
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Қайсысы шәйіт?
Әмір Темір Халеп қаласын басып алған кезде көптеген мұсылмандардың қаны судай аққан еді. Соғыстан кейін дін адамдарын шақыртып алған ол:
- Соғыс кезінде сіз бен бізден көп адам өлді. Айтыңдаршы, кәне, осылардың қайсысы шәйіт болды?- деп сұрады.
Сонда Ибнушахнә орнынан тұрып:
- Сізден яки бізден өлуінің ешқандай мәні жоқ. Кім Аллаһ Тағаланың ұлы есімін асқақтату ниетімен соғысқан болса сол ғана шәйіт болды,- деп жауап берген екен.
Расында, кәміл мұсылманның тілегі шәйіт өлім ғой.
Күндік өмірің болса...
Мекке...
Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгімелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір кесе алтын ұсынды.
Жігіт:
- Рақмет,-деді,- маған оның қажеті жоқ!
- Сонда да, ал, - деді әлгі кісі,- қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей- кепшіктерге үлестірерсің?
Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кесе алтынды тұтастай сол күні-ақ өзі білетін мұң-мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді.
Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп:
- Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас па еді?- дегенде, жас жігіт:
- Мен таңғы өмірімнің кешке дейін жетер-жетпесіне сенген емеспін,- деген екен.
«Күндік несібе Құдайдан» деген сөздің мәні осы болар.
Шындықтың құдыреті
Бір қатыгез әкім бар еді. Осы әкім бір күні қызметшілерін жіберіп рухани алып, әулие кісі Хасан Басриді ұстатпақ болған еді. Ол болса кезінде шәкірті болып, дәрістерін тыңдаған Хабиб-и-Ажемидің күркесіне барып жасырынды.
Әкімнің адамдары келіп қатуланып:
- Хасан Басриды көрдің бе?- деп сұрады.
Хабиб-и-Ажеми болса:
- Иә,-деді жай ғана.
- Қайда ендеше?
- Міне, мына күркемнің ішінде отыр...
Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды іздегенмен таба алмай сыртқа шығып:- Әй, ақсақал, неге өтірік айтасың?- деп дүрсе қоя берді.
Хабиб-и-Ажеми:
- Жоқ, мен өтірік айтпадым. Өздерің көре алмасаңдар мен қайтейін?- дейді.
Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша қарағанмен бұл жолы да таба алмаған болатын.
Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден шыққан Хазіреті Хасан Басри:
- Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Аллаһ Тағаланың мені әлгілерге көрсетпегенін білем. Алайда менің орнымды неге айттың? Ұстаздық ақымды ескермегенің қалай?- дейді ренішпен.
Сонда Хабиб ұялған пішінде:
- Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме бола емес, қайта шындықты тура айтқандығымыздан болса керек. Өйткені шыншылдардың көмекшісі Аллаһ Тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дірдектетіп сізді де мені де алып кетер еді,- деген болатын.
Қандай да бір қатыгездің қолынан құтылу үшін өтірік айту керек болса да, ең дұрысы Аллаһқа деген тәуекеліңіз бекем болса шындықты айтқан жөн.
Құлшылық құр қалдырмас
Бір дәруіш ертеңгісін үйден шыққан сайын әйеліне жұмысқа кеткендігін айтқанымен өзі бір ғибадатханаға барып күні бойы құлшылық жасайтын еді. Кешке үйіне қайтқанда әйелі:
- Үйде тіске басар ештеңе қалмағандығын білесің. Бос қайтқаның қалай?- деп сұрағанда ұялғандығынан:
- Мен барып жалданып жұмысын істеп жүрген қожайынның мәрттігінде шек жоқ. Тіпті мен одан ақша сұрауға да ұяламын. Ай соңында ақымды толығымен бір-ақ берер,- деп жалтарған еді.
Ай соңы келгенде күндегісінше тағы да ғибадатханасына барып құлшылығын жасады. Алайда кешкісін үйіне қайтқанда айдың соңы келгендігі есіне түсіп не істерін білмей іштей қатты қысылды. Жабырқаған қалпы жолда келе жатты. Үйіне жақындағанда дәмді бір тамақ исінің шығып жатқандығын сезіп таңғалды. Күлімсірей есікті ашқан әйелі күйеуіне былай деді:
- Кімге барып жұмыс жасап жүрсің, отағасы-ау, расында да өте жомарттығы көрініп тұр. Түс әлетінде жүздерінен нұр тамған екі кісі келіп есікті қақты да «Мына заттар сіздің күйеуіңіздің айлық ақысы. Егер бұдан кейін де жұмысын арттыра түссе алатын ақысы да көбейе түспек» деді де жаңа сойылған қойдың етін, әртүрлі тағамдар, еш дәмін татып көрмеген жемістермен қоса бір кесе алтын қалдырып кетті. Кім де болса бір Аллаһ разы болғыр екен, тура біздің аш отырғанымызды білгендей әкелгенін қарашы...
Әйелінің бұл айтқандарын тыңдаған дәруіш Аллаһқа шүкір етіп, құлшылығын жалғастырған екен...
Иә, Аллаһ Тағаланың неге де болса құдыреті жетпей ме?
ІІ бөлім.