Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Жазасын тартқызған жауапсыздық

Қауырт жұмыспен жүріп сағаттың бес болғанын түнгі кезекшіліктегі медбике келгенде бір-ақ білдім. Бала емдеу қызметі емханадағы ең бір шаруасы тығыз, сапырылысып қайнап жататын қызмет болғандықтан енді ғана күні бойғы аяқ алыс саябырсып, емхана іші бір сәт тыныштыққа бөленген кез болатын. Мен де кешкі емімді жасап болып, уһ деп дем алып, бір кесе шаймен жан шақырайын деп офиске бет алдым. Емдеу бөлмесінен шыққанымда шаршағаным соншалық, үсті-басымды реттестіріп, өзіме қарауға да мұршам болмады. Офиске келгенім сол-ақ екен телефон тағы безілдеп қоя берді. Отырған орнымнан әрең дегенде тұрып, телефон тұтқасын көтергенімде ар жақтағы дауыс аяқ асты көлік апаты болғанын, апатқа ұшыраған жолаушылардың ішінде кішкене балалардың да бар екенін, балалардың тамырын табу қиынға түскендіктен шұғыл түрде көмекке келуімді өтінген болатын. Бар шаршағанымды ілезде ұмытып, уақытында үлгерейін деп дереу бөлмемнен шығып бара жатқанымда кезекші дәрігердің ми хирургына телефон соғып, келетін-келмейтіндігі жайында керілдесіп жатқандықтарын құлағым шалып қалды. Кезекші дәрігердің ренжіп айғайлаған даусынан құлақ тұнғандай еді:

-Енді не қыл дейсіз?! Сонда не, қараусыз бұл адамдардың бәрі өлсін дейсіз бе?! Ештеңені білмеймін тез келіңіз!..-Қонаққа баратындығыңызда менің шаруам жоқ! Өте маңызды қонақасы болса, алдын ала кезекшілігіңізді біреумен ауыспадыңыз ба?!..-Сіз «Гиппократ» антын бермеп пе едіңіз?!

Олар осылай айғайласып жатқанда мен келген лифтімен тез арада төменгі қабатқа түсіп, жүгірген күйі жедел жәрдем көрсетуге кеттім.

Айналаның бәрі қан. Улаған-шулаған ел. Жылаған дауыстар. Әркім өз жақындарын іздестіріп жатқан бұл көпшіліктің ішінде жөні дұрыс не істеу керектігін біле алмай дал болдым, дегенмен бәрі де қолынан келгенше бір-біріне көмектесіп жатқан болатын. Жедел жәрдем көлігінде орын қалмағандықтан келген өз жақындары да дәрігерлік жәрдем көрсетілгеннен кейін жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізісіп жатты. Алғашқы көмек жасалғанмен қатты жараланғандардың арасында жағдайы тым қиын, ет жақын ешкімі жоқ 15-16 жасар бір балаға көзім түсті. Ми хирургы қызмет орнына әлі келе қоймағандықтан бала шетке шығарылып қойылған-ды. Жараланғандарға қолымнан келгенше ем жасағаннан кейін әлгі баланың қасына барып, оны ақырын сөзге тарттым. Ол менің бар айтқанымды түсінгенімен жауап бере алатын күйде емес еді. Оның өмірінің соңғы сәттері екендігін сезгендіктен іштей қайғырып, жалғыз тастауға дәтім бармады. Мен оған қарап жатқанда жедел жәрдем көлігі де босап, жаралалылар керекті ауруханаларға жеткізілген болатын. Баланың жағдайы тіптен нашарлап кетті. Ол менің қолымды қатты қысқан күйі «кетпе» дегендей көзінен жас парлап жатты. Мен еңкейіп оның бетінен сүйдім.

- Қорықпа, сені тастамаймын, бәрі де жақсы болады,- деп оны жұбатқан сайын бұрын-соңды көрмеген, маған бейтаныс бұл балаға ерекше бір жақындық сезіндім, оның қиналғанына өзім де одан бетер қиналғандай күй кештім. Миы зақымданғандықтан әрі ең қиын сәтте жақындары болмай жалғыз қалғандықтан бала қатты қиналумен болды. Онымен тағы қанша уақыт бірге отырғандығым есімде жоқ, бірақ ол бұл дүниемен әлдеқашан қош айтысқан болатын. Мен болсам келмеген ми хирургын іштей қарғап-сілеумен болдым. Сөйткенше ми хирургы да келді. Маған өлген балаға жапқан матаны алғызды. Матаны алғанымда келген дәрігер бір ауыз тілге келмеген күйі сылқ етіп жерге құлаған болатын. Не болғанын түсінбедім. Үлкен қонақасыдан келген еді, арақ-шарап ішіп қойды ме екен, жоқ әлде, жүрек талмасы ұстап қалды ма екен деп ойлап тұрғанымда басқа дәрігерлер мәселенің мән-жайын ұғып та үлгерген еді. Келген ми хирургы жаңа ғана ми жарақатынан қинала жан тапсырған баланың әкесі екен! Өкінішке орай, өз қызметіне салғырт қарағандықтан өз баласын ажалдан арашалауға қол ұшын бере алмай өмір бойы өзегін өртер өкініште қалды.

Жалғыз баласының күйігінен жүрек талмасына шалдыққан әлгі дәрігер қайтып қызмет орнына орала алмады...

Сен қайтадан есіме түстің, Еркін!

Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, бір сағаттық дос!

Маған жауапсыздықтың кесірін ұқтырған досым...