Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Кешіру де зор сауап

Сахабалардан Хазіреті Әнас әңгімелеуде:

Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.а.с.) бірге болатынбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай түсіндірді:

О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ Тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп:- Я, Рабби, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер,- деп өтінеді.

Аллаһ Тағала: - Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар,- дейді.

Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі:- Я, Аллаһ Тағала! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой?- дегенде Аллаһ Тағала бірінші адамға қарап:- Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, бұған не дейсің?- деп сұрайды. Сонда бірінші адам:- Олай болса менің күналарымнан өзіне алсын,- дейді.

Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн- аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін ары қарай жалғастырды:

Сол кезде Аллаһ Тағала ақысы кеткен адамға:- Басыңды көтер де Жұмаққа қара!- деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі:- Я, Аллаһ Тағала! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие?- деп сұрайды.

Аллаһ Тағала:

- Бұлар маған өтемін төлегендер үшін,- деп жауап береді.

- Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді?- деп сұрайды адам.

- Қаласаң бұған сен де ие бола аласың,- деп жауап береді Аллаһ Тағала.

- Қалайша?- деп таңырқайды адам. Сонда Аллаһ Тағала:

- Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң,- деп жауап береді.

- Олай болса мен оны кешірдім,- деп жауап береді әуелгісі.

- Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар!- деп бұйырады Аллаһ Тағала.

Сөйтті де Пайғамбарымыз(с.а.с.):

«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да сендер де араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ Тағаланың өзі мүьминдердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!»,- деді.

«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой, сірә?!

Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:

- Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз ашпасын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

- Я, Расулаллаһ! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді,- деп өтініш білдірді.

Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған да рұқсат бермеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.):

- Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. Күні бойы кісі етін жеген адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып асқазандағының бәрін сыртқа шығарсын,- деді.

Әлгі кісі қыздарына Пайғамбарымыздың айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар да айтқанды сол мезет орындап өздерін күштегенде сол күйі қан құсқан болатын. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға айтқанда, ол:

- Құдіреті күшті Аллаһ Тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол күйі қалып кеткенде Тозақ отына отын болар еді, - деген болатын.

Иә, оразаның да өз оразасы бар...

Иә, ораза тек тамаққа ораза емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана нағыз ораза болмақ.