
- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Әке мен бала
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Құлшылық пен құрмет
Хазіреті Әбу-л- Хасани-л- Харқани әңгімелеуде:
Ағалы- інілі екі жігіт бірге тұратын. Олардың күтімге аса зәру кәрі шешелері бар еді. Түннің бір уағына дейін жігіттердің біреуі анасына қызмет етіп зыр жүгіретін де, екіншісі қол қусырып Құдай алдындағы құлшылығын жасап намаз оқитын. Күн сайын құлшылық жасап көңлі рухани шабытқа шалқыған ағасы бір күні кеш бата інісіне:
- Шешемізге бүгін де өзің қарашы,- деді,- мен күндегідей таң атқанша ғибадат жасайын.
Інісі келісті.
Ағасы ғибадат жасап отырып ұйықтап кетті. Таңғажайып түс көрді. Түсінде бір дауыс оған: «Ініңе үлкен кешірім жасадық. Ініңді сыйлағандықтан сені де кешірдік» деген еді.
Ғибадат жасаған жігіт бұған таңғалды, сөйтті де:
- Қалайша?- деп сұрады,- мен болсам күн демей түн демей Аллаһқа құлшылық жасаймын. Інім болса жай ғана шешемді күтумен болады. Ініме деген құрмет үшін мені кешіргендеріңіз қалай?
Өктем үн қайта естілді:
- Иә,- деді сосын,- Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз. Алайда қол күтімге анаңның қатты зәру болып отырған жайы бар…
Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бір хадисінде «Жұмақ-аналардың табанының астында» деп бекер ескертпесе керек..
Алтын қорған
Хазіреті Сүфиян-ы Сәуридің бұ дүниелік дәм-тұзы таусылуға жақын өмірінің соңғы сәттері болатын. Жастығының астынан бір кесе шығарды. Іші толған алтын еді. Жанындағы достарына: - Мынаны садақа ретінде таратыңдар,- деді.
Бұл жайтқа достары таңғалға:
-О, тоба! Біз білетін хазіреті Сүфиян-ы Сәури бұ дүниелік еш нәрсеге пысқырып қарамаушы еді, осыншама байлықты сақтап келгендігінің себебі не болды екен?- деп бір-біріне қарасты.
Олардың таңданысын байқаған Сүфиян- ы Сәури өз ісінің астарын сонда былай деп түсіндірген екен:
- Мен бұл ақшамен дінімді қорғаштадым. Шайтан мен нәпсімнің аузын аштырмадым. Қашан нәпсім мен шайтан маған: «Ей, сіңірі шыққан пақыр, қашанғы киер киім мен ішер асқа жарымай жүре бересің? Одан да ақша тап!» деп маған дүниелік желік берген сайын мен оларға алтын толы кесемді көрсете маңайыма жолатпаушы едім. Бұл алтындарды мен соларға қарсы қару ретінде қолданып келдім...
Алтындар садақа ғып үлестірілгеннен кейін хазіреті Сүфиян- ы Сәури де мәңгілікке көз жұмған болатын..
Несібе дұғамен келе ме?
Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп:
- Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп Аллаһқа дұға етіңізші?- депті жалынып.
Сонда Имам тұрып: - Жоқ!- депті,- саған ешқашанда бұндай дұға ете алмаймын!
Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде:- Неге?- деп сұрапты.
Сонда Имам Садық:
- Бұл мәселеде Аллаһ Тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Рызық- нәсібелеріңді жатпай- тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып рызық- несібем маған өзі келсін дейсің. Осы да жөн бе?!- деп ұялтқан екен.
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген емес пе халқымыз?!
Әбабил құстарының жеңісі
Хабешистан (Эфиопия) патшасының Йемендегі басшысы Әбраха миләди 570- жылдары Сана қаласында «Құллейс» деп аталатын керемет бір шіркеу салдырған болатын. Ойы- Қағбаға барушыларды осы шіркеуге қарату еді. Оның бұндай ниетін жақтырмаған біреу түнде әлгі жаңа салынған шіркеуге кіріп, дәрет сындырып кеткен болатын. Ертесі бұған қатты ашуланған қарадүрсіндеу христиан Әбраха атой салып, Қағбаны тас-талқан ғып қиратпақшы болды. Жинаған он мың әскерімен (алпыс мың екендігі де айтылады), «Махмұд» деген ірі пілмен қоса тағы да бірнеше пілдермен Меккеге қарай жолға шықты. Алдынан шыққан кейбір күштерге бой берместен алға жылжи берді. Тайыф қаласына жеткенде әскерлерінің бір бөлігін Меккеге жіберді. Олар барған күйі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы, Құрайыштардың басшысы Абдулмутталибтің екі жүзден аса түйелерін, онымен қоса сол маңайдағы ел-жұрттың да бар малын айдап әкетті.
Түйелерін айдап әкете салып Абдулмутталиб бірден Әбрахаға жолыққан болатын. Түйелерін кері қайтаруды сұрады. Әбраха болса:- Менен түйелеріңді ғана сұрап, Қағба жайлы жақ ашпағаның қалай? Мен оның күлін көкке ұшырып қиратуға келіп тұрғам жоқ па?- деді. Оған Абдулмутталиб болса:- Мен- түйелерімнің ғана егесімін, ал Қағбаның қорғаушы иесі – Аллаһ Тағала,- деп жауап берген болатын.
Кездесуден кейін Абдулмутталибтің түйелері кері қайтарылды. Мекке халқы болса өздерінен әлденеше есе үстем бұндай күшке төтеп бере алмасын біліп, арадағы келісім бойынша тауға шегініп, нәтиженің қандай боларын күтті.
Әбраха жасағы ең ірі пілді алға салған күйі Меккенің шекарасына аяқ басты. Қағбаны жуан темірлермен шандып байлап, пілдерге тартқызып жықпақ ниеттерінен әлі қайтпаған еді. Дәл осы кезде Әбраханың жол сілтеушілерінің бірі Нүфайл ибн Хабиб ірі пілдің құлағынан тартып бірнәрсе деп айтты да жүгіріп тауға шыққан күйі: - Ей, Махмұд! Шөк! Алдыға жылжушы болма! Аман- есен тұрғаныңда кері қайт!- деп дауыстаған болатын.
Сол сол-ақ екен, Меккеге кіре берісте ең үлкен піл тартыншақтай бастады. Қатты қинағаннан кейін жерге жатып алды. Не істесе де оны ешкім біртүрлі Қағбаға қарай аяқ бастыра алмады. Дәл осы мезет топ болып ұшып келген «Әбабил» құстары аспанда қаптап кеткен болатын. Әрқайсысының ауыздары мен аяқтарында қойдың құмалағындай майда тастар бар еді. Ұшып келген бойда сол тастардан жау әскерінің үстіне қарша боратты. Тас кімге тисе де денесін тесіп өтіп жатты. Бір демде-ақ әскерлердің көбісі қырылып қалды. «Піл жасағының» қалғандары болса жан сауғалап, Йеменге қашты. Әбраханың өзі де қайтар жолда өлді.
Қағба болса сол баяғы қалпында тұра берді. Құрандағы «Піл» сүресі осы бір тарихи оқиғаны баяндауда30.
Жұмақтық көрші
Елдің өзі туралы не ойлайтындығын білгісі келген бір патша қаланы аралауға шығыпты. Ел танымасын деп үстіндегі киімдерін ауыстырыпты. Қасына қызметшілерінің біреуін ертіпті. Қыс кезі болғандықтан қатты суық болса керек. Жолшыбай бір мешітке соғыпты.
Мешіттің бір бұрышында екі кедей кісі отыр екен. Баратын басқа жерлері де жоқ болатын. Ақырын қастарына барған патша әңгімелеріне құлақ түреді.
Кедейлердің қалжыңқой біреуі даладағы суықты тілге тиек етіп:
- Ертең Жұмаққа барсам біздің патшаны соған кіргізбес едім. Жұмақтың есігіне жақындағанын көрген бетте етігімді алып жіберіп ұрар едім!-депті.
Бұны естіген екіншісі таңғала:
- Е, оны неге Жұмаққа кіргізбейсің?- деп сұрапты.
- Қалайша кіргізем,- депті сонда біріншісі,- Біз мына жерде суықта тісіміз тісімізге тимей сақылдап жаурап отырғанымызда ол мамық төсегінде жатқан шығар шіреніп. Ондай адам маған қайтіп Жұмақта көрші болмақ?! Маған ондай көршінің қажеті жоқ!
Екеуі күліседі.
Бұны естіген патша қызметшісіне:
- Мына екі кісіні танып ал, ұмытпа!- деп тапсырады. Сөйтеді де сарайға келіп адамдарын жібереді. Әлгі екі пақырды алғызады.
Патша бізге не істер екен деп есі шыққан олар қатты қорыққан болатын. Алайда оларды жұмсақ тамақ пен жайлы төсегі бар бөлмеге құрметпен алып кіргенде таңғалысады. Оларға:
- Сіздер осы жерге жатып, жақсылап тамақтанасыздар. Тынығыңыздар, «Жұмақта бізге көрші ете гөр!» деп патшаға дұға етуді де ұмытпағайсыздар,- делінеді.
Патша не деген қайырымды жан еді десеңізші?
Кедейлер мен мұң-мұқтаждарға көмектесудің үлкен сауап екендігі жайында Пайғамбарымыздың мынадай бір өнегелі хадисі бар:
«Бір мүьминді дүниелік қиыншылықтардан құтқарған адамды Аллаһ Тағала да Ақыреттік қиыншылықтардан құтқарады»