияны кешіп өтіп, сүйіктісіне барыпты. Таң ағарып ата бастағанда қайтпақ болған жігіт қыз бетінен енді сүйіп қоштаспақ болғанда, жүзіне барлай көз салып тұрып: «Сенің бір көзің соқыр ма еді?»,- деп сұрапты бұрын аңғармағандығына таңғала. Орнынан атып тұрған қыз бірден: «Өтінем, бүгін дарияға бармашы?» деп жалыныпты.
Жас жігіт қызды тастап, Әмудариядан өтпек болғанда, малти алмай суға батып кетіпті...
Сөйтсе, жас жігіт негізінен суда жүзуді білмейді екен, тек сүйіктісіне деген құлай сүю мен көзсіз ғашықтық қана оны Әмудариядан алып өтетін болса керек.
Дәндер
Сол күні таңертең күн де арқан бойы көтеріліп, жер бетіне бойындағы бар мейірім- шуағын ерекше бір жылылықпен төге бастаған болатын. Қали аға таңғы намазын оқи сала бірден жолға шықты. Егіс алқабына жетер-жетпестен басын көтеріп, күнге қарады.
- Құдайға шүкір,- деді сосын ақырын ғана күбірлеп.
Мәшинеде отырып ұйқысынан енді оянған кішкене Ермек таңғалғанын әкесінен жасыра алмады.
- Қараптан қарап тұрып неге шүкір еттің, әке?
Қали аға күлімсіреген күйі баласына көз тастап: - Шүкір ылғи да айтылуы керек, балам,- деді,- Өйткені біз Аллаһ Тағала нәсіп еткен нығметтерді ылғи да өз кәдемізге жаратамыз. Саған бес минут дем жетпей қалса не болар еді?
Ермек иығын қиқаң еткізіп, ернін тістеледі.
- Қайдан білем, онда өліп қалатын шығармын..
- Міне, көрдің бе?- деді әкесі сөзін жалғап,- Шүкір етуге татитын өте көп нығметке иеміз...
Сөйтті де терең тыныстап:
- Жаңа мен күн нығметіне шүкір еттім,- деді.
Ермек әлі де әкесіне таңырқай қарап, одан көз алар емес. Әкесі сөзін қайта жалғады:
- Күн болмаса жердегі дән жан алып, өспес еді..
Ермектің ұйқысы шайдай ашылып, бар ойының астаң-кестеңі шықты. Шынымен де, жерге еккен дән өспей қалса, адамдар мен қоса бүкіл жан-жануарлар аштан қырылмай ма?! Онда мынадай жайма-шуақ өмір де болмас еді.
Таңғала әкесінен сұрады:
- Онда топырақ та, су да нығмет екен ғой, иә?
Әкесі күліп, оның шашынан сипады.
- Әрине, балам,- деді сосын,- дәл солай!
Егіс алқабына да жеткен болатын. Қали аға дән салынған қаптарды мәшинеден түсіріп, соқаны әзірледі. Кішкене Ермек болса алда қандай іс күтіп тұрғанын тағатсыздана тосты.
- Мен де дән егейінші, әке! Еккен дәндерімнің өскенін көріп қуанатын боламын!
- Әрине, егесің,- деді әкесі.- Бірақ бірден емес. Егілген дән берекетті болу үшін алдымен дұға оқып, бет сипау керек. Сен бар да көлеңкеде кішкене дем ала ғой, мен бір екі бас намаз оқып, дұға жасайын. Содан кейін бастаймыз.
Ермек көлеңкеге барып отырды. Бүгінгі көп нәрсе үйренгенін айтсайшы! Әкесімен бірге егіс алқабына келгені мұндай жақсы болар ма?! «Ағаларым да келгенде ғой, шіркін!» деп ойлады. Бірақ артынша «Олар менен үлкен ғой, мен білетін нәрселерді онсыз да білетін шығар» деп жұбатты өз-өзін іштей.
Әкесі намазын оқып болып, қол жайып күбірлеп дұға оқып отырған болатын. Бір мезет Ермектің есіне әлдене түскендей селт етіп «Әкем осы дұға оқығанда не айтады екен?» деген қызықты ой қылаң ете қалды. Қасына барып ол да тізе бүкті. Күбірлеп айтылғандардың бәрі естіліп-ақ жатыр:
«- Я, Аллаһ Тағала! Жерді де, көкті де, тауды да, тасты да, не нәрсе болсын бәрін жоқтан бар ғып жаратқан сенсің. Мен болсам- сенің әлсіз, дәрменсіз ғана құлыңмын. Қазір топыраққа егейін деп отырған дәндерімді сенің шексіз құдыретің мен мейіріміңе арқа сүйеп барып тастап, бір өзіңе аманаттамақпын. Оларды өсіріп, өндіріп, берекетті қыла гөр! О, Жаратқан, біз сенің көмегіңе мұқтаж пендеміз...»
Дұға біткенде Ермек те әкесінен көргенін істеп, кішкене қолдарымен бетін сипап, «әумин!» деді. Сол күн Ермек үшін ұмытылмастай қызықты болып өтті. Ол да әкесі секілді уыс-уыс дән шашты. Жерді соқамен жыртқан сайын әлгі дәндердің топырақтың астында қалай қалып қоятындығына көз алмай қарап, қызықтаумен болды.
Кешке үйге келгенде сол күнгі көргендерін түгелдей шешесіне айтып берді. Ағалары болса, бұл таңғала әңгімелеген нәрселерді күлкіге айналдырып, келемеждесті.
Қали ағаның егістік жерімен қоса бір бақшасы да бар болатын. Сол жылы егінімен бірге әлгі бақшасы да жақсы жеміс салды. Күз келіп, бірнеше күннен кейін жемістерді жинау керек болатын. Ертеңгі аста сол жайтты тілге тиек еткен баласы:
- Әке, - деді аса жақтырмаған дауыспен,- жемістерді жинап алып жылдағы әдетің бойынша биыл да елге таратып бермейтін шығарсың?!
Әкесі күлді.
- Әркім өз ризығынан дәм татады, балам. Әрине, мұқтаж адамдарға керегінше беремін.
Ортаншы баласы да ағасының сөзін қоштап сөзге араласты.
- Ала жаздай терді біз төгіп, қызығын бөтен ел көру керек пе?! Одан да сатып өзімізге ақша жасамаймыз ба?!
Қали аға балаларына ренішпен көз тастады.
- Егер бұл ниеттеріңнен қайтпасаңдар бәрінен де қағыласыңдар, балам. Мен неше жылдан бері зәру адамдарға қанша көмектесіп келемін, еш қыжалат та тартқан емеспін. Көрші ақысы деген болады, бұны ұмытпаңдар! Уысың ашық болған сайын ырысың арта түспесе кемімейді...
Әкелерін оңай көндіре алмайтындықтарын білген балалары орындарынан тұра жөнелісті. Қали аға жылы жымиған қалпы қасында отырған кішкене Ермектің басынан сипап:
- Сен оларға ұқсама, балам,- деді. Алаған қолға қарағанда береген қолдың жоғары тұратынын ұмытпа!
Жиын- терін басталған күні Қали ағаның бақшасы мерекеге бөленгендей еді. Қажетінше жеміс алмақ болған ауыл адамдары Қали ағаның көмегіне зыр жүгіріп жүрген болатын. Балалар да жерге түскен жемістерді жинасып, тоя жеп мәз болысты.
Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Мұң-мұқтажға қай кезде де қол ұшын созуға дайын Қали аға кенеттен ауырып, сол қыс қайтыс болды.
Бақша мен егін күтімі енді балаларына қалды.
Бір күні ең үлкен ағасы барлық інілерін шақырып алып сөз бастады:
- Әкеміздің жіберген қателігін біз енді қайталамайық. Маңдай терімізді төгіп, аянбай жұмыс істейік. Сөйтейік те, елге бір тиын да татырмастан сол күйі өзіміз ғана пайдаланайық, міне, сонда ғана шіреп баюға болады!
Бәрі бірауыздан қоштағанда, Ермек қана қарсы шықты.
-Мен олай ойламаймын,- деді ол өз ойын бүкпестен,- егер көп пайдаға кенелейік десек, онда алдымен шүкір етуіміз керек. Содан кейін дән жерден нәр алып, өсуі үшін, кейін берекетті боп, бәрімізге пайдалы болу үшін дұға оқуымыз керек. Жемісті жинаған кезде қажетінше көрші-қолаңдарға да үлестіргеніміз жөн.
Бұны естіген ағалары кішкене Ермекке дүрсе қоя беріп, ұрса жөнелді.
- Шынашақтай боп ақыл айтқышын өзінің!- десті.
Арада біраз жылдар өтті.
Шаруа балалары бір күні егінжайға барғанда өз көздеріне өздері сенбеді. Еккен бидайлары шықпай жатып қурап, түкке жарамсыз боп қалыпты. Олар өздерін жұбатып:
- Бұл жылы жаңбыр жөнді жаумады,- десті.
Кішкене Ермек қана істің астарын сезгендіктен әлгі айтылғанға мырс етіп күліп, басын шайқады. Өйткені ағалары бұл жылы егін егерде дұға оқымақ түгілі «бисмиллаһ-ты» да ауызға алмаған болатын.
Сөйткенше жиын-терін науқаны да келді. Ағалары ауылдағы ешкімге тіс жармастан ертеңгісін ертемен тұрып бақшаға барды. Бұл жерде де олар қатты өкінішке ұрынғандықтан шарасыздықтан жағаларын ұстасты. Өйткені аяқасты шыққан өрт бүкіл бақты сол күйі көк түтін мен күлге айналдырған болатын.
Екі көзге ерік беріп, бәрі отырып жылай бастады. Ермек қана жігерлендіріп, оларды жұбатты:
- Зиянға енді ұрынбаудың жолын қарастырайық,- деді ол аузы күйген ағаларын ақылға шақырып,- Тойымсыздық пен ашқарақтықты қойып, келіңдер одан да әкеміздің жолымен жүрейік!
Ағалары да оның айтқанына көніп, қателіктеріне өкініш білдіріп тәубаға келісті. Бұдан кейінгі уақытта тер төгіп еңбек етіп, берекетті Аллаһтан күтетін болды. Аллаһ Тағала да, әрине, өзіне қол жайып, күндіз-түні тілеу тілеген жандардың тілегін қалыс қалдырмасы белгілі. Олардың да тілегін қабыл алды. Көп өтпей-ақ мол ырысқа қайта кенелген олар бүкіл ауыл болып бақытты өмір сүре бастады...
Иә, қасиетті Құранда жазылған «Шүкір ете білгенде ғана Жаратушының несібе-ризықты арттыратындығы» осындайда анық ұғылса керек. .