
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
5 Маңызды сабақ
Бірінші сабақ. Атын біліңіз.
Мектепте екінші тоқсан соңында мұғалім бізге тест сұрақтарын таратты. Мен мектептің ең жақсы оқушыларының қатарында едім. Сұрақтың бәріне мүдірместен шапшаң жауап беріп келіп, соңғы сұраққа келгенде аңқидым да қалдым. Ол- «Күнде мектепті тазалайтын әйелдің аты кім?» деген сұрақ болатын. Ол сұрақты мен іштей әзіл шығар деп түйдім. Әлгі тазалықшы әйелді, әйтпесе, күнде-ақ көретінмін. Ылғи еденді тазалап, жуып жүретін. Бойы ұзын, шашы қара болатын. Жасы шамамен елулерде болу керек. Бірақ атын кім біліпті?! Соңғы сұраққа жауап берместен парағымды мұғалімге тапсырдым. Емтихан уақты бітерде «Соңғы сұраққа да жауап беру керек пе?» деп сұраған парталасыма мұғалім «Міндетті түрде» деген еді.
Жұмыс істеп жүріп көп адамдармен кездесесіз. Бәрі де бір-біріне ұқсамайтын адамдар. Алайда олардың барлығы да сіздің жылы қабақ танытып, көңіл бөлуіңізге тұратын кісілер. Олармен жай ғана күлімсіреп, амандасып өте шығу жеткіліксіз екен.
Осы бір сабақты өмір бойы естен шығарған емеспін. Әлгі әйелдің атын да. Оның аты «Дороти» болатын.
Екінші сабақ. Жақсылық жасауға құмарту. Ақы күтпеу.
Бір күні түн ортасына жуық «Алама» көлікжолының шетінде тұрған қара нәсілді әйелді көрдім. Селдетіп құйған жаңбырға қарамастан бұзылған мәшинесінің жанында тұрып, әр өткен көлікке бір қол бұлғап, тоқтатуға тырысуда еді. Қасына барып тоқтадым. 60- жылдары қара нәсілді әйелге ақ нәсілді адамның қайырылып тоқтап, әрі Алабамада қайырымдылық жасауы үш ұйықтаса түске кірмейтін жайт болатын. Оны қалаға дейін жеткізіп салдым. Түсерде адресімді айтуымды өтінді. Бердім.
Бір апта өткенде есігім қағылды. Қарасам, біреулер менің үйіме үлкен қымбат теледидар түсіріп жатыр екен. Қасына тілдей қағаз жапсырылыпты: «Өткен жолы мені ала кетіп, жасаған жақсылығыңызға көп рақмет айтамын. Селдетіп төккен жаңбыр киімдерімді ғана емес, ішкі жан-дүниемді де суға малып кеткендей еді. Өз-өзіме деген сенімімнен енді жұрдай күйге түсерде сіз шыға келдіңіз. Сіздің арқаңызда өлім аузында жатқан күйеюіме дәл уақытында жетіп үлгердім. Сәлден кейін-ақ көз жұмды. Тәңір маған көмектескен сізді де, еш қайтарым күтпестен жақсылық жасайтын өзгелерді де жарылқасын! Ең ізгі тілектермен- Нат Кинг Кол ханым. »
Үшінші сабақ. Қызметіңізге жараған кісілерді ылғи да есте ұстаңыз!
10 жасар бала тәтті сататын дүкенге келді. Даяшы қыз бірден қызметіне жүгірді. Бала:- Шоколад қанша тұрады?- деп сұрады. Қыз:- 50 цент.
Бала қалтасындағы майда ақшаларын алып санай бастады.
Қайта сұрады: - Ал, балмұздақ қанша тұрады?
- Ол 35 цент,- деді сабырсызданған даяшы қыз. Өйткені дүкенде алушылар көп болғандықтан қыз жалғыз өзі бәріне бірдей жүгіріп қызмет көрсетуде болатын. Кішкене бала үшін қанша көп уақтын бөлсін?!
Бала қалтасындағы ұсақ тиындарын тағы бір санап: - Бір балмұздақ беріңізші?- деді. Бала отырған үстелге қыз балмұздақты тез-ақ әкеліп, бағасы жазылған қағазды қасына қойып кетті. Бала балмұздағын жеп бітті. Бағасын барып кассаға төледі.
Даяшы қыз үстелді тазалауға келгенде, көзі шарасынан шыға таң қалды. Өйткені әлгінде ғана ақшасын қайта-қайта санап, шоколадқа жетіп тұрса да балмұздақ алған бала бұған өзіне көңіл бөлгендігін бағалаған кейіпте 15 цент ақша тастап кеткен болатын.
Төртінші сабақ. Жолдағы кедергілер.
Баяғыда бір патша сарайға әкелетін жол үстіне үлкен тас қойдырыпты. Сөйтіпті де, өзі терезе алдына отырып, не болатынын бақылапты. Небір саудагерлер, керуен басылар, сарай қызметкерлері таңертеңнен түске дейін хан сарайына ағылып келіп жатқанымен бәрі де қойылған әлгі үлкен тасты жолдан алып тастаудың орнына айналып өтіпті. Кейбіреулері тіпті патшаның елден сонша салық алатынын алайда жолдағы мына тасқа келгенде неғып көрмей отырғанын айтып тіл де тигізіпті. Ең соңында бір шаруа адамы шыға келіпті. Әлгі кісі жолдағы үлкен тасты көргенде, қолындағы заттарын жерге қоя сала бар күшін сала итеріп, әупіріммен тасты жол шетіне шығарыпты. Сөйткенше болмай, тастың бұрыңғы орнында тұрған бір кесе алтынды көріпті. Қараса, әлгі кеседе: «Бұл алтын- тасты жол шетіне шығарған адамдыкі» деген патша жазуы бар екен. Қуана алтын толы кесені қолына алған шаруа жайы күнделікті өмірде көңілге түйе бермейтін мына бір қанатты сөзді еске түсіргендей: «Алдымыздан шыққан әрбір кедергі- өмір жағдаяттарын жақсартуға берілген мүмкіндік.»
Бесінші сабақ. Жанашырлық таныта біліңіз.
Осыдан бірнеше жыл бұрын емханада жұмыс істегенімде ауыр күйдегі бір қыз жеткізілген еді. Оның ендігі өмір сүруі үшін бес жасар інісінен құйылатын қанға байланысты болатын. Өйткені бес жасар бала да алдында дәл солай ауырып-жазылғандықтан оның қаны әлгі микроптарды жоя алатын күште болатын. Дәрігер жағдайды түсіндіріп, баладан әпкесіне қан беруін сұрады. Сәл ойланып қалған бала күрсінгендей кейіпте: «Егер әпкем жазылар болса, берейін» деді. Қан беріп жатып бала әпкесінің бетіне күлімсірей қарап тұрды. Қыздың еріндеріне жан кіре бастағанда, баланың реңі бірте-бірте солып бара жатты. Тас-түйін боп бекінгендік болар тіпті күлімсіреуін де қойды. Дірілдеген дауыспен:- Бірден өліп кетем бе?- деп сұрады.
Сөйтсе, бала дәрігерді қате түсініпті, денесіндегі бүкіл қанын әпкесіне беріп, өзім өліп қалам ба деп ойлаған екен.