Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817.15 Кб
Скачать

Тесік шелек

Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Сау шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша, жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.

Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,- депті назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?»,- деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандықтан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды толықтай ала алмай келесіз»,- дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы»,- депті жай ғана.

Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе?- деп сұрапты,- бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі,- деп сөзін жалғастырыпты,

- Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсаң, күн сайын біз өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдерден апарып, қожайынды таңғалдыра, дастарханын жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда қожайынымыздың үйінде бұндай әдемілік болмас еді»,- деп түсіндірген екен.

Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне мәлім кемшіліктерінің болары сөзсіз. Алайда кемшіліктен қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Қайта сол кемшіліктен де адам өзіне қажет үлгі ала білсе, оның да басқалардың қуанышына жарамасына кім кепіл?!

700 Жылдық насихат

Төмендегі жазу- атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб- Алидың насихаты.

Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады.

Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күштілік пен ақылдылықты қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.

Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа!

Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.

Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыларсың.

Үш кісіге жаның ашысын:

Надандар арасындағы ғалымға,

Байлығынан қол үзген кедейге,

Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге.

Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!

Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!»