Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Бағаңызды біліңіз

Ғұлама кісі бір жолғы кеңесін отырғандарға 50 долларлық ақша көрсетумен бастапты. Екі жүзге жуық тыңдаушыға:- Мына ақша кімге керек?- деп сұрақ қойыпты. Әр жерден қолдар көтеріле бастайды.

Ойшыл кісі:- Ақшаны қол көтергендердің біреуіне берерім анық. Алайда мен бұл ақшаны берместен бұрын былай істесем ше?-дейді. Сөйтеді де ақшаны бүктеп мыжғылаған күйі:- Ақшаны әлі де алғысы келіп тұрған адам бар ма?- деп қайта сұрайды. Қолдар қайта көтеріледі. Ойшыл кісі:-Ал бұл ақшаны бүйтсем ше?-дейді де, бұл жолы умаждалған ақшаны жерге тастап аяғымен таптап, езгілеп, кірлетеді. Бірақ ақшаны алмақ болып қол көтергендер қатары әлі де сирей қоймайды.

Сонда ойшыл кісі өз ісінің астарындағы мәнді былайша түсіндірген екен:

- Жолдастар, сіздер бұл жерден өте маңызды мына жайтты үйрендіңіздер. Мен ақшаға не істесем де сіздер оны алмақ болып қол көтердіңіздер. Өйткені менің істеген нәрселерім ол ақшаның құнын жоя алған жоқ. Ол сол күйі 50 доллар болып қалды. Өмірімізде де көбіне-көп күйкі тіршіліктің күйбеңімен жүріп қатты қиналамыз, жадап-жүдеп өз-өзімізді әбден жерлейтін кездеріміз болады, тауымыз шағылып, мазамыз қашып, істеген істерімізге әттегенайлап сан соғатын, өмірден баз кешетін кездерміз жиі болып жатады. Алайда бұлардың ешқайсысына таусылудың қажеті жоқ. Жерге екі бүктетіліп жығылсаңыз да, кірленіп яки таза болсаңыз да ешқашан бағаңызды жоғалтпайсыз. Сіздің қаншалықты бағалы екендігіңізді сізді жақсы көретіндердің ылғи да білетіні анық!

«Тесік түйме жерде қалмас» деген осы.

Бес маймыл мен банан

Бес маймылды бір торға кіргізген мамандар, ортаға жіпке байланып салбырата ілінген банандары бар текпешек қойыпты. Текпешекке шығып бананды алмақ болған маймылдарға сырттан суық су шашып тұрса керек. Бананды алам деген маймылдардың барлығы да соңында суға малмандай болыпты.

Біраз уақыттан кейін араларынан әлі де қайтпай бананды алмақ боп ұмтылған маймылды өзге маймылдар өздері-ақ текпешекке жақындатпай қақпайлайтынды шығарыпты.

Әлден кейін сырттан шашылатын су тоқтатылып, іштегі су болған маймылдардың біреуі тордан шығарылып, сырттағы құрғақ басқа бір маймылмен ауыстырылыпты. Торға жаңа кірген маймылдың көзі бірден бананға түсіп, әуелгі ісі соны алмақ болып текпешекті бойлап тұра ұмтылыпты. Бірақ, бір қызығы, іштегі төрт маймыл оған үзілді-кесілді қарсы болып, бананға ұмтыла берген әлгі маймылды жақсылап тұрып ұрып тастапты. Енді тағы бір маймыл ауыстырылып, торға екінші жаңа маймыл келеді. Ол да еш ойланбастан бірден бананға секіргенімен, қалғандары оны да жабылып тұрып сазайын береді. Ең бір тістене, айызы қанып ұрғаны бірінші болып кіріп таяқ жеген құрғақ маймыл болыпты. Тордағы маймылдардың тағы біреуі ауыстырылғанда, ол да кіре сап таяқ жейді.

Торға жаңа келген екі маймыл үшінші боп келген маймылды неге сонша ұрғандықтарынан мүлдем хабарсыз.

Ең соңында тордағы әлі ауыспаған төртінші, бесінші маймылдар да ауыстырылып, жаңалары әкелінеді. Олардың басына да сол күн туғанда, төбелерінде бір шоқ банан ілініп тұрса да, оны енді алуға ешқайсысының жүрегі дауаламаған көрінеді.

Неге? Білесіз бе? Өйткені бұл өзі осы уақытқа дейін осылай болған, бұдан кейін де олар үшін дәл осылай жалғасатын дүние болғандықтан...

«Құйрығын ұстатпайтын дүние-боқ» деп бекер айтпаған.